Главная » Файлы » сообщество учителей » коучинги [ Добавить материал ]


Шеберлік сыныбы "Оқу мен оқытудағы көшбасшылық"

Вы сможете скачать через 0 сек.

23.01.2018, 16:31
Шеберлік сыныбының эпиграфы:
Жетістік – бұл бүкіл әлемде қалыптасқан стандартқа сай болмау. Бұл үздіксіз даму және ӨЗ мақсаттарына жету үшін ұмтылыс
Джон Вон Эйкен
Тақтада төменде аталған ұлы адамдардың суреттері көрсетіледі
Қазақ билері: Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би
Қазақ хандары: Абылай хан, Әбілхайыр хан, Кенесары
3. Ел басшылары: Н.Ә.Назарбаев, Д.А.Қонаев, В.В.Путин
4.Педагогтар: А.Байтұрсынов, Ы.Алтынсарин, А.С.Макаренко
5. Спортшылар:Ж.Үшкемпіров, С.Қонақбаев, И.Ильин.
Осы тұлғалардың барлығына ортақ қандай қасиет бар деп ойлайсыздар? (Әр топ өз ойын ортаға салады )
-Ойларыңыз анықталды. Қазір топтарға ортақ мәтін таратамын және тапсырма мен сурет беремін. Мәтінді мұқият оқыңыздар.

Ы.Алтынсарин «Асыл шөп» әңгімесі
Зылиха мен Бәтима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп, қалаға келе жатыпты-мыс. Зылиха аһлеп-уһлеп, шаршадым деп, Батима күліп, әзілдесіп келе жатады. Сонда Зылиха айтты:
- Сен неге мәз болып қуанып келесің, төбеңдегі жәшіктің ауырлығы да менің басымдағыдан кем емес, өзің де менен күшті емессің.
- Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым,- деді Бәтима.
- Әй, ондай болса шөбіңнің атын айтшы, мен де ауырымды жеңілдетейін, - деді Зылиха.
- Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, аты : сабыр деген, - деді.
1.Мәтінді топ болып оқып жатқанда өзім көшбасшы деп таңдаған топ мүшесінің орындығының сыртына стикерді ешкімге байқатпай жапсырамын.
2. Мәтінді оқып болған соң орындықтарына қарауды ұсынамын кімде стикер жапсырылғанын сұраймын.
3. Стикер жабысқан топ мүшесі көшбасшы болады
4. Көшбасшы тапсырма бойынша мүшелермен ой бөліседі.
5. Барлық ойды жинақтап тапсырманың орындалуын топ атынан көшбасшы айтады.
Мәтін бойынша топтарға тапсырмалар:...
Категория: коучинги
Просмотров: 21 | Загрузок: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar