Главная » Файлы » сообщество учителей » менторинг [ Добавить материал ]

Шеберлік сыныбы «Формативтік бағалаудың технологиялық тәсілдері»

Вы сможете скачать через 0 сек.

05.12.2017, 17:13

Қазіргі уақытта қоғамда бес баллдық бағалау жүйесімен қанағаттанбау тенденциясы орын алған, себебі бұл жүйе ғалымдардығң пікірінше , оқушы жетісітігінің әртүрлі деңгейде болатынын анықтай алмайды. Оқытудағы өзгерістердің тұрғысынан алғанда дәстүрлі бағалау жүйесі тек қана сыртқы бақылауды жүзеге асырады. Оқушыларлың жетістігін мектеп мен мұғалім ғана бағалай алады. Мұғалім үшін әрбір нақты оқушының жетістігін шынайы анықтап, бағалау қиындық әкеледі, оның өткен жолғы көрсеткен қорытындысымен салыстыру да оңай болмайды, оның білімі туралы ақпаратты толық көрсете алмайды, бір сөзбен айтқанда, дәстүрлі бағалау жүйесі шын айтқанда оқушының психологиялық күйзелісіне алып келеді. Мұғалімнің қолындағы психологиялық қысым көрсету, бұрмалау құралы ретінде де орын алатыны құпия емес.Осындай көлеңкелі жағдай мұғалімдер мен оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы түсінбеушілікті туғызады. Мұғалімнің оқушымен кері байланысы көбіне оқушының оқу жетістіктерін жетілдіріп , көмек беру мақсатында емес, әлеуметтік және басқару мақсаттарына бағытталады. Біздің практикада мұғалімдер кейде оқушыларды бір –бірімен салыстырады, нашар оқитын оқушының мұндай кездері тауы шағылады,өзіне деген сенімсіздік пайда болады, ал жақсы оқитын оқушылар үшін де толыққанды даму үшін жағдай туа қоймайды. Оқу процесі барысында оқушылар сапалы білім жетістігіне жете алу үшін заманауи бағалау жүйесі білім беру процесінің барлық қатысушыларына түсінікті, икемді , көпқұралды, психологиялық тұрғыдан жайлы болу керек.

Категория: менторинг | Добавил: ro | Теги: қалыптастыру, Жиынтық, БАҒАЛАУ
Просмотров: 25 | Загрузок: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Случайные материалы:
Всего комментариев: 0
avatar