Главная » Файлы » Рефлексия » учащихся

Астана туған күніңмен!


10.07.2018, 13:54

Тақырыбы: «Астана туған күніңмен!»
Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру. Баланың ізгілік қасиетін дамыту. Ойын арқылы балалардың ой - өрісін, қимылын ұштау. Отанға туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елін, отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан республикасының рәміздері.
Астана қаласының ғимараттарының суреттері, видео ролик, спорттық ойынның құралдары.

Хор: Әнұран

Жүргізуші:
Қайырлы таң балалар!
Қайырлы таң қонақтар!
Сіздерді салтанатты мереке Астана күнімен құттықтаймыз!
Балалар, бүгін бас қаламыз - Астананың туған күні! Астанамыз еліміздің Астанасы болып жарияланғанынада 20 жыл толып отыр. Әрқашан Астанамыз гүлдеп көркейе берсін деген тілекпен мерекелік іс – шарамызды әрі қарай жалғастырамыз. Кәне балалар бәріміз экранға назар аударайықшы. Бұл жерде Астанамыздағы керемет ғимаратды көріп отырмыз.
(Экранда тұрған суреттермен таныстыру)
Балалар, мынау Қазақстанның бас ордасы - Астана. Ол жаңадан бой көтеріп келе жатқан жас қала. Ал мынау - Ақорда үйі. онда біздің елімізді басқаратын елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз отырады. Мынау - Бәйтерек. Ол өте биік, оның биіктігі 105 метр. Мұнараның жоғары жағында шыныдан жасалған алтын шар бар. Мұнараның жоғарғы жағына көтерілсек, Астана қаласы толығымен көрініп тұрады.
Астанамыздың туған күніне орай ителлектуалды ойын: «Зерде» зияткерлік сайысын ұйымдастырып отырмыз екі топқа бөлініп білімдерімізді сынап көрейік.
1. ақ түсті киімдегілер «Астана» тобы
2. жасыл түсті киімдегілер «Бәйтерек» тобы
Олай болса сайысымызды бастаймыз, сіздерге сәттілік.
Сайысымыз 3 айналымнан тұрады. Әр бір қойылған сұрақтарға 1 ұпайдан беріледі.
І - айналым «Ұшқыр ой»
Екі топқа бірдей сұрақтар қойылады. Қай топ білгіні бірінші басып жылдам , нақты жауап берсе сол топ ұпайға ие болады.
Сұрақтар:
1. Біздің елбасымыз кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
2. Еліміздің рәміздерін кім атап береді?(Әнұран, ту, елтаңба)
3. Біздің отанымыз қалай аталады? Ұлтымыз қандай? (Қазақстан, қазақ)
4. Астанамыз қанша жасқа толып жатыр? (Жиырма жасқа)
Ұпайы көп топты мадақтау.
ІІ- айналым «Құпия сандық»
Балалар мен сендердің есепті қалай шығаратындарыңды және аріптерді тани аласындарма соны білгім келіп тұр, олай болса сандарды заттар арқылы қосып, азайтып есептеп көрейік қай топ шапшаң, есепке жүйрік екен?
1. 2 алмаға +1 алманы қосқанда қанша алма болады? = (3 алма)
2. 5 алмадан - 3 алманы алып тастасақ канша алма қалады? = (2 алма)
3. 3 алмаға + 6 алманы қостым қанша алма болды? = (9 алма)
4. 10 алмадан – 7 алманы алып тастасақ қанша алма қалады? = (3 алма)
5. Кері санау 10- 0
Ал енді балалр әріптерге тоқталсақ
1. Мына әріп қалай аталады? (А әрпі) Осы әріпке сәйкес сөздерді атаймыз.
2. Ал мынау қандай әріп ( Қәрпі) осы әріпке сәйкес сөздерді атаймыз.
3. Келесі әріп қандай екен? (Е әрпі) осы әріпке сәйкес сөздерді атаймыз
4. Енді мынау қандай әріп екен (Р әрпі) осы әріпке сәйкес сөздерді атаймыз.
5. Енді мынау қандай әріп екен (К әрпі) осы әріпке сәйкес сөздерді атаймыз
6. Келесі әріп қандай екен? (Е әрпі) осы әріпке сәйкес сөздерді атаймыз

