Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]

Қазіргі шешендіктің түрлері

Вы сможете скачать через 0 сек.

17.09.2017, 14:10

Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 11-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазіргі шешендіктің түрлері
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға қазіргі шешендіктің түрлерімен таныстыру арқылы олардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Сөз нормасын сақтауға,мәдениетті сөйлей білуге тәрбиелеу. Оқушылардың сөздік қорларын дамыту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау
Сабақтың түрі: Аралас сабақ («Алтын қақпа» ойынының бағытымен өткізіледі)
Сабақтың көрнекілігі: Жаңа технологияның элементтері арқылы жасақталған танымдық қабілеттерін арттыру бағытындағы жатттығулар. Оқулықтар,жаңа сабаққа байланысты материалдар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
-оқушылармен амандасу
-сыныпты түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасы
1. Шешендік өнер туралы түсінік
2.Ұлттық шешендік өнер
3. Шешендік сөздерден мысалдар айту
ІІІ. Жаңа сабақ
Қазіргі шешендіктің түрлері
1.Білім –ғылым мазмұнды шешендік: дәріс, ғылыми баяндама,ғылыми мақала т.б
2.Әлеуметтік –саяси шешендік:саяси шолу,әскери-патриоттық сөздер,конференция баяндамалары т.б
3.Әлеуметтік тұрмыстық мазмұнды шешендік:бата,тілек,аза сөздер,мақала,баяндама,очерк т.б
4.Діни мазмұнды шешендік:діни уағыз,иман,құран сүрелері
5.Сот ісі шешендігі: айыптаушының сөзі,қорғаушының сөзі,қорғанушы мен айыпкердің сөзі
ІҮ. Шығармашылық жұмыс
1._____ сипаттағы шешендік мынадай түрлерге бөлінеді:
1)Дәріс, 2)ғылыми баяндама,3)ғылыми хабарлама,4)ғылыми шолу,5)ғылыми-көпшілік
2. Әскери –патриоттық тақырыптағы шешендік ___ ___ сарбаздардың рухын сергіту үшін қолданылған
3. Әлеуметтік –тұрмыстық мазмұнды шешендік сөздерге көрнекті қоғам қайраткерлерінің,____,____ , ғалымдардың, басқада айтулы тұлғалардың мерейтойларында айтылатын сөздер жатады
4.___ ___ шешендікке діни уағыздар,діни мейрамдарда _____ ____ айтылатын тілек сөздер,құран сүрелері жатады.
5.Сотта қолданылатын шешендік сөздерге ____мен ___ ,____ мен ____ сөздер жатады.
27-жаттығу
Жалаңтөс баһадүр – Тұран өркениетінің ұлы перзенті
«Алтын қақпа» ашу үшін тест тапсырмасын орындаймыз
Тест сұрақтары
1.Қазақ шешендік өнері неше кезеңнен тұрады?
А) 4. Ә) 6. Б) 5.
2.”Шешеннің ең ұлы қасиеті – қажет нәрсені ғана айту ғана емес,сонымен бірге қажеті жоқ нәрсені айтпау” деген кімнің сөзі
А) Цицерон Ә) Бэкон Б) Платон
3. Қазақ шешендік өнерінің бірінші кезеңі қай ғасыр аралығында болған?
А) X X ; Ә) XI- XII ;Б)XY- XI;
4. Хан жағынан елдік мәселелерді кеңесіп, ақылдасып отыратын билер кеңесі құрылған.Оны қалай деп атаған?
А) “Жеті санат” Ә) “Жеті жарғы”
Б) “Ханабад
5.1783 – 1797 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілістің ту ұсаушысы кім болды?
А) Досбол Қорлыбай Ә) Балаби Есенәлі Б) Сырым Датұлы
6.Білімдік –ғылымдық сипаттағы шешендік неше топқа бөлінеді?
А) 5; Ә)4; Б) 3;
7.өнер адамдарының т.б сөздері шешендіктің қай түріне жатады?
А) Діни мазмұнды Ә) Әлеуметтік –тұрмыстық мазмұнды Б) Сотта қолданылатын
8. Дәріс,ғылыми баяндама, ғылыми шолу, мақала шешендіктің қай түріне жатады?
А) Білім-ғылым мазмұнды Ә) Әлеуметтік -саяси мазмұнды
Б) Сот ісі шешендігі
9. Діни мазмұнды шешендікке не жатады?
А) бата, тілек Ә) саяси шолу, репортаж Б) иман, тілек
10. Айыптаушының сөзі, қорғаушыныі сөз шешендіктің қай түріне жатады?
А) білім-ғылым Ә) сот ісі Б) әлеуметтік
Бекіту: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
Бағалау. Оқушыларды сабаққа қатысу деңгейіне қарай бағалау.

Категория: Казахский язык | Добавил: armansafura
Просмотров: 256 | Загрузок: 44 | Рейтинг: 0.0/0
Случайные материалы:
Всего комментариев: 0
avatar