Химиялық элементтер туралы жалпы ұғымдар

ФИО автора:Утина Алия Ержановна
Основной файл:Скачать файл

Химиялық элементтер аты латынша атауының бір немесе екі алғашқы әріптерімен белгіленеді, мысалы, азот N (лат. Nіtrogenіum), алюминий Al (лат. Alumіnіum), т.б. молекуласы бір ғана элемент атомдарынан құралған зат — жай зат, молекуласы әр түрлі химиялық элементтер атомдарынан түзілген зат — күрделі зат деп аталады. Кейбір элементтер бос күйінде молекула немесе кристалды тор құрылысы айрықша әр түрлі жай зат түрінде кездеседі (О — оттек, О — озон, т.б.). Химиялық реакция нәтижесінде әрекеттесетін заттардың молекула құрамында химиялық элементтер қайта топтасады, яғни жаңа зат пайда болады. Химиялық элементтер атомдарының басқа атомға айналуы, атомдардың ыдырауы не күрделі атомдардың құрылуы ядролық реакциялар нәтижесінде ғана жүреді. Химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының қасиетін анорганикалық химия зерттейді.

Табиғатта кездесетін заттар жеке элементтерден құралады деген түсінік өте ерте заманда-ақ пайда болған. Грек философтары су, ауа, от және жер (топырақ) негізгі элементтер деп санаған. Аристотельдің элемент жайындағы ілімі Еуропада кең таралды. Ол 2000 жылға жуық уақыт үстемдік етіп, алхимиктердің жай металды алтынға айналдыруға болады деген ұғымдарына негіз болды. Алхимиктер дәуірі ғылымның дамуына кедергі болғанымен, оның нәтижесінде химиялық тәжірибе жүргізудің алуан жаңа әдістері табылды. Сол кезде белгілі болған алтын, күміс, мыс, қорғасын, қалайы, темір, сынап, күкірт, көміртек, сүрмеден басқа мырыш, фосфор, күшән ашылып, көптеген күрделі заттар (металл тотықтары) алынды.

Сынапметалдың, күкіртжанудың, тұзерігіштіктің бастамасы деген пікірлер айтылды. 17 ғасырда химиялық өзгерістер жайында мәліметтер көбеюіне байланысты тәжірибе қорытындыларын талдау арқылы ағылшын ғалымы Р.Бойль элемент жай зат және басқа барлық заттарды түзетін құранды заттар айырылғанда шығатын зат деп жаңа түсінік берді. 18 ғасырда Бойльдің анықтамасын дәлелдейтін тәжірибелік мәліметтер көбейді, бұрын күмәнді болған заттар элементтер қатарына жатқызылды. Жаңадан сутек, оттек, азот, хлор, газ күйіндегі элементтер, сондай-ақ, платина, кобальт, никель, т.б. ашылды. 19 ғасырда химияның теориялық негіздері атом-молекулалық теория, химиялық элементтердің периодты жүйесі ашылды (1869). Ол химиялық элементтерді зерттеуде жаңа бағыт ашты.

Периодты жүйе барлық белгілі химиялық элементтерді бір жүйеге келтіріп, сол кезде белгісіз элементтердің табиғатта барын болжады. 19 — 20 ғасырлар аралығында электрон, радиоактивтік, рентген сәулесі, изотоптар, квант теориясы, т.б. жаңалықтардың ашылуы химиялық элементтер қасиеттерінің әр түрлі болуының негізгі себебін анықтады, олардың элементарлық бөлшектерден құралғаны химиялық элементтердің периодты жүйедегі орны және оның электрондық қабық құрылысын зерттеумен қатар жаңа элементтерді іздестіру нәтижесінде гафний мен рений ашылды, синтездеу арқылы технеций, прометий, астат және рет нөмірлері 93 — 105 болатын трансуранды элементтер алынды. 20 ғасырда химиялық элементтерді ашу әдістері (рентген, оптик., т.б.) оттек, азот, күкірт, инертті газдар, алтын, т.б. активтігі нашар металдар бос күйінде, активті химиялық элементтер табиғатта қосылыс түрінде кездесіп, көптеген кен орындарын құратындығы анықталды.

Кейбір химиялық элементтер өте аз мөлшерде минералдар құрамында қоспа түрінде (рений, рубидий, цезий, т.б.) кездеседі. Көміртек, сутек, оттек, азот, калий, фосфор, кальций, темір, иод, т.б. элементтер жануарлар мен өсімдіктер организмінде болады. Химия, металлургия, тамақ, т.б. өнеркәсіп дамуына байланысты химиялық элементтерді пайдалану аясы да артып келеді

Автор публикации

не в сети 1 год

Утина Алия Ержановна

Комментарии: 0Публикации: 2Регистрация: 30-12-2019