Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]

Қазақша туыстасудың ерекшеліктері

Вы сможете скачать через 0 сек.

16.07.2017, 14:53

«Отан отбасынан басталады» демекші қазіргі кезде отбасының тәрбиесіне, туыстық қарым-қатынасына көп көңіл бөлініп жатыр. Осыған байланысты біздің ата- бабаларымыздың туыстыққа аса көп көңіл бөлетіндіктері негізгі айғақ болған. Сондықтан отбасының осы бір дәстүрі кейінгі ұрпаққа мирас болатындай ата- бабаларымыздың мұрасы іспеттес. Кейбір отбастарында туыстық қарым- қатынас мәселелері өз күшін жойып жібермесе де, әлсіретіп алғаны өтірік емес. Келер ұрпаққа осы бір құндылығымызды жоғалтпауымызды насихаттау- өміріміздің өзегіне айналды.
Соның бірі «Қыз Жібек» жыры . Күйеуінің елін Жібек - өзінің қорғаны деп біледі. За¬рыға күткен Сансызбайы келгенде Жібек еш ой¬ланбастан қайнысымен бірге қашуға бел байлай¬ды. Өйткені, ол, бірінші¬ден, Төле¬ген¬нің "өліп кетсем, артымда еш жа¬ман¬ға қор қылмас Сан¬сыз¬бай атты інім бар" деген өсиетін орындауы керек. Екіншіден, Жібек туыстықтың салты бойынша, өзін Жағалбай¬лының жесірімін деп есеп¬тейді.
«Абай» эпопеясында халқымыздың осыған орайлас қадірлі дәстүрін танытатын мынадай бір тағылымды эпизод бар. «...Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен, 13 жасар шәкірт бала – Абай аттан түскен бетте, амандасу үшін, шешеге қарай жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан: «Әй балам, анда әкеңдер тұр, әкеңе барып, сәлем бер!» – дейді. Бір сәтке балалық сезім жеңіп, қателік жіберіп алғанын түсінген жас Абай кілт бұрылып, ортасында әкесі Құнанбай бар шеткерірек тұрған оқшау топқа қарай адымдай жөнеледі». Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов
мұны халықтың жүрекке жылы осындай тамаша дәстүрінен хабардар ету үшін ғана емес, оның тәрбиелік зор маңызын жоғары бағалағандықтан да келтіріп отырғаны анық.
Туыстық, отбасылық қарым-қатынасты білдіретін этикет тілдік бірліктері қазақ халқының өмірінде жиі қолданылады. Бұл сөздердің негізгі қызметі назар аударту болғанымен, олардың барлығының, әсіресе балаларға қарата айтылатын сөздердің тәрбиелік қызметі де аса күшті.Туыстық атауды білдіретін мұндай сөздер адамның лауазымын, мінез-құлқын т.б. да қасиеттерін білдіретін сөздермен тіркесе жұмсалады. Қазақтарда балаларға қатысты айтылатын еркелету мағынасы бар қаратпалар: балақай, көкетай, балапаным, жарқыным, қарашығым, қарағым, қалқашым, шырағым, көкетай, құлыншағым, ботақаным, қоңыр қозым, қошақаным.
Зерттеу барысында әжемнен сұхбат алдым. Біздің жеті атамыз, шыққан тегіміз және өзінің нағашы мен қайын жұрты туралы әжем толық түсіндірді.

Категория: Казахский язык | Добавил: 87754104111 | Теги: г. Астана, ул. Желтоксан д.9
Просмотров: 293 | Загрузок: 91 | Рейтинг: 0.0/0
Случайные материалы:
Всего комментариев: 0
avatar