Главная » Файлы » Главная (раздел закрыт) » Учителя, прошедшие уровневые курсы [ Добавить материал ]

"Алтын сақа" ертегісі 6-сынып

Вы сможете скачать через 0 сек.

29.10.2017, 17:29

[size=10]Қазақ әдебиеті мұғалімі Кузембаева Мейрамгуль Толеутаевна І(ілгері) деңгей
Сабақтың тақырыбы: «Алтын сақа» ертегісі
Оқу мақсаты6.1.2.1- тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтау.
6.2.4.1-шағын көлемді мәтіндегі жеке эпизодтарды сипаттау және тілдік ерекшелігіне салыстыру жасау.
Күтілетін нәтижелер: Барлығы: тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді.
Көпшілігі: Мәтіннің негізгі мазмұнын жаңа жағдайда пайдаланады.
Кейбіреуі: Мәтін негізінде қосымша ақпараттарды анықтайды.
Оқушының алдыңғы білетінін тиянақтай отырып, жаңа тақырып барысында оқушының қажеттілігін қанағаттандыру
Ресустар: флипчарт сабақ ғаламтор, АКТ – мен жұмыс (интерактивті тақта) сөзжұмбақ, аудио тыңдалым MP4, СТО (ой шақыру, әдеби үйірмелер (топтық тергеу), әдебиет теориясы., тұсаукесер, тірек сызба, гиперссылка, , ертегі эпизоды бойынша сюжетті суреттер
(бұл сабақтың толық флипчарты, фотоесебі бар)

І Кіріспе. қызығыушылығын ояту
1.Әдемі күй ойнап тұрады.
2.Оқушылармен амандасу
Сәлем, досым
Сәлеметсіз бе, ұстазым
Күн сәтті болсын, достар!
3.Оқушыларды және оқу құралдарын түгендеу.
4. Оқушының назарын шоғырландыру . Бейнематериалдан оқушылар өздерінің оқыған өлеңдерін тыңдайды. 1 мин.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
1.Оқушылар Бала, жалмауыз кемпір, ит, көл сөздерін қатыстырып құрастырған ертегілерін оқиды. Осы сөздерге қатысты салған сюжетті суреттерін таныстырады. 2 мин.
Оқушыларды сынып болып «Жапондық бағалау» әдісімен бағалаймыз.
Интербелсенді тақтамен жұмыс 2. Сөзжұмбақ тың тапсырмалары:
1. Қай ертегі өмірде болмайтын нәрселер туралы?
2. Қай ертегіде өмірде болатын жағдайлар мен болмайтын нәрселер араласып отырады?
3. ... ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан көлемді саласының бірі.
4. Қай ертегінің кейіпкерлері (қаһармандары) қарапайым еңбек адамдары?
5. Қай ертегінің кейіпкерлері үй жануарлары, құстар, аңдар болып келеді?
6. Аңдар патшасын ата.
7. Ертегінің атын ата. Кейіпкерлері: мысық, қыз, қатық, сиыр, жапырақ, дүкенші, тауық, тышқан)
8. 5 – сыныпта өткен қиял – ғажайып ертегі ата.
9. Шыншыл ертегіні ата.
(Флипчартты қаламмен басқанда сұрақ, жауап ашылып жабылады.)
Жауабын айтады.
1.қиял- ғажайып
2.тұрмыс – салт
3.ертегі
4.шыншыл ертегісі
5.хайуанаттар ертегісі
6. арыстан
7. «Мақта қыз бен мысық» ертегісі
8. «қаңбақ шал» ертегісі
9.«Аяз би» ертегісі 2 мин. Оқушыларды ауызша бағалау (жарайсың)
Шешуін дұрыс анықтағанды ортасындағы алтын түсті жолақта «Алтын сақа» деген сөз шығады. Әрине, бұл жаңа сабақ тақырыбы.
Сонда балалар, біз бүгін не үйренеміз деп ойлайсыңдар? Жаңа тақырып бойынша оқушылардың мақсаты тыңдалады.
Жинақтап оқу мақсатын айтамын.
ІІІ. Жаңа сабақ. «Алтын сақа» ертегісі
Ой шақыру. Оқушылар «алтын» мен «сақа» суреттін интербелсенді тақтадан көреді. Оқушыларға сұрақ қойылады. Осы суреттерді көргенде не ойлайсыңдар? Не айта аласыңдар? Не жаза аласыңдар?
Оқушы ассоциацияларын флипчартқа жазады.
Алтын металл қымбат бағалы бай
сақа асық балалар ойнайды байлық қойдың сүйегі 3 мин.
Оқушылар бірін-бірі «басбармақпен» бағалайды.
«Алтын сақа» ертегісін 15 мин. MP4 аудиотыңдалым kitap.kz/arnayi-jobalar/26-ertegiler мұқият зейін қойып тыңдайды.
Негізгі бөлім.
ІҮ. Бекіту.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының Әдеби үйірмелер (топтық тергеу) әдісімен топтық жұмыс оқушылар ертегіні талдайды.
Баяндап беруші:
Зерттеуші:
Сұрақтар құрастырушы:
Сілтемелер табушы:
Бейнелеуші – суретші:
Дәнекер:

