Білім беру жүйесінде заманауи технологияларды пайдалану — заман талабы

ФИО автора:Мирзаметов Жасур Мехманкулович
Основной файл:Скачать файл

Білім беру жүйесінде заманауи технологияларды пайдалану — заман талабы

XXI ғасыр — озық технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы. Əсіресе шет тілін үйренуде мұның пайдасы өте зор. Себебі тіл үйрену арқылы адам бүкіл бір ұлттың мəдениеті мен əлеуметін қатар үйренеді. Адам көру, есту арқылы тіл қолданушылардың мəдениетін тезірек сезінеді. Яғни өзінің де сол тілді меңгергендердің қатарына қосылуы жеңілдей түседі.

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын ғана емес, оның жеке бас тұлғасын, білім алу арқылы азамат ретінде дамуын қойып отыр. Дəстүрлі оқыту оқушыларға дайын, жаңаша оқыту технологиясы процесін ұйымдастыру, басқару жəне бақылау болып табылады. Жаңаша оқыту технологиясы — белгіленген мақсатқа нəтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, əдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұнын жүзеге асыру тəсілі. Оқытуды жаңаша ұйымдастыруда мына міндеттерді қамтуы тиіс:

  • оқушыларды оқу үрдісін басқаруға қатыстыру;
  • ұжымдық іс-əрекетті ортақ қарым-қатынас құралы ету;
  • деңгейіне қарап саралап, ерекшелігіне қарап даралап оқыту.

Міне, осы міндеттерді қамтитын «дамыта оқыту» жүйесі даму заңдылықтарын ескере отырып, теориялық ойлауға бағытталған іс-əрекет арқылы баланың жақын даму аймағында оқытады. Нақ осы мəселелерді жүзеге асыруға бағытталған оқыту технологияларының көпшілігі ұжымдық ой қызметі негізінде баланы өз іс-əрекетінің субъектісі етуге ұмтылады, мақсатты оқу іс-əрекеті барысында нақты оқу міндеттерін шеше отырып, даму педагогикалық ықпалдың алдын алатын іс-əрекеттік оқыту тəсілі арқылы балада ақпараттық жəне жалпы біліммен қатар, амалдар мен құндылықтар жиынтығын, біліктілігін қалыптастырады [2]. Жаңаша оқыту технологиялардың бірі — «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы — технологиялардың ішіндегі шоқтығы биік, ерекшелігі мол, құнды технология.

Бізді, ағылшын тілі пəні мұғалімдерін, «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы несімен өзіне баурап алды:

  • кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен;
  • оқыту мен ұйымдастырудың тиімді əдістерінің көптігімен. Бұл бағдарламада жүзге тарта стратегия бар екені белгілі. Сол əдіс-тəсілдерді жақсылап игеріп, ішінен қажеттілерін таңдау арқылы əр сабақтың мақсат-міндеттерін тиімді де оңтайлы жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік мол.
  • «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының өзге бағдарламалардан ерекшеліктері;
  • сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғышарттары.

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау сабақтарында мына мəселелерге назар аударылады:

  1. Сабақты белсенді өткізіп, əр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.
  2. Сенімділікке тəрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағаламау.
  3. Қиялын дамыту үшін «менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру.
  4. Əр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, нашарын сынамау.
  5. Тіл байлығын дамыту үшін, қалайда жауапты соңына дейін тыңдау.
  6. Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау.
  7. Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне жағдай жасау.
  8. Жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.

Автор публикации

Комментарии: 0Публикации: 1Регистрация: 13-05-2020