Главная » Файлы » Рефлексия » учителей [ Добавить материал ]

Тәлімгерлік үдерісі туралы рефлексиялық есеп

Вы сможете скачать через 0 сек.

05.01.2018, 14:23
Тәжірибелі көмекшінің моделі (Egan, 1998) 1975 жылдан бері үнемі дамып келеді. Шын мәнінде, бұл – көмек көрсетуге арналған үш сатылы құрылым. Бұл құрылымның бірінші кезеңі үдерістің басында тәліптің іс-әрекетін және оның тәжірибені өзгерту үшін не істегісі келетінін анықтауға бағытталған; екінші кезең – тиісті тиімді шешім таңдауды; үшінші кезең – өзгерістерді енгізуді мақсат етеді. Тәліптің іс-әрекетін және оның тәжірибені өзгерту үшін не істегісі келетінін анықтауға бағытталған сұрақтар қойдым.Тәжірибені талдау:тәлімгер екеуміз жаңаша оқыту туралы,оның дәстүрлі сабақтан айырмашылығы туралы әңгіме жүргіздік. Мен оған екінші деңгей бағдарламасы туралы және 7 модуль туралы айтып бердім. Сұхбаттасу барысында оқушыларымыздың сабаққа ынтасы төмен екендігін, сабақтар балалар үшін қызықсыз өтетіндігі туралы сөйлестік.
Проблеманы анықтау: топпен жұмысты ұйымдастыруда,оқушыларды бірлескен жұмысқа жұмылдыру қиындық туғызатынын айтты.Өзекті проблемаларға көңіл бөлу:тәліпкерге топтық жұмыс оқушыларды ынтымақтастық орта құра білуге, бір-бірін тыңдай білуге, өзара бағалай білуге, өзінің ойына және іс-әрекеттерне сыни тұрғыдан қарай білуге үйрететендегі туралы түсіндірдім.
Күтілетін нәтижелерді анықтау:сұхбаттасу барысында екеуміздің бірігіп істеген іс-әрекетіміздің нәтижесін неден көруге болды? –деген сұрақ қойдым.Ол ойланып былай деп жауап берді:жаңа білімді игеру кезінде білім сапасы артады және баланың жеке-дара қасиеттері ашыла түседі, сонымен қатар жұмыстың нәтижесіне оң әсер тигізетіні-баланың өзіне деген сенімділігі артады,топтық жұмысты ұйымдастыру жолдарын анықтайды. Мен тәліптің жауабына дән риза болдым. Оны өз тәжірибесі туралы терең ойлана білетіндігі, болашақты үлкен табыстарға жеткізетіне сенім білдіріп мадақтадым.Жалпы оқыту мен оқу тәжірибесіндегі болмашы қадамдар мен өзгерістер сыныптағы жағдайды айтарлықтай өзгерте алады.
Мақсат қою:оқыту үдерісіне деңгейлері әртүрлі оқушыларды топтық жұмысқа тартуды ұйымдастыру.
Мақсаттың тиімділігін және орындылығын анықтау:топ бір тапсырманы орындайды,бірақ топтың әрбір мүшесі бір-бірінен тәуелсіз жалпы жұмыстың бөлігін орындайтындығын, жалпы тапсырманы топтың әрбір мүшесі кезек-кезегімен орындайындығын, топтың мүшесі басқаларымен тығыз байланыста болтындығын талдадық.
Тиісті стратегияны таңдау үшін: «Бутерброд»,«Дейін-кейін», «Бір қадам артқа», «5 жол өлең», «Гибсс» старгияларын талдаймыз.«Джигсо», «Фишбоун» тәсілдерін қолдануды жоспарлаймыз.
Бірлесіп іс - әрекет жоспарын құрдық.Үлестірме материалындағы 26-27 беттегі «Топтық жұмысты бақылау кестесін» қолданып талдау жүргіземіз.
Жоспарымыз бойынша тәліптің бірінші сабағына қатысамын.Сабақты талдаймыз.Мұғалімнің анықталған мәсілесін нақтылаймыз.Екінші сабақта топпен жұмыс жоспарланып құрастырылған болады.Бұл сабақта өзгерістерді күтемін.Кері байланыс жасаймын.Дұрыс құрастырылған сабақ кезеңдері және арнайы таңдалған тапсырмалар оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттырып,ойлануға ынталандырып,талдау арқылы мәселенің шешімін бірігіп табуға үйрететіндігіне сенімдімін.Тәліпке сабақ соңында кері байланыс жасаулары керек екендігі айтылған болатын.Сабақты бейнежазбаға түсуру туралы әріптесімнен рұқсат сұраймын.Сабақтың толық бейнесін бейнежазба арқылы көріп бірге талдаймыз.Тәліп бейнежазбадағы өз кемшіліктерін көреді деп ойлаймын,себебі сырттан өзіңнің іс-әркетіңді бақылағанда кемшіліктеріңді табу қиынға соқпайтындығын жақсы білеміз.
Үшінші сабақта тәліппен сабақ талдауда бейнежазбадан балалардың сұрақты топта қалай талқылап жатқанын,олардың топтағы жұмыстарын анық көруге болды деп ойлаймын.Сенімділік қарым-қатынасы бар ма? Оқушыларды бір-бірін дұрыс бағалай білуге үйретуміз қажет екендігін айтып өтемін.Балаларды ынталандырып отыруымыз,оларды мадақтауымз туралы аса айтқан жөн.Тәліп топтық жұмысты ұйымдастырудың оң жақтарына назар аударуы қажет.Бұл әдісте топ мүшесінің өзін-өзі дамытудағы және ұжым болып жұмыс істеу тиімділігін түсінуі керек.
Төртінші сабақтан кейін тәліп жаңаша жұмыс істеуді түсенеді деп ойлаймын.Жылы қарым-қатынас, сеніміділік екеумізге қиындықты жеңуге көмектеседі.Әлі де талай қиындақ болады,бірақ «Біргіп істеген істе береке бар»-дейді ғой дана халқымыз.Маған да әлі көп үйрену қажет деп ойлаймын.Екеуміздің бірігіп істейтін жұмысымызға қорытынды жасаймыз.Тәліпті дұрыс жұмыс істеуге үйрету үшін,өзім дұрыс жұмыс істеуге үйренуім керек.Менің ойымша ең бастысы біз ұстаздар балалардың өз білімдерін талдай білуге,басқаны бағалауға,ойын еркін дәлелдеп,мұғалімнен тәуелсіз өз білімін жетілдіре алуымызға үйретуіміз қажет.Екінші деңгейлі курс бізді көп нәрсеге үйретті.Біздің әрқайсымыз өз тәжірибесімен әріптесімен бөлісіп, оның білмейтінін үйретуі керек.Біз көбінесе өз қателіктерімізді көрмейміз.Ал бейнежазбадан соларды көріп,бірден түзетіп отыруға болады.Сондықтан сабақтардың бейнежазбасын жазу маған да,тәліп үшін де дағдыға айналуы қажет.Егер әдістемелік бірлестікте бірігіп сабаққа талдау жасасақ, жетістікке тезірек қол жеткізуге болады.Тәліп үшін жаңаша жұмыс істеу дағдығы айналғанша өз көмегімді тигізуге аянбаймын.Әл-Фараби бабамыздың «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы» -деп айтқандай оқушыларды тәрбиелеуде жүрек жылуының орны ерекше.Мен тәліпке жүрегімнің жылуымен жаңаша қалай жұмыс істеуді үйретсем,ол өз жүрегінің жылуын балаларға бере алады деп ойлаймын.Себебі тек қана ыстық ықыласпен, шынай көңілмен, таза жүрекпен берген білім санаға сіңеді деп ойлаймын.Әр сабағынан кейін тәліпті қолдап, жаңа ойлармен толықтырып, тиімді шешім қабылдауға тартуым қажет.
Категория: учителей | Добавил: Айбульдинова
Просмотров: 20 | Загрузок: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Случайные материалы:
Всего комментариев: 0
avatar