Главная » Файлы » сообщество учителей » коучинги [ Добавить материал ]

Ата анамен жұмыс (тренинг)

Вы сможете скачать через 0 сек.

04.01.2018, 23:47
. Қарағанды облысы Бұқаржырау ауданы
«Үштөбе жалпы орта білім беру тірек мектебі» (РО) КММ нің қасындағы «Балақай» шағын орталығы
Психолог: Абдикенова Жанар Бейсенбайқызы
Тақырыбы: Тренинг «Балабақша мен отбасы».

Мақсаты: «Балабақша мен отбасы».Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым-қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын ашу.
Барысы: 1. «Шаттық шеңбері»
2.«Танысу» жаттығуы
3.«Жанұя бақыты» тренингі
4.«Сөйлемді аяқта» жаттығуы
5.Ойын «Қай жұп күшті?»
6.«Тілек айту».Қорытындылау.

Психолог: Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану. Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.
Шаттық шеңбері:
Біздің күлкіміз көңілді (қолдарын еріндерінің шетіне жақындатады)
Жеткізсін жылу мен шаттықты.(қолдарын жүректерінің тұсына қояды)
Бөліскен жақсығой өмірде,(қолдарын алға созады,саусақтары күн сияқты)
Қуаныш,мейірім,бақытты.(қолдарын екі жаққа созады)




І. «Танысу» жаттығуы
Ата-аналар өз есімдерін және бойындағы жақсы бір қасиетін атап айту тиіс. Мысалы:Мен Гүлмира Сананын анасы,менің жақсы қасиетім –мен ақкөңілмін...т.с.с

2.«Жанұя бақыты» тренингі
Мақсаты: Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым — қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.
Жаттығудың шарты: «Бақытты жанұя» моделін құру. Яғни, ата-ана өзінің отбасын салу және отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан жағына отбасы сөздері арқылы жеткізу керек.


3 “Сөйлемді аяқта” жаттығуы
— Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі….
— Отбасы бұл…
— Отбасым бақытты болу үшін…
— Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі…
— Мен қалар едім отбасымның…
4.Ойын: «Қай жұп күшті?»
Қазір әркім өзіне серік таңдайды,шарды алып,көңілді музыкаға билеп,шарды жарады.Шардың ішінен тапсырмалар,жақсы тілектер алып шығып ,қалған ойыншыларға дауыстап оқып беру керек.Әр жұп кезектесіп белгіленген уақыттан белгіленген жерге дйін бір-бірін құшақтап шарды жарады,ішіндегі тапсырмаларды орындайды.


5.«Тілек айту» Қорытындылау.
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
Психолог:«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан бір-бірімізге тілек айтып қорытындылайық.
Ата-аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімізді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді. Сау болыңыздар!

Психолог:Абдикенова Жанар Бейсембайқызы.
«Балақай»шағын орталығы
Категория: коучинги
Просмотров: 18 | Загрузок: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Случайные материалы:
Всего комментариев: 0
avatar