Әйел Ана

Сабақ тақырыбы: Ақселеу Сейдімбек «Әйел-Ана»

Мақсаты: Мәтінді түсініп оқи отырып, ондағы негізгі ойды ұғыну.
Міндеті: 1. Оқушыларға «Әйел-Ана» әңгімесінің мақсатын түсіндіру. А.Сейдімбек туралы жалпы мағлұмат беру.
2. Мәтінмен жұмыс жасата отырып сыни тұрғыдан ойлауға икемдеу. Адам өміріндегі ананың рөлі жайлы ойларын тыңдай отырып, сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Оқушылардың тіл байлығын дамыту, сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеуге машықтандыру, шығармашылығын дамыту.
3. О0ушыны сын тұрғысынан ойлауға, ойын еркін жеткізуге, ананың құдіретін тануға, сұраққа толық жауап беруге, ынтымақтастық атмосферасын құруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, қима қағаздар.
Оқытудың нәтижелері:
1. Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады
2. Берілген мәтіннің мағынасы мен мазмұнын түсінеді
3. Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы орындай алады
4. Оқушы өз ойын еркін, сыни тұрғыдан ойлай отырып жеткізе және талдай алады.
Қамтылатын модульдер:
1 – модуль – Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (топтық жұмыс, диалогтік оқыту)
2 – модуль – Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (ассоциация, сөздер банкісі)
3 – модуль – Бағалау (жиынтық)
4 – модуль – АКТ пайдалану (интербелсенді тақтамен жұмыс және видео)
7 – модуль – Көшбасшылық
2. Қадамдар:
1.Қызығушылықты ояту
2.Мағынаны ашу
3.Тұсау кесер
4.Ой толғау
5.Қорытынды
6.Рефлексия
7. Бағалау
Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті:
1. Оқушының зейінін сабаққа аудару
2. Топқа бөлу
3. Үй тапсырмасын сұрау
4. Жаңа сабақты түсіндіру
5. Тапсырмалар беру

Оқушының іс-әрекеті:
1. Зейіндерін сабаққа аударады
2. Смарт бейджик арқылы топқа бөлінеді
3. Үй тапсырмасын сахналап көрсетеді
4.Жаңа сабақты меңгереді
5. Берілген тапсырмаларды топтасып орындайды
6.Кері байланыс. Жетістік жолы.
7. Бағалау Өзін-өзі бағалау
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. Топқа бөліну. Топтық ереже (10 мин)
Психологиялық дайындық. «Таңғы шеңбер»
Балалар шеңбер құрып тұрады. Бір-біріне жылы сөздер айтып, жүректі ұсынады.

Үй тапсырмасын тексеру.
Ы. Алтынсариннің «Қарабатыр» ертегісі желісімен сахналық қойылым қояды.
Үй тапсырмасын тиянақтау. Сұрағы бар қорапшадағы сұраққа жауап беру.
1-топ. Әдеби ертегі дегеніміз не?
2-топ. Халық ертегісі мен әдеби ертегісінің ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?
3-топ. Қарабатыр ертегісінің авторы кім? Бұл қандай ертегіге жатады?

ІI. Тұсау кесер кезеңі (25 мин)
Ой қозғау.Мақал-мәтелді талдайды.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашады
1-топ. Әйелдің пірі — еркек.
Еркек — үйдің егесі,
Әйел — үйдің шегесі
2-топ. Баланың білегі ауырса, ананың жүрегі ауырады.
3-топ. Әжемді тыңдағаным –Өзімді танығаным.
Ана туралы бейнебаян тамашалау.
-Олай болса бүгінгі тақырыбымыз кім туралы деп ойлайсыздар?
Жаңа сабақ: Күннің жадын белгілеу, тақырыпты жазу.
Ақселеу Сейдімбек Әйел-Ана Сөздік жұмыс
Автор туралы бейнебаян
Ақселеу Сейдімбек 1942ж Қарағанда облысы Жаңаарқа ауданы Атасу ауылында дүниеге келген.
Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді топқа бөліп – бөліп оқытып ,талдату.
Тапсырмалар
Сюжетті суреттер арқылы топтық жұмыс.
1-топқа: Күншуақ елі, Бірлігі мол, Жігіттері жаужүрек, Қыздары аққудай сұлу.
2- топқа: Қапыда шапқан жау, тұтқын болған ел, дәрменсіз пенделер, Жау әміршісінің жарлығы
3- топқа: Тұтқындардың шешімі,Ақ шашты ананың ақылы, Жаудың анты
Жау әміршісінің алдануы

Сергіту сәті: Анашым әнін шырқау
ІІI.Қорытынды: (10 мин)
1- топ:
а) Ер-азаматтарды аман алып қалу үшін Әйел-Ана қандай тапқырлық жасады?
ә) ертегіде ананың орнын әке деп өзгертсек болама? Өз көзқарасың.
2- топ:
А) Автор ертегі арқылы бізге қандай ақыл, өнеге бермекші болып отыр?
ә) Ертегіден қандай әсер алдың?
3- топ:
А)Ер-азаматтарды қорғаннан алып шығудың тағы қандай жолын ұсынар едің?
Ана сөзіне сипаттама бер.
Рефлексия: «Жетістік жолы»
Осы сабақ бойынша қандай табысқа жеткендігін жетістік жолында көрсетеді.

Бағалау: Мадақтаулар. Өзін-өзі бағалау.

Бағалау парағы
Оқушы аты-жөні:_________________________________

Жетістік критерийлері «+» «- »
Қойылым сахналай аламын
Сұрақтарға жауап бере аламын
Мақал-мәтелдің мазмұнын аша аламын
Мәтінді оқи аламын, түсінемін
Мәтінді әңгімелей аламын

Автор:


Автор публикации

не в сети 2 года

publisher

Комментарии: 0Публикации: 3710Регистрация: 08-12-2018