Биология пәні бойынша “Қан топтары. Резус-фактор” тақырыбына арналған презентация
Биология пәні бойынша “Қан топтары. Резус-фактор” тақырыбына арналған презентация.
Адамда 4 қантобы бар. Олар эритроциттер бетіндегі арнайы нәруыздар арқылы анықталады. Эритроциттердегі нәруыздар – агглютиногендер, ал плазма нәруыздары – агглютининдер. Қан топтарын рим цифрларымен немесе эритроциттер бетіндегі нәруыздар синтезіне жауап ты ген таңбаларымен белгілеу қабылданған. Бірінші қан тобын I немесе 00 деп белгілейді. Оны кез келген топқа құюға болады. Сондықтан қаны бірінші топқа жататын адамды әмбебап донор (қан беретін) деп атайды. Екінші қан тобын Iі немесе А (АА, А0) деп белгілейді. Екінші топқа екінші және і топ қанын құюға болады, ал оны іі және IV топқа құяды. үшінші қан тобын Iіі немесе В (ВВ, В0) деп белгілейді. үшінші топқа үшінші және і топ қанын құюға болады, ал оны ііі және IV топқа құяды. Төртінші қан тобын IV немесе АВ деп белгілейді (4-кес те). Оған кез келген қан тобын құюға болады. Сондықтан қаны төртінші топқа жататын адамды әмбебапреципиент (қан алатын) деп атайды