Главная » Файлы » Рефлексия » учителей [ Добавить материал ]


Бағдарламаның негізгі идеяларымен мектеп тәжірибесін өзгерту.
Вы сможете скачать через 0 сек.
21.10.2015, 21:39

Шотай Гүлнар Бағазқызы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы,Темірлан ауылы,Амангелді атындағы жалпы орта мектебі
Gulnar_shotay@mail.ru

Бағдарламаның негізгі идеяларымен мектеп тәжірибесін өзгерту.
Іс-әрекеттегі зерттеу- бұл өзгерту мақсатындағы араласу.
(Үлестірме материалдары, ІV апта)

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп дана қазақ халқым бекер айтпаса керек.Қазіргі өте жылдам қарқынмен, күн емес сағат сайын өзгеріп жатқан ғылым мен техниканың биік шыңдарға көтерілген заманда, осы ағымнан қалып кетпей қатар жүру үшін еліміздің білім беру жүйесіне өзгерістер қажет деп ойлаймын. Осы орайда «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен анықталады»-деп Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың кезекті Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында мемлекетіміздің өркендеп, әлем елдерімен «терезесі тең» дәрежеде болуына еліміздің білім беру жүйесінің үздіксіз дамуына көп көңіл бөлінетіндігі аталып өтілген.
Менің осы Бағдарлама аясында тиісті білім алып 20 жылдан бері ұстаздық етіп келе жатқан білім ұяма қандай өзгеріс енгізе алатынымды ұғыну үшін ең алдыменен мектеп тәжірибесінде іс-әрекеттегі зерттеуімді мектебімнің бастапқы жағдайын анықтап алуым қажет болды. Өйткені, мен «жекелеген мектепте өзгеріс енгізудің бірінші сатысы –Бірінші деңгей бағдарламасы бойынша оқитын мұғалімнің нақты мектептің жағдайына сәйкес келетін өзгерістерді әзірлеп, енгізу мақсатында өз бетінше мектептің ахуалын шынайы бағалауы болмақ» деген тұжырыммен келісемін. (Мектеп тәжірибе кезіндегі орындауға арналған Тапсырмалар, 5 бет).Зерттеудің осы кезеңінде мектептегі басты проблемаларды анықтап мақсатымды: Мұғалімдер мен оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, мектептегі оқу үдерісінің тиімділігін арттыру деп белгіледім.Осы мақсатқа жету үшін коучинг және тәлімгерлік үдерістерін пайдаланып көшбасшы ретінде мектептің дамыту жоспарын жасап сол арқылы мектепке өзгерістер енгізу мақсатында, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту арқылы оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыруды мақсат еткен модуліне арналған тәлім алушымды дайындап коучинг сессияларын өткіздік.
Әрине мектепті дамыту жоспарында алдыма қойған мақсаттарға 100 пайыз жеттім деген асыра сілтеушілік болар, әйтседе «оқыту мен оқу тәжірибесіндегі болмашы қадамдар мен өзгерістер сыныптағы жағдайды айтарлықтай өзгертуге қабілетті»деген мектептегі коучинг пен тәлімгерліктің негізгі ұстанымдарының бірінің ретінде көрініс тапқан мектеп тәжірибесі кезеңіндегі өзгерістер бастаған істі тоқтатпай әрі қарай дамыту қажеттігін ұғындырды.

Категория: учителей | Добавил: Gulnar | Теги: Эссе
Просмотров: 1628 | Загрузок: 814 | Рейтинг: 0.0/0
Случайные материалы:
Всего комментариев: 0
avatar