Урок казахского языка в 1 классе «Мақта қыз бен мысық»

Сабақ жоспары
САБАҚ: «Мақта қыз бен мысық» ертегісі Мектеп: Возвышенка орта мектебі
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Мұқашева Ә.С.
СЫНЫП: 1 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Осы сабақ арқылы
жүзеге асатын оқу
мақсаттары Т 1.1.4.1 Мұғалімнің көмегімен тыңдалған материал не туралы түсіну
A 1.2.4.1 Қарапайым оқиғаларды (мәтінді) мазмұндау
O 1.3.5.1 Мұғалімнің көмегімен қажетті ақпараттарды иллюстрациялы шағын мәтіндерден тауып алу
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады:
1. Мұғалімнің көмегімен берілген сөздерді оқиды, қайталайды
2. Сурет бойынша сөздерін сипаттау айтады
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
1. Сұрақтарға жауап береді
2. Сурет бойынша сөз тіркестерін құрастыра алады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
1. Сөйлемдер құрастыра алады
2. Сурет бойынша өз пікірін айтады
Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады: Сөзді түсінеді, оқиды, қайталайды, сөз тіркестерін құрастыра алады
Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Мақта қыз, мысық, ертегі, дән, сүт, сиыр, тышқан, ағаш, дүкенші, тауық
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Талқылауға арналған сұрақтар: Мынау кім? Бұл не? Не істейді?
Не себепті … Деп ойлайсыз?
Шынайы өмірде пайдаланады.
Ишара: Хикая карта, семантикалық карта, суреттер
Алдыңғы оқу: Алдынғы сабақта «Көліктегі қауіпсіздік ережелерді» қайталау
Жоспар
Жоспарланған
уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Басы

Ұйымдастыру кезеңі.
1. Амандасу
2. Кезекшімен сұхбат
3. Психологиялық ахуал гүл арқылы жасату (бір-біріне тілек тілейді)
3. Оқушыларды екі топқа бөлу, 1 – топ (Мақта қыздар),
2 – топ (мысықтар)
4. Жаңа тақырып:
Сабақтың тақырыбы «Мақта қыз бен мысық» ертегісі
— Сабақтың мақсатымен таныстырамыз

Жетістік критерийлері
1. Сабаққа белсенді қатысу
2. Өз пікірін айту
3. Шынайы өмірмен байланыстыру

Ойлау деңгейлері Бағалау критериі Дескрипторлар
1. Білу және түсіну Тыңдаған мәтінді (ертегіні) түсіну -тыңдайды және түсінеді
-мұғалімнің көмегімен
сұрақтарға жауап береді
-суреттегі заттарды атайды
2. Қолдану Оқыған түйінді сөздермен сөйлем құру -сөйлем құрастыра алады
-тақырып бойынша алған білімдерін
өмірде қолдана алады

Ортасы

1. Сөздік жұмысы
Мейіз – изюм
Дән – зерно
Құйрық – хвост
Ертегі – сказка
— мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды
— І топ сөздерді қазақша оқиды, ІІ топ орысша оқиды (Балаларды мадақтау)
2. «Мақта қыз бен мысық» ертегісін көрсету
— оқушылар ертегіні көреді, тыңдайды;
— мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
— Ертегі не туралы? (достық туралы)
— Бас кейіпкерлері кімдер? (Мақта қыз бен мысық)
— Ертегіде тағы қандай кейіпкерлер бар? (сиыр, ағаш, қыздар, тауық, дүкенші, тышқан)
— Мақта қыз мысыққа не істеді? (құйрығынды кесіп алды)
— Неге? (мысық сүтті төкті)
3. Сергіту сәті «Қарлығаш»
4. Хикая картамен жұмыс
Хикая карта пойыз түрде.

(әр топта кейіпкерлердің суреттер және сөздер беріледі)
— Балалар, есімізге алайық мысық құйрығынды қалай қайтарды.
— Біріншіден мысық неге барды? (сиырға) (Жарайсыңдар! Дұрыс жауапқа жұлдыз беремін)
— Сиыр не сұрады? (жапырақ)
— Екіншіден мысық неге барды? (ағашқа)
— Ағаш не сұрады? (су)
— Содан мысық кімге барды? (қыздарға, дүкеншіге, тауыққа)
— Қыздар не сұрады? (сағыз, жұмыртқа, дән)
— Соңғы мысық нені ұстап алды? (тышқанды)
— Тышқан мысыққа не берді? (дән)

Соңы 1. Сабақты бекіту. Семантикалық карта.

Семантикалық карта
кейіпкерлер дән су жұмыртқа жапырақ сағыз сүт құйрық
Мақта қыз
Ағаш
Дүкенші
Сиыр
Қыздар
Тауық
Мысық

2. Бағалау. Оқушылар жұлдыздарды санайды, қай топта көп, сол топ жеңді.
3.Үй жұмысы: жаңа сөздерді жаттау.
4. Рефлексия «Алма ағашы» оқушыларға екі түсті «алма» беріледі. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл-күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма –мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл-күйім жоқ.

Қосымша ақпарат
Саралау – оқушыға
мейлінше қолдау
көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Қабілетті
оқушыға тапсырманы
қалай түрлендіресіз?

Оқушыларды мадақтау
Өзін өзі талдауы
Қандай бағытта бердім? Бағалау – оқушы білімін
тексеруді қалай
жоспарлайсыз?

Мадақтау, қол шапалақ, жұлдыздар, дескрипторлар арқылы Пəнаралық байланыс –
Денсаулық жəне қауіпсіздік,
АКТ-мен байланыс.
Құндылықтармен байланыс
(тəрбие элементі).
Әдебиеттік оқу пәнімен байланыс; интерактивтік тақтамен жұмыс; бір-бірін тыңдай білу.
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу
міндеттері орындалды ма?
Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?
(тапсырмалар сəйкес болды ма?)
Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгеріс
енгіздім жəне неге? Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды.

Бүгін оқушылар жаңа сөздерді меңгерді, қолданып үйренді, қимыл арқылы көрсетіп үйренді, сұрақ қоюға дағдыланды

Сабақ орта деңгейде, белсенді өтті.

Жоспарланған саралау жақсы іске асты (тапсырмалар жас ерекшеліетеріне сəйкес болды).

Уақытты тиімді пайдалана алдым.

Жоспарыма ……….

Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)
1: Сергіту сәті, топқа бөлу, топтық жұмыс
2: Хикая картамен жұмыс
Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытумен оқуға қатысты)?
1: Семантикалық карта

2: Хикая карта

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі
сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1: Деңгейлік тапсырма

2: Жұптық жұмыс жасату

Автор:


0

Автор публикации

не в сети 10 месяцев

publisher

12
Комментарии: 0Публикации: 3711Регистрация: 08-12-2018