Главная » Файлы » Предметы » Математика

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІС ТӘСІЛДЕРДІ МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫҢДА ПАЙДАЛАНУ


12.03.2018, 16:09
«ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІС ТӘСІЛДЕРДІ МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫҢДА ПАЙДАЛАНУ»

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасында рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі деп айтылған. Елбасымыз рухани жаңғырудың бірнеше принциптерін ұсынды. Соның ішінде «Білімнің салтанат құруы». Білімі жоғары адам ғана табысты өмір сүре алады, себебі ол білімінің жоғары деңгейде болуының арқасында өз мамандығын салыстырмалы түрде оңай өзгерте алады делінген.
Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты - сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, білімалушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Осыған орай жаңа экономикалық және әлеуметтік - мәдени жағдайларда Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапаларын арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулер педагогикалық үрдіске жаңа талаптар жүктейді.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін, нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа жүйесіне көшу үшін әр мұғалім, жеке тұлға күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа ақпараттық технологияларға, әлеуметтік, тұлғалық және жеке құзыреттіктерге ие болуы тиіс. Бұл талаптар күнделікті әдістемелік жұмыстың жүйелі түрде ұйымдастырылуы негізінде жүзеге асырылады.
Жаңа ақпаратгық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап, оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату - бүгінгі күннің басты талабы.
Осы мақсатта математика пәнінде әртүрлі әдістермен жүргізуге болады. Оқу - тәрбие үрдісінің сабақта дұрыс жүргізілуі үшін әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін мүмкіндігінше және білімалушылардың жеке жағдайларына байланысты таңдап алуға көп көңіл бөлу керек.
Ақпараттық - коммуникациялық технология-электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электронды оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Оқыту үрдісін ақпараттандыру -қазіргі қоғамды ақпараттандыру үрдісінің бағыты болып табылады. Мұндай даму барысы, сөз жоқ, барлық салалардың да оған ілесуін қажет етеді. Бұл процестен әрине, математиканы оқыту ісі де артта қалмауы тиіс. Математика ны оқытудың дәстүрлі әдістемесіндегі техникалық құралдарды қолдану қатарына компьютерді қолдану мәселесі енді. Оның үйлесімді жолдары болатыны сөзсіз. Міндетіміз де осы айтқанымен байланысы, яғни сол үйлесімді жолдарды тауып, математиканы оқытуда оларды енгізіп, сабақтың неғұрлым сапалы өтуін, білімалушылардың сабақты оқуға деген ынталарын артгыру болып табылады. Әрбір оқытушының негізгі мақсаты-сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, білімалушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Елбасы Н. Назарбаев 2030 жылға арналған стратегиялық жоспарында, оқу іс-әрекетінде айшықты орны бар жеке тұлғаның өзіндік білім алуы, өзін-өзі тәрбиелеуі және өзін-өзі дамытуы бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі екені айтылған.
Математиканы оқыту, оның пән ретінде ерекшеліктеріне сай, қазіргі заманғы ақпараттық технологияны қолдануы жайлы сала болып келеді. Математика сабақтарында ақпараттық -технологияны жаңа тақырыпты өткенде, қорытынды - қайталау сабақтарында және т.б сабақ түрлерінде қолдану өте тиімді. Сабақ барысында слайд-фильмдерді пайдалану, дәстүрлі әдістермен салыстырғанда, сабақтың динамикасын, көрнекілігін, ақпараттың өте жоғары деңгейін және көлемін қамтамасыз етеді, сонымен қатар, тақырыпқа және жалпы математика пәніне қызығушылықты арттырады. Сабаққа дайындық барысында электрондық оқулықтар, Интернет желісінің ақпараттары қолданылады және оқытушы мен білімалушыларға арналған дидактикалық материалдар, оқу-әдістемелік құралдар жасалады. Жаңа ақпараттық технология құралдары оқыту құралы қызметін атқарады. Оларға мыналар жатады. Жаңа ақпараттық технология құралдар.
