Главная » Файлы » Рефлексия » учителей

Баяндама " Интерактивті әдістерді қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары


23.01.2018, 16:37
«...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында» ”
Н.Назарбаев

Заман көшіне ілесе отырып жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу- барша ұстаз алдында тұрған негізгі міндеттері екенін түсіне отырып, әр мұғалім өз іс-әрекетіне қажетті өзгерістерге сай әртүрлі тәжірибелер жөніндегі мәліметтерде жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, келесі ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбиемен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми- педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
Интерактивті әдістерді қолдануда мұғалім кейбір ережелерді естен шығармауы абзал.
Бірінші ереже: сынып оқушыларының барлығы сабаққа түгел қатыстырып, танымға жұмылдыру.
Екінші ереже: оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау. Оқушыларды жиі мақтап, қолпаштап отыру.
Үшінші ереже: сынып талапқа сай болуы қажет.
Төртінші ереже: әрбір қатысушы өз пікірін, көзқарасын білдіріп, дәлелдеп беруге мүмкіндік жасалуы қажет.
Бесінші ереже: оқушыларды проблема шешу барысында топқа бөлуге мұқият қарау.
Категория: учителей
Просмотров: 103 | Загрузок: 15 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar