Эссе «Мен заманауи педагогпын»

ФИО автора:Оразахынова Аяулым Мысақызы
Основной файл:Скачать файл

Мен заманауи педагогпын
«Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасыр құрушы іскер, өмірге икемденген, жан- жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»
Н.Ә. Назарбаев
Мамандық таңдау болашақты таңдау. Өмірде мамандықтың сан алуан түрі бар. Әр мамандықтың өзіне тән ерекшелігі тағы бар. Әйтсе де мектеп қабырғасын қимастықпен аяқтаған сәттен бастап мамандық таңдау аса маңызды іс болғанымен, мен үшін еш қиынға соқпады. Себебі, қоғамдағы сан алуан мамандықтардың ішіннен жан-жақтылық пен білімділікті, ең бастысы мейірімділікті қажет ететін мұғалім мамандығының иесі атану бала кезгі арманым еді.
Ең алғашында жаңа ортаға тез қалыптасып үйренісу, ұжымға жылдам сіңісіп кету өте қиынға соқты. Әйтсе де алға қойған мақсатымнан танбадым. Менің мақсатым — өзге ұлт балаларына тілді ғана үйрету емес, халқымның салты мен дәстүрін, жомарттығы мен парасатын ұғындыру, әр шәкірттің жүрегіне иман ұялатып, ниетіне ізгілік пен мейірім шапағатын себу. Қазақ тілінің маңызын, басқа ұлт балаларына сездіріп, тілге деген қызығушылығын арттыру болды. Орыс мектептеріндегі оқытылатын қазақ тілі сабақтарының мақсаты- оқушылардың сөздік қорын дамыту, оқу техникасын қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, сөйлем құрылысын меңгерту, қазақ тіліне тән дыбыстарды анық, дұрыс айту болса, мен өз сабағымда қосымша ретінде халық әндерін, Абай атамыздың өлеңдерін айтып, көрнекті жазушылардың шығармаларынан үзінділерді сахналағанды дұрыс көремін.
Менің түсінігімдегі ұстаз – рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі – жылы, көңілі – дарқан адам. Қорыта келе, ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ендеше, егемен елімізге ой-өрісі жоғары дамыған, білімді, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақты оқытып тәрбиелеу қажет екенінін жадымыздан шығармайық!

Автор публикации

не в сети 6 месяцев

Оразахынова Аяулым Мысақызы

Комментарии: 0Публикации: 2Регистрация: 01-05-2020