Технологиялық жетістіктердің бірі -интерактивті тақта білімалушылардың оқыту бағдарламасындағы көмекші құрал. Интерактивті тақтаның маңыздылығы:
- Интерактивті тақтада жазба құралдары, маркерлер, құрал-саймандар панелі қарастырылған.Интернетке қосылу мүмкіндіктері бар.
- Жұмыс материалдарын, ақпаратты оқушыларға тиімді жеткізуге мүмкіндік береді.
- Білімалушылардың зейінін аударуға болады.
- Анимациялық роликтер, коллекциялық суреттерді оқушылар назарына ұсына аламыз.
- Арнайы бағдарламалар әзірлеп, веб сайттар мен кез-келген қосымшалардан ақпарат алып, өңдеу жұмыстарын жүргізуге болады.
Интерактивті тақтаның артықшылықтары:
Оқу ақпаратының ұсыну мүмкіндігін елеулі түрде кеңейтеді түстерді, графикаларды, дыбысты, техниканың құралдарын қолдану қызметінің іс жүзіндегі жағдаятын жасауға мүмкіндік береді.
Интерактивті тақта оқу сапасын күшейтуге мүмкіндік береді және оқу есептерінің ұсыныстарын реттейді.
Оқу материалдарын ұсынумен бірге жауаптарды тіркеп, білімалушы жауаптары мен сұраныстарын талдау мүмкіндігі. Жұмыс барысында білімалушылар тарапынан жасалатын қателерге диагностика жүргізу мүмкіндігі.
Интерактивті тақтамен жұмыс істеу - ол заттар мен құбылыстардың өзіне тән бітімін, сыр сипатын, сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс.
Интерактивті тақта барлық жастағы балаларды оқыту бағдарламасымен үйлесіп оқытудың әртүрлі стильдерін қолдануға мүмкіндік береді. Білімалушылар визуальды материалдарды жақсы қабылдайды, сонымен қатар сабақтың жаңа сырларын, туындаған мәселелерді бірігіп шешуге, талқылауға мүмкіндік алады. Білімалушылар білім алу процесінде бір уақытта оқып тыңдап тапсырмалар алады. Оқытушы қажетті ақпараттарды белгілеуге және зейіндерін аударуға барлық идеалдарды байланыстырып немесе олардың айырмашылықтарын ойластырып талқылауда әртүрлі түстер интерактивті тақтада қолайлы орындалады.
Мундай мәліметгерді физикалық, химиялық, математикалық формулалар, шамалардың өлшем бірліктері, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалық және химиялық құбылыстардың динамикалық бейнесі, тәжірибеге арналған құрылғылардың тізімі, аспаптардың сипаттамалары және т.б. жатқызуға болды. Оқытушы араласпай - ақ, білімалушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті ақпараттарды жинақтауда электрондық техникаларды енгізу уақыт үнемдейді, қарастырып отырған жүйе құрамында электрондық құрылғылармен жұмыс дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Математика-білімалушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі буын.
Ол білімалушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды.
Математика пәнінде ақпараттық технологияларды қолдану пәнді оқытуда білімалушыға дүниенің заңдарын терең меңгертіп қоймай, білімалушының ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Өзіне қажетті мазмұны мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады. Сондай-ақ сабақ өтуде интерактивті тақтаны қолдануда сабақ тиімділігін арттырады. Компьютердегі интернет жүйесіндегі ақпараттық мәліметтерді сабақ тақырыбына байланысты қажеттісін таңдап тікелей қолдануға болады. Математика сабағында ақпараттық технологияны тиімді пайдалану - білім сапасының артуына әкеледі.
Жаңа ақпараттық технологияны математика сабақтарында пайдалана отырып, білімалушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға қызығушылығын арттырып, түрлі деңгейдегі есептерді шығарып, оны талдай білуге үйреттім. Логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен ізденуге, компьютерлік сауаттылықтарына жол аштым.
Сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеп келемін. Саналы да сапалы білім алған білімалушы ұлт келешегі.
Категория: Математика
Просмотров: 57 | Загрузок: 6 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar