Главная » Файлы » Рефлексия » учителей [ Добавить материал ]


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту бағытында М. Монтессори педагогикасын пайдалану ( балабақшасының іс- тәжірибесінен)
Вы сможете скачать через 0 сек.
29.09.2016, 08:51

Монтессори педагогикасы бойынша жұмыс істеу барысында Монтессори құралдарымен жұмыс істеу мақсатын сақтай отырып, ұлтымыздың әдет – ғұрпын, салт дәстүрін ашатын ұлттық нақыштағы құралдарды қолданамын. Мысалы «Күнделікті өмір тәжірибесі» бөлімінде балалар нан турап, көкөністер мен жемістерді қолданып, салат жасаса, мен ұннан қамыр илеп, балаларға сол иленген қамырды бөліп беріп, бауырсақ кестіремін. Оны асханадағы аспазшы апайлар майға пісіріп берсе балаларға бауырсақ «ұлттық тағам» - деп нанның қадірін айтып түсіндіремін. Қонақжайлылыққа тәрбиелей отырып, дастарханды жаюда әдемі оюланған аққұман, кеселерді қолданамын. Сондай – ақ Монтессори педагогикасында «Математика» бөлімінде санға затты сәйкестендіруді игеруге арналған «Үршық»- деп аталатын құрал бар. Мне балаларға бұл құралды таныстыру алдында ертеден келе жатқан халқымыздың қолөнерінде жүннен жіп иіруге қолданатын ұршықты көрсетіп таныстырамын. Бейнелеу өнері бөлімінде қағаздан тек жолақтар қыйғызып қана қоймай, ою - өрнектерді қиюға арналған трофореттерді қолданып, текеметтер, ыдыс- аяқтарды безендіруді ұсынамын. Балалар берілген заттарды өрнектеп қана қоймай сонымен қатар олардың қайшымен, желіммен жұмыс істеу барысында қолдарының ұсақ моторикасы дамып, алдағы уақытта қалам ұстап, жазу қабілеттері қалыптасады.

Категория: учителей | Добавил: bakit | Теги: жаңа технология, Конференция, педагогика, Мотессори, Мәңгілік ел
Просмотров: 956 | Загрузок: 419 | Рейтинг: 0.0/0
Случайные материалы:
Всего комментариев: 0
avatar