Топтағы оқушылардың кім болатынын шешіп алған кейін, оларға тапсырмаларды түсіндіремін. Осыдан кейін дайындалуға 7 минут және қорғауға 8 минут беріледі.
1-топтың баяндап берушісі ертегінің 1-ші жартысын, ал 2-топтың баяндап берушісі 2-ші жартысының мазмұнын айтып береді.
1-топтың зерттеушісі жаңа сөздердің мағынасына тоқталады (Жүгенді аттың басына кигізеді. Жүген аттың басын оңға, солға бұру үшін және тізгінін тартып тоқтату үшін қажат), ал 2-топ зерттеушісі басты кейіпкердің мінезін мәтіннен дәлел келтіріп сипаттады. 17-бет, 4-азат жол, 3-сөйлем: Асық ойнайын десе, сақасы жоқ, бала алтын сақасын жоқтап, жылайды. – Осыдан біз оның ойын баласы екенін байқаймыз.
1-топтың сұрақтар құрастырушы жалпы мазмұн бойынша қарапайым сұрақтар қойды (Бай кімге зар болды? Баланы нелер құтқарды?), ал 2-топ сұрақтар құрастырушы күрделі сұрақтар қойды (Неге бала бәйтеректі паналады? Бүгінгі астанамыздағы бәйтерек ненің нышаны?).
Ескерту: сұрақ құрастырушылар бірге жұмыс жасайды.
1-топтың сілтеме табушысы ертегінің руханилығын ашатын «Өсер елдің баласы әкеден де асып түсер» (Бауыржан Момышұлы) қанатты сөзін келтірді. Ертегіден үзінді келтіре отырып, қанатты сөздің бала әрекеті өзін рухтандыратын айта кетті.
2-топтың сілтеме табушысы «Бала әкеден не кете туады, не жете туады, не өте туады» деген мақалдың ертегінің руханилығын ашатын айтты.
1-топтың суретшісі оқиға бойынша сурет салды. 2-топтың бейнелеушісі топ мүшелерімен көрініс көрсетті.
Топ дәнекері оқиғаны бүгінгі өмірмен байланыстырды.
Бұл әңгіме менің көршім туралы. Менің көршімнің отбасында төрт баласы бар. Үш ұл, бір қыз бала. Үлкен екі ұлы егіз. Бір кезде олар адам қызығарлықтай тату отбасы еді. Анасы мезгілсіз қайтыс болды. Төрт бала әкесімен қалды. Осы қайғылы жағдайдан кейін, әкесі ішімдікке салынып кетті. Соның салдарынан жұмыссыз қалды.
Егіз баласы он оқиды. Үшінші ұлы (бауыры) жеті оқиды. Төртінші қыз баласы (қарындасы) алты оқиды.
Егіз баласы темір сатып, ақшалайды. Машиналарды жуады. Дүкендерге жүк түсіреді.Осылай еңбектеніп, ақша табады. Өздерін және бауыры мен қарындасын мектепке дайындайды. Олар осылай тіршілік етуде.
Бағалау парағына оқушылар өздеріне өзі баға қояды.
Ү. Сергіту «Мамықтар» ойны Балалар, теректен аппақ не ұшады? 1 мин. Оқушылар алдыларында жаққан ақ қағазды умаждап биікке лақтырып қағып алады. Жест арқылы
ҮІ. Қорытынды. 1.Балалар, мәтін не туралы деп ойлайсыңдар? Батылдық туралы т.б.жауаптар айтылады
2.Осы ертегіден кейін қандай болғыларың келеді? достыққа, ептілікке үйретеді. Қиындыққты жеңіп, жақсы өмір сүруге баулиды т.б. өз жауаптарын айтты.3 мин.
3.Оқушыларды ертегінің композициясын анықтауға бағыт беру.

1.Оқиғаның басталуы 1.Байдың перзентті болуы.
2.Оқиғаның байланысы 2.Байдың жалмауыз кемпірге баласын беруге уәде беруі.
3.Оқиғаның шиеленісі 3.Тайдың мертігуі және баланың бәйтеректің басына шығуы.
4. Шарықтау шегі 4.Балаға қарлығаш пен төбеттердің достығы.
5.Шешімі 5. Баланың жалмауыздан мәңгі құтылуы. (бағалау парағы) 3 мин

4.Флипчартпен жұмыс. «Бәйтерек» дегенде не айта аламыз? деген сұраққа тыңдау және интербелседі тақтадан көрсету.
БӘЙТЕРЕК қасиетті, сүйеніш, қорған, космос ағашы, «өмір ағашы» деген сияқты жауаптар айтылады.
Соңында мына түйінге оқушыларды жетелеп әкелдім. БӘЙТЕРЕК -бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтар

Кері байланыс «Екі жұлдыз бір тілек» оқушылар екі қатты әсер нәрсені және бір ұсынысын жазады.
Үй тапсырмасы. «Менің қасиетім – батылдық» «Қарлағаш – адамның досы» қалаған тақырыбына эссе жазу
[/size]

Категория: Учителя, прошедшие уровневые курсы
Просмотров: 40 | Загрузок: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Случайные материалы:
Всего комментариев: 0
avatar