Главная » Файлы » Рефлексия » родителей

Мектеп пен ата-ана байланысын нығайту жолдары


01.06.2018, 20:44

Жалпы мақсаты Сабақ үрдісінде жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануға негіздеу. Оқушыны дамытатын дағды мен қабілеттерді анықтау. Мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынасты нығайту жолдарын анықтау.
Нәтижесі 1.Оқу үрдісінде әдіс-тәсілдерді қолданудың маңызын түсінеді.
2.Сұрақты нақты қоюдың тиімділігін ұғынады, қолданады.
3.Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қолдануды үйренеді.
4.Оқушының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруды да ата-ананың міндетін, ұстаздық жауапкершілікті түсінеді.
Түйінді идеясы Коучинг – бұл білім алуға және дамуға мүмкіндік беретін үдеріс, сол арқылы мұғалімдер өздерінің кәсіби қызметін жетілдіретін болады. Білімді бірлесіп алуда олар тең құқылы серіктестер болып табылады. Қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру 1.Сәлемдесу. Тренинг «Шаттық шеңбері»
2.Топқа бөліну: «Мектеп», «Ата-ана», «Ұстаз».
3.Топ ережесімен таныстыру.
4.Презентация арқылы таныстырылым.
Тапсырма: «Мектеп пен ата-аналар ынтымақтастығының тиімді жолдары қандай?»
Пікірталас жүргізу.
II.Ой шақыру Тапсырма: Бейнеролик көрсету.
Кқрсетілген бейнероликке сәйкес мұғалімдерге сұрақ қою арқылы тақырыпты ашу. Талқылау.
III.Мағынаны ашу Тапсырма: Ситуациялық сұрақтар
«Ата-ана» топқа – Сынып жетекші сіздің балаңызға өте ренжулі, ашулы. «Сабақта үнемі тәртіпсіздік танытады немесе тентек болады, сабақ оқымайды, оқу үлгерімі нашар» - деген сияқты сөздер айтты.
 Сіздің ата-ана ретінде әрекетіңіз.
«Ұстаз» топқа – Баласы үнемі сабақтан қашып жүретін ата-ана: «Менің ұлым сабақтан неге қашады, пәнге деген қызығушылығы мүлде жоқ, сабақты қызықтыру мақсатында неге түрлі әдістерді қолданып, жұмыс жүргізілмейді, мен баламды мектептен сапалы білім алуға жіберемін. Бұл қалай?»
 Сіз осы мәселеге қандай шешім табасыз?
«Мектеп» топка – Ата-ана келіп, сабақ беретін пән мұғалімінің үстінен шағым айтты.
 Сіздің әрекетіңіз.
IV.Қорытынды Кері байланыс:
4 «Қ»
 Құнды
 Қажет
 Қызық
 Қиын

Категория: родителей | Добавил: IsanovaKunslu | Теги: мектеп, ата-ана
Просмотров: 111 | Загрузок: 46 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar