Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]

Сабақ жоспары "Халық ауыз әдебиеті"

Вы сможете скачать через 0 сек.

17.09.2017, 14:23

Пәні: Қазақ әдебиеті
Сыныбы: 6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Халық ауыз әдебиеті.
Сабақтың мақсаты:
БАҚ материалдарындағы ауыз әдебиеті үлгілерін қолдана отырып, оқушылардың ауызекі сөйлеу, логикалық ойлау қабілеттерін арттыра білу, өз ойларын жеткізе білуге баулу. Оқушылардың тіл байлығын дамыту; Оқушыларды ауыз әдебиетінің үлгілері арқылы елжандылыққа, ұлтын сүю қасиеттерін арттыруға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Слайдтар, кесте, суреттер, тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика, орыс әдебиеті.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, баяндау, талдау – жинақтау.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Жаңа сабақ.
«Әдебиет» сөзі араб тілінен аударғанда «асыл сөз» дегенді білдіреді. Барлық жұрттың әдебиеті сияқты қазақ әдебиеті де екіге бөлінеді: біріншісі – ауыз әдебиеті, екіншісі — жазба әдебиеті. Ауыз әдебиеті – елдің жазу өнерін білмей жүрген кезінде шыққан сөз өнері. Жазу өнері болмаған соң, елдің тарихы, өмірі, тұрмысы, салты, туған жері, өнері, арманы, әдемі, мәнді әңгімелермен айтылған. Ауыз әдебиетінің сөздерін шығарушылардың аты - жөндері бізге белгісіз. Олар басында ауызша шығарылған және бір ауыздан екінші ауызға көшіп, ауызша айтылумен сақталған. Ал жазба әдебиетінің авторлары бар.
Топпен жұмыс: Ауыз әдебиетінің түрлерін топтастыру
Ауыз әдебиетінің түрлері

Тұрмыс - салт жырлары
мақалдар
жұмбақтар
ертегілер
мәтелдер
аңыз - әңгімелер
айтыстар
шешендік сөздер
3. Халық ауыз әдебиеті – халықтың рухани асыл қазынасы.
3 слайд. Мақал – мәтелдердің тақырыптары: еңбек, ерлік, жақсы мен жаман, достық, ақыл, білім, Отан т.б. Халық ауыз әдебиеті – халықтың ғасырлар бойы ауызша шығарып, сақтап келген әдебиеті, рухани асыл қазынасы. Ертегі, мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаш, аңыз әңгімелер ұрпақтан-ұрпаққа жеткен.
Оқушылардың жауаптарын, пікірлерін тыңдау.
5. Жұмбақтар әлемінде.
« Ана тілі», «Арқа ажары» газеттері материалдарымен жұмыс.
• Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой) Ана тілі №29, 2012 жыл
• Өзі «әліптің» таяғы,
Жалғыз көзді баяғы,
Қойсаң егер арқандап, ісіне көңіліне тояды. (Ине)
7. Логикалық жұмбақтарды шешу.
Бір-біріне жұмбақ жасырады.
Келесі жұмбақтарды шешу барысында, ойланып жауап беріңдер. Бұлар «
Құпия» жұмбақтар.
v Шығыстан батысқа қарай электрпойызы 60км/сағат жылдамдықпен жүріп келеді. Оған қарсы бағытта сағатына 50 км жел соғып тұр.
Пойыздың түтіні қай бағытқа бұрылады?
Жауабы: Электрпойызы түтін шығармайды, ол тоқпен жүреді.
v Ағаш басында 7 торғай отыр еді, оған тағы да 5 торғай қосылды. Мысық келіп біреуін ұстап алды. Сонда барлығы қанша торғай қалды?
Жауабы: Барлығы ұшып кетті.
v Үш адам өздері ұстаған 3 үйректі пісіріп жеді. Алайда, үстелде тағы 2 үйрек қалды. Олар қайдан келді? Бөлмеге басқа адам келмегені анық.
Жауабы: Дастарқанда 2 үйректің суреті салынған болатын.
v Жер бетіндегілер қандай ауруға ұшырамайтындығын анықтаңыздар.
Жауабы: Теңіз ауруына
v Құстар оңтүстікке неге ұшып баратындығын табыңыздар.
Жауабы: Олар жаяу жүріп бара алмайды.
8. Жаңылтпаштар әлемінде. Жаңылтпаштар да халық ауыз әдебиетінің бір түрі.
Оларды тез, яғни шапшаң, дұрыс айту керек. Газет материалдарымен жұмыс. Слайд.
• Көпке бекер өкпелеме,
Өкпе етпе,
Тектен – текке өкпелетпе.
(Ана тілі № 25, 2011 жыл).
• Алтын айдар тұлымын,
Талмай қарап, құлыным
Тұяғымен от көсеп,
Күнге тікті құрығын.
( Ана тілі №29, 2012 жыл)
• Арқада алты арқар бар,
Қырқада қырық арқар бар.
Қырық арқада ақ арқар бар,
Алты арқада марқа арқар бар.
( Ана тілі №11, 2012жыл)
Жаңылтпаштардың тақырыбын, мазмұнын анықтаңдар. Өз ойларыңды айтыңдар.
9. Қорытынды .
10. Бағалау. Бір оқушы қалғандарының жауабына баға береді.
11. Үйге тапсырма беру. Шағын шығарма жазу.

Категория: Казахский язык | Добавил: armansafura
Просмотров: 178 | Загрузок: 40 | Рейтинг: 0.0/0
Случайные материалы:
Всего комментариев: 0
avatar