Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык


Менің болашақтағы ауылым (шығарма)
27.02.2016, 12:35

Мен үлкейгенде егер бастық, немесе басқа қызметте болсам, ең бірінші ауылымды көркейтуге бар күшімді салар едім. «Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз»- дегендей ең бірінші ауылға назар аударар едім.

«Бірінші байлық денсаулық!»- демейме атам қазақ. Біздің мектепте спорт зал және басқа да спорт түрлеріне арналған жабдықтар мүлдем жоқ. Егер жастардың дені сау болса онда ұлттың саулығы. Денсаулық ең басты байлық! Денсаулықты жас кезіңде күтпесең онда кейін өміріңе кері әсер береді. Тіпті қазақтардың орташа өмір сүру жасы төмендеп кетуі мүмкін.

Сондықтан бірінші кезекте мен спорт залын салып халқымның өмірін кішкене болса да, ұзартар едім. Мен осы ауылда туып, өскелі бері спорт зал дегенге мүлдем кіріп көрмеппін. Біздің ауылдан ешқандай спортшы шыққан жоқ. Егер спорт залдар болса, жерлесіміз Теңізбаевтардың қаншасы шығар еді бәлкім. Тіпті биыл болған XXX “LONDON 2012”жазғы олимпиада ойындарында жолдама алар ма еді. Әрине бұл біздің арманымыз. Денсаулық әр адамға қымбат Алла Тағала жаратқаннан кейін бір күн болса нұрлы өмірдің қызығын көру керек. Мен барша Қазақстандықтарға мықты денсаулық тілеймін!

Категория: Казахский язык | Добавил: oryn | Теги: ауыл, Сочинение
Просмотров: 1286 | Загрузок: 622 | Рейтинг: 0.0/0
Случайные материалы:
Всего комментариев: 0
avatar