Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]


Сабақтың тақырыбы: Асанқайғының Жерұйықты іздегені.Сыныбы: 5 «а» , «ә»
Вы сможете скачать через 0 сек.
29.09.2016, 20:01
Күні: 29.10.2015 Пән: қазақ әдебиеті Сыныбы: 5 «а» , «ә»
Тақырыбы: Асанқайғының Жерұйықты іздегені.
Мақсаты: Оқушыларға аңыз – әңгімелер туралы түсінік беру, Асан қайғы туралы аңыздармен таныстыру, оларды тілдік тараптан талдауға үйрету.
Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Күтілетін нәтиже 1.Асан қайғы туралы оның кім екені және әдебиеттегі орны туралы білім алады.
2.Қазақстанның табиғаты әсем жерлері туралы білімін кеңейтеді.
3. Ел қайғысына ер қайғыра білетін ,елін жерін сүйетін азаматтар тәрбиеленеді.
Керекті жабдықтар Проектор,ресурстар,түрлі түсті стикерлер.
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу.
«Шаттық шеңбері» трининг өткізу. (сабаққа сәттіліктер айту)
Оқушыларды топқа бөлу.
Оқушыларды ІІІ топқа бөліп отырғызамын
І топ: «Асан қайғы» тобы.
ІІ топ: «Жиренше» тобы
ІІІ топ: «Қорқыт ата» тобы. Мұғаліммен амандасады.
«Шаттық шеңбері»

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.


Үй тапсырмасын пысықтау.
Аңыз кейіпкерлерін
топтастыру.
Аңыз дегеніміз не және оның кейіпкерлері туралы мәліметтер жинап айту еді.
Сол мақсатта оқушылардың үй тапсырмалары тыңдалады.
І топ: «Асан қайғы» туралы мәлімет айту.
ІІ топ: «Жиренше» туралы мәлімет айту.
ІІІ топ: «Қорқыт ата» туралы мәлімет айту.

І топ:
Асан Қайғы Сәбитұлы ІІ топ:
Жиренше шешен ІІІ топ:
Қорқыт Ата


Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындап үй тапсырмасын пысықтайды.

Әр топ мүшелері көршілес топтың жауаптарын тыңдай отыра, оларға қол соғып құрмет көрсетеді.

Әр топтан кез –келген оқушы аңыз кейіпкерлерін білсе толтырып айтады.

ІІІ. Жаңа тақырып
Асанқайғының жерұйықты іздегені.
Тақырыптың мақсатын түсіндіру.
Оқушыларға тақырыпты оқуға 4 минут уақыт беріледі. Оқып болған соң интербелсенді тақтадағы тірек сызбадағы тор көздерге әр елді мекендерге барып баға берген сөздерін толтырады. Сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жазып алады.

Өздері оқып,тірек сызбаны толтыру.


Негізгі бөлім
Топтық тапсырма
Тапсырма:
Асан Қайғының барған, баға берген жерлеріне географиялық тұрғыдан сипаттама беру.

І топ: «Асан қайғы» тобы: Шыңғырлау ,Маңғыстау
ІІ топ: «Жиренше» тобы: Жезқазған ,Жетісу
ІІІ топ: «Қорқыт ата» тобы: Аспара, Баянауыл , Жуалы

ІІІ топқа жұмыстануға 5 минут уақыт беріледі.

Керекті көрнекіліктер, географиялық кітаптар осы тапсырмаға байланысты пайдалануға жазып алуға беріледі.


Топқа берілген тапсырманы барлығы бірлесе отырып, шешіп, пікірлерін ортаға салады. Содан соң Әр топтан екі оқушыдан шығып тапсырманы қорғайды

Сабақты бекіту.
«Ыстық орындық» әдісі


Әрбір топтан бір оқушыдан шығып қарсылас топтардың сұрақтарына жауап беріп жаңа тақырыпты қалай меңгергендігін бақылаймын
Оқушылар ыстық орындыққа отырып, қарсылас топтардың сұрақтарына жауап беріп білімдерін кеңейтеді.
Бағалау. Мұғалім әр топтың сабаққа қалай қатысқандығы жөнінде оқушылардан пікірін біліп сұрап кетеді. Әр топ бір –біріне өздерінің сабаққа қалай қатысқандығын айтып баға береді.
Үйге тапсырма


Өзіңнің туған жеріңе Асанқайғыша баға беріп көр. Суретті пайдаланып, шығарма жазу. Эпиграф етіп Асанқайғының бір сөзін алуға тырыс. Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Үздік көшбасшыны анықтау. Сыныпта ең жақсы қатысып отырған оқушыны анықтау тапсырылады.
Категория: Казахский язык | Добавил: shohan86 | Теги: Қысқа мерзімді жосапр
Просмотров: 919 | Загрузок: 381 | Рейтинг: 0.0/0
Случайные материалы:
Всего комментариев: 0
avatar