Главная » Файлы » Главная » Учителя, прошедшие уровневые курсы [ Добавить материал ]


Шебер-сынып жоспары "Бастауыш сынып пәндері бойынша құрылатын қысқа мерзімді жоспарды жетілдіру және дамыту"
Вы сможете скачать через 0 сек.
20.03.2016, 07:49

Бастауыш сыныптар арасында өткен аудандық семинарда өткізген шебер-сыныптың тақырыбы "Бастауыш сынып пәндері бойынша құрылатын қысқа мерзімді сабақ жоспарын жетілдіру және дамыту". Осы шебер-сынып арқылы аудан мұғалімдеріне жаңа қысқа мерзімді жоспармен таныстырғым келді. Пәндер бойынша топқа бөлінді. Қазақ тілі, әдебиеттік оқу, математика, дүниетану топтарына. Басталмас бұрын мұғалімдерге бірнеше сұрақ қойылды. Сабақтың жоспары қалай жазылып жүр? Дәстүрлі сабақ, жаңа сабақ жоспарымен айырмашылығы неде? Не үшін өзгеріс енгізу керек? Теориялық кезеңде презентация арқылы түсініктеме берілді. Қысқа мерзімді жоспарлауды теориялық материал арқылы меңгерді. Тәжірибелік кезеңде мұғалімдер алған білімдерін тәжірибеде қолданды. Шебер-сынып барысында бастауыш сынып мұғалімдері презентация арқылы көріп, түсініп, өздері төрт пән бойынша жаңа сабақ жоспарын құрды. Қатысушыларға әр пән бойынша қысқа мерзімді жоспарды құруға постер жасауға ұсынылды. Топтарға сабақ мақсаттарын анықтауға арналған ресурстар таратылды. Қатысушылар берілген пән бойынша қысқа мерзімді жоспар құрап қорғады. Әр топ ұсынылған ресурстарды пайдалана отырып бір қысқа мерзімді жоспарды пән бойынша жасады. Әрине қиыншылықтар болды, бірақ бірауыздан шешіп жаңа сабақ жоспарын жазуға келістік. Мұғалімдер оқыту мен оқудағы жаңа сабақ жоспарының нәтижелілігін түсінді. Шебер-сыныпты қорытындылай келе мұғалімдерге жасалған жұмыстары бойынша SWOT талдау жасауды ұсындым. Қатысушылар SWOT талдау жасау арқылы пікір алмасты. Өздері сабақтың жаңа жоспарын ортаға салып талқылады. Алдын ала мұғалімдерге сабақ жоспары бойынша ресурстарды дайындап тараттым. Жазған кері байланыстар оқып өзіме түйгенім, мұғалімдердің басым көпшілігі түсінінді

Категория: Учителя, прошедшие уровневые курсы | Добавил: akasheva | Теги: кмж, шебер сынып, презентация, максаты
Просмотров: 1915 | Загрузок: 715 | Рейтинг: 2.0/3
Случайные материалы:
Всего комментариев: 0
avatar