Әдебиет пәнінен презентация «О.Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы және «Қар қызы» повесі»

Оралхан Бөкей қазақ халқының сүйікті жазушыларының бірі. Оның шығармаларын қалың оқырманнан басқа, мектеп оқушылары да сүйіп оқиды. Оның әсіресе, «Қар қызы» повесі көптеген шетел тілдеріне аударылды. Оралхан Бөкей – есімі дүние жүзіне танымал жазушы. Оралхан Бөкейдің шығармалары дүние жүзінің көптеген тілдеріне орыс, ағылшын, француз, неміс, жапон, араб, қытай және басқа да ұлы халықтар тілдеріне аударылған.Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Қатоңқарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында дүниеге келген. Әкесі Бөкей сөзге шешен, астарлап сөйлеп өз ойын дәл жеткізетін, рухы мықты, жаны таза адам болған. Анасы Күлия көреген, ділмар, үнемі топ бастап жүретін, қажет жерінде қиыннан қиыстырып өлең де шығаратын, әсем даусы бар әнші де болған. Отбасында бір ұл — Оралхан, бес қыз – Шолпан, Әймен, Ләззат, Мәншүк, Ғалия. Оралхан дүниеге келгенде сұрапыл соғыс жылдары әкесі Оралға еңбек майданына аттанған. Анасы Күлия әкесі майданнан аман-есен оралсын деп ырымдап, сәбидің атын Оралхан деп қойған екен.

ФИО автора:Алимбаева Алтынай Сапарбековна
Основной файл:Скачать файл
0

Автор публикации

0
Комментарии: 0Публикации: 3Регистрация: 21-05-2020