Главная » Файлы » Главная » Учителя, прошедшие уровневые курсы


Махмуд Қашқари . «Диуани лұғат-ат түрік»
20.03.2015, 22:42

Калдыбекова Алия Сайпенқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Қарғалы ауданы
№2 Бадамша орта мектебі
Сабақ тақырыбы: Махмуд Қашқари . «Диуани лұғат-ат түрік»
Сабақ мақсаты: Дүниежүзілік мәдениетке айтарлықтай үлес қосқан, Қарахан әдебиетінің негізін салушылардың бірі,ірі филолог ғалым, Махмұд Қашқари еңбектерінің негізгі идеясын, мазмұнын түсіндіру. «Диуани лұғат ат түріктің» түркі халықтары ауыз әдебиетін танып білудегі орнын , маңыздылығын ұғындыру;
Күтілетін нәтиже: М.Қашқаридің «Түркі сөздерінің жинағы» еңбегінің мазмұнын меңгереді.Мақал-мәтелдердің мағынасын аша отырып, ойын еркін айта алады. Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады.
Модульдер: «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «ОүБ және ОБ», «Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу», «Оқытудағы басқару және көшбасшылық».
Стратегиялар: «Сен білесің бе? », «Ғұмырдария» стратегиясы, «Жүк журналы», «Талдап білу» стратегиясы, «Аяқталмаған сөйлемдер» стратегиясы., «Сұраулы сөйлем стратегиясы»
Ресурстар: Слайд, интернет материалдары, Флипчарт,түрлі-түсті қағаздар, интербелсенді тақта, үлестірмелі қағаздар.
Бағалау: Вербальді бағалау, яғни «өте жақсы», «жақсы», «жарайсың», «сіздің қолыңыздан келеді», Үш шапалақ, Суммативті бағалау
Мұғалімнің іс – әрекеті:
Сабақ барысы: Оқушылармен амандасу. Оқушыларды шеңберге түрғызып, жақсы тілек айтқызу. «Кемпірқосақ» әдісімен топқа бөлу
Оқушының іс – әрекеті:
Шеңберге тұрып жақсы тілек айту арқылы сыныпта жағымды ахуал қалыптасасады. «Кемпірқосақ» әдісімен топтасады.
І.Қызығушылықты ояту
Мұғалімнің іс – әрекеті:
«Сен білесің бе? » Балалар ол өзі туралы :
«... Мен қиынды оңайлаттым. Түсініксіз жайды түсіндірдім, жылдар бойы еңбектендім, ақырында іздеуші сөзді өзінің қатарынан таба алуы үшін әр сөзді өз орнына қойып, сөз тәртібін анықтадым. . . . Мәңгілік ескерткіш, әр таусылмас әдеби мұра болып қалсын деген ниетпен түркі елдерінің сөздігін жасап, кітапқа «Түркі сөздерінің жинағы» деп ат қойдым.» Бұл жұмбақ адам кім?
Оқушының іс – әрекеті:
Оқушылар өз болжамдарын айтады.
«Махмұд Қашқари туралы» деректі фильмнен үзінді көрсетіледі.
Мұғалімнің іс – әрекеті:
ІІ. Мағынаны тану
Топтарға тапсырма І топ.
«Ғұмырдария» стратегиясы
1.Туған жері: Барысхан қаласы
2.Өмір сүрген жылдары: : 1029-1039 жылдар
3.Еңбегі : «Түркі сөздерінің жинағы»
4.Игерген тілдері: Түркі,араб, парсы тілдері
5.Білім алған қалалары: Қашқар,Бұхара,Нишапур,Бағдад
6. Тұңғыш карта жасаған.
ІІ топ. «Талдап білу» стратегиясы
. «Қордайдың аққу-қазы қаңқылдайды»
1.Авторы : Махмуд Қашқари
2.Тақырыбы: Табиғат суреті
3.Жанры: Лирика
4. Идеясы : Табиғат бейнесін таныту
5.Тармақ: 10 тармақ
6.Бунақ: 3 бунақ
7.Буын: 11 – 12 буын
8.Шумақ: 2 шумақ
9.Ұйқас: аралас ұйқас (а-а-б-б-в-г)
Топтарға ортақ тапсырма.Махмуд Қашғаридың сөздіктегі нақыл сөздері мен мақал-мәтелдерінен білетіндігін тексеру.
ІІІ топ. «Жүк журналы»
Бұл тақырып төңірегінде белгілісі Бұл тақырып туралы жаңа ақпарат
Мақал-мәтелдер Мақал-мәтелдердің сөздікте бар екені
Алып Ер Тоңға туралы Алып Ер Тоңға Афрасиабтың қазасы
Жер су атаулары Сығанақ, Сайрам, т.б.
«Аяқталмаған сөйлем» стратегиясы бойынша тапсырма беру. Тапсырманы оқытып, берілген сөйлемдердің жалғасын жатқа жаздырту.
1. Көзден алыстаса,...
2.Көкке түкірсе,...
3.Күшті есіктен кірсе,..
4.Кең тігілген тон тозбас,...
5.Білімдіден сөз тыңдасаң,күш тасыр...
6.Белгісі болса, жолдан жаңылмас,
7.Ұлым сағн айтайын ,өсиетін дананың
8.Білімдінің сөзімен бұзу оңай торды да,
9. Тау таумен қауышпас,...
ІІІ.Рефлексия
«Сұраулы сөйлем стратегиясы»мен жұмыс

« Махмуд Қашғари -ХІ ғасырдағы түркі халқынан шыққан білімпаз.»

Үйге тапсырма: Махмуд Қашғари шығармаларын оқу, мақал -мәтелдерді салыстыру.

Категория: Учителя, прошедшие уровневые курсы
Просмотров: 2284 | Загрузок: 935 | Рейтинг: 0.0/0
Случайные материалы:
Всего комментариев: 0
avatar