Қазақтың ұлттық ою-өрнектері

ФИО автора:Казбек Ажар Жолбарысовна
Основной файл:Скачать файл

Басқаша айтқанда, ғылыми көзқарас тұрғысынан алып қарағанда көптеген ою-өрнектердің тотемдік және сиқырлы символдар мен мазмұндық мағынасы дәлелденген жоқ. Қазіргі таңда символдық мағынасын жоғалта отырып, тұрмыста тек қана эстетикалық көзқарас тұрғысынан қабылданады. Қазақ даласында ою-өрнектер әртүрлі бағыттарда жетілдірілді. Қазақстанның әртүрлі өңірлері ерекшеліктерімен, оларға тән ою-өрнектермен, олардың өзіндік стильдерімен ерекшеленді. Соған қарамастан, барлық ою-өрнектердің негізгі элементі, құқықтық негізі мүйізге ұқсас, доға тәрізді желілерде басым болған «Мүйіз» ою-өрнегі есептеледі. Қазақ халқының дәстүрлі бұйымдарында: қару өнерінде, киіз үйлерді жинауда, зергерлік бұйымдарда, кілем тоқуда, алаша өргенде, жүн бұйымдарында, қоржындарда, ыдыстарда, өру, тігу әдісімен дайындалатын киімдерде,  пұшпақ тіккенде, ерітуде, кесуде ою-өрнектермен әшекейлеу кеңінен қолданылды. Ғалымдардың пайымдауынша қазақ ұлттық ою-өрнектерінің, әзірше 230-дай түрі ғана анықталған. Біз солардың ішіндегі халық арасында ең көп тараған «мүйіз» тектес ою-өрнекті айтуға болады. «Мүйіз» оюы қазақ халқының ою-өрнегінің төркіні деуге болады, өйткені барлық жаңа элементтер соның негізінде

Автор публикации

не в сети 7 месяцев

Абуова Гулбиби Оспановна

Комментарии: 0Публикации: 4Регистрация: 15-05-2020