Главная » Файлы » Главная » Учителя школы


Ана тілі-білімнің кілті!
25.11.2015, 23:15
Ана тілі-білімнің кілті Мақсаты: Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін құрметтеуге баулу; Мұғалім: Қымбатты ұстаздар, оқушылар! «Ана тілі-білімнің кілті» сайысына қош келдіңіздер! «Ана тілім өркенде, Бола бер күшті, көркем де,»-дей келе тіл мерекесі құтты болсын! Асыл тастан, өнер жастан Шығады деп дарынды. «Халық айтса, қалып айтпайды,» Әрқашанда нанымды,-дей келе әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар: Сайыс кезеңдері: 1. Таныстыру 2. «Тіл өнер» (мәнерлеп өлең оқу) 3. «Ана тілі айнасы» (ана тілі пәні бойынша сұрақтар) 4. Мақалды жалғастыр 5. Сөз құрау (әріптерден сөз құрау) 6. Сөздерді әріппен дыбыстату 1-кезең: Таныстыру Кім білімді, өнерпаз, білейікші, Оқушылар алғыр деп жүрейікші Әділқазылар алқасына тек әділдікті Сайыскерлерге сәттілік тілейікші-деп сайыскерлерімізді өздерін таныстыруға ортаға шақырамыз. 2-кезең: «Тіл өнер» Тамаша өлең таңдайға татып балдай, Өз тілінде жыр оқу бақыт қандай! Жан дүниең жарқырап сала берер Ағарып келе жатқан атып таңдай. 3-кезең: «Ана тілі айнасы» Алуан-алуан ғасырдың Шежіресі болған тіл, Небір ұлы асылдың Шын көңілі толған тіл,-келесі сайысымыз «Анна тілі айнасы» деп аталады. Бұл сайыста ана тілі пәні бойынша сұрақтар қойылады. 1-сұрақ: Оқулықты құрметте, Күтіп ұста кірлетпе Кішілерге табыс ет, Дақ түсірмей бір бетке. Деген өлең жолдарының авторы және тақырыбы. Жауабы: Несіпбек Айтов. «Оқулық» 2-сұрақ: Жүсіпбек Аймауытов кім? Қандай романдары бар? Жауабы: атақты жазушы, «Қартқожа», «Ақбілек» 3-сұрақ: Сапарғали Бегалиннің «Зеректік» әңгімесі кім жайлы? Жауабы: Ш.Уәлиханов 4-сұрақ: Әнуарбек Дүйсенбиевтің «Ақылшым-мұғалім» өлеңін ұстаздар мерекесіне арнап жатқа айт. 5-сұрақ: Бидай мен Қаңбақ авторы кім? әңгіме ма? мысал ма? өлең ба? Жауабы: А.Тоқмағамбетов, мысал 6-сұрақ: 22-қыркүйек қандай мереке? 7-сұрақ: Бес асыл іс (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым) 8-сұрақ: Тереңдігі білімнің Керек екен бәріне!-кай өлеңнен үзінді. (Ф.Оңғарсынова, Білім керек бәріне) 9-сұрақ: Жеңіс Қашқыновтың күз мезгілін бейнелеген өлеңі (Ұнатам күзді мен) 10-сұрақ:
Категория: Учителя школы
Просмотров: 1299 | Загрузок: 721 | Рейтинг: 0.0/0
Случайные материалы:
Всего комментариев: 0
avatar