Ой керемет балалар әріптерді атай отырып біз балабақшамыздың атауын жаздық, сендер есептіде жақсы шығарады екесіндер. Мен сендерге алдағы айналымға сәттілік тілеймін.
ІІІ – айналым «Ойлан тап»
Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде яғни (қазақша , орысша) айтуларың керек.
Жұмбақтар:
1. Бірін – бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дас – жаран.
Бұл не екен балалар? (әріп - буква)
2. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш - линейка)
3. Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап - книга)
4. Жолбарыстан аумайды,
5. Тышқандарды аулайды. (мысық – кошка)
Ой балалар қандай керемет сендер білімді екенсіңдер. Сайыс болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді олай болса сайысымызды қортындылау үшін балабақшамыздың аға тәрбиешісі Айнур Асанқызына сөз береміз.
Сайысымыздың соңында Астана күніне арналған балалардың тақпақтарын тыңдайық.

Балалардың тақпақтары:

Ділдә: Елордам менің Астана,
Осында жаңа бастама.
Сәулетті зәулім үйлер көп,
Көрікті сондай жас қала.
Данияр: Арайлы таң Астанам!
Тек өзіңмен мақтанам.
«Бәйтерек» пен «Ақорда»
Жаста болса бас қалам.
Адина: Астанама қарашы,
Елімнің жас қаласы.
Неткенұлы неткен кең?
Қазағымның даласы.
Нұрислам: Арайлы таң Астанам!
Бір өзіңмен мақтанам,
Есіл өзен бойымен.
Көркейген менің жас қалам.
Құралай: Отанымның төрінде,
Ту ұстаған Астанам.
Әсем қалам Астанам.
Інжу: Астанам! Ару қалам, асқақ ордам,
Қалың жұрт, қазағыма қақпа болған.
Ту ұстап, тұлпар мінген бабаларым,
Бермеген ел намысын жатқа қолдан.
Жайна: Арайлы таң Астанам!
Тек өзіңмен мақтанам.
«Бәйтерек» пен «Ақорда»
Жаста болса бас қалам.



Ал енді балалар денемізді шынықтырып спорттық жарысқада қатысып ойнап көрейік. Сайысымыздың әділ қазы алқасы балабақшамыздың дене тәрбие жетекшісі Айсауле Оңболсынқызы.
Спорттық сайыс 4 кезеңнен тұрады:
1. «Су тасу» кезеңі ортадағы үлкен шелектен кіші шелек арқылы өздеріне белгіленген шелекке су тасуларың керек. Қай топтың тасыған суы көп болса сол топ жеңімпаз болады.
2. Ұлттық ойын «Арқан тартыс» екі топ арқанның екі жағынан ұстап тартысады қай топ белгіленген сызықтан қарсы топты өздеріне тартып алса сол топ жеңімпаз болады.
3. «Жас спортшылар» шарты: балалар кедергілер арасымен допты жерге ұрып жүгіріп межені айналып келу.
Сайысымыздың соңғы кезеңі.
4. «Жұмыртқаны түсірме» шарты: кедергілер арасымен қасықтағы жұмыртқаны түсірмей өтіп, қайта келеді. Қай топ ойынды бірінші аяқтаса сол топ жеңімпаз болады.
Осымен бүгінгі спорттық сайысымыз өз мәресіне жетті. Жеңімпаз топты анықтау үшін балабақшамыздың дене тәрбие жетекшісі Айсауле Оңболсынқызына сөз береміз. Рахмет апай!
Жеңімпаз топтың құрметіне бір топ бұлдіршіндердің Қара жорға биін қабыл алыңыздар.
Би. «Қара жорға»
Ән: «Гүл Астана»
Осымен бүгінгі Астана туған күніңмен атты мерекелік іс – шарамыз аяқталды. Келесі кездескеше қош сау болыңыздар!
Енд балалар, Астанамыздағы әдемі ғимараттарды асфальт бетіне бейнелеуге қалай қарайсыңдар?
Балалар: сурет салғымыз келеді.
Олай болса сурет салуға барайық.



Керекті заттар.
Теледидар
Наутбук или двд
Аріптер
(әріп - буква

(сызғыш - линейка)

(кітап - книга)

(мысық – кошка)

Сайыстың заттары (кедергі, меже, қасық, жұмыртқа 3 шелек 2 кішкене шелек арқан)

қара жорға ані
гүл астана әні
әнұран
арасында фон музыка
тақта
сандық
дыбыс
2 парта
Сок
Ұпайға асық жинайтын ыдыс

Категория: учащихся | Добавил: Aigerim | Теги: балабақша, Ертеңгілік
Просмотров: 49 | Загрузок: 30 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar