Учитель 21 Века

Главная » Файлы » сообщество учителей » коучинги [ Добавить материал ]


Оқудағы кедергілерді анықтау.Оқудың аффективтік теориясы
17.10.2015, 19:29

Коучингтің тақырыбы: Оқудағы кедергілерді анықтау.Оқудың аффективтік теориясы,оқушыларды ынталандыру.
Күні:
Жалпы мақсаты: Оқушының оқуында туындауы мүмкін кедергілерді және олардың оқуға деген ынтасын сақтап қалу мақсатында оқушыларға қолдау көрсету әдістерін анықтау.Қиын оқушылармен қалай жұмыс жасау керектігін білу.
Оқу нәтижесі: Оқудағы кедергілер зияткерлік,әлеуметтік және эмоционалдық сипатта болатынын түсіну.
Практикалық
тапсырма Тиімді оқытуға кедергі болатын құбылыстар туралы пікірлерін жазу,ақпараттық постер жасау. Маслоудың қажеттіліктер иерархиясын ескереді.
Түйінді идеялар: «Қиын оқушы»,оқудағы кедергілер,кедергілерді қалай жоюға болады?

Коучингтің өтілу барысы: 1.Белгілі бір әдіспен топқа бөлу ( әртүрлі мамандықтар арқылы) 5 мин.
І-топ «Білім»
ІІ-топ «Өнер»
ІІІ-топ «Денсаулық» тобы бойынша бөлінеді.
2.Коучингтің мақсатымен таныстыра отырып,жетелеуші сұрақтар қою және мұғалімдердің пікірлерін білу. Таныстырылым арқылы Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы туралы түсіндіру.
Мұғалімнің оқушыға және оған кеңес беруге көзқарасы
ОҚУШЫЛАР МҰҒАЛІМДЕР ЖӘНЕ САБАҚТАР ТУРАЛЫ НЕ АЙТАДЫ
Біз оқушылардың кейде сабақтың білім беру процесінен «шығып қалатынын» білеміз, себебі олар зерігеді немесе олардың күрделі жұмыстан жалтарғылары келеді, не олар сыныптағы шудан қажыған немесе оларға мұғалім белгілі бір сәтте көрсете алмайтын жеке көмек қажет болады немесе кезекті тапсырма олардың қоғамдық өмірінің қиындықтары туралы әңгімеге не сол туралы ойлануға қарағанда мейлінше қызықсыз.
Бұлар оқыту және оқудың күнделікті таныс проблемалары, бірақ егер оларды шешусіз қалдыратын болса, онда оқушылар оларды қызықсыз күнделікті мектеп өмірінің бөлігі ретінде қабылдауы мүмкін және қандай да бір уақыт өткеннен кейін олардың алдында мектепке және оқытуға қатысты қызығушылық проблемасы тұрады. Осындай қызығушылық жемісі қиындыққа итермелеуге және сынып жұмысына тартуға, мектептегі әртүрлі іс-шараларға қатысуын ынталандыруға, жұмысқа икемделген құрдастарын құрметтеу немесе қолдауға байланысты. Сонымен қатар, мұғалімнің адамгершілігі мен кәсіби сапасына да байланысты әрине.
3. Қиын оқушылармен жұмыс жасау тәжірибелерімен бөлісу (15 мин).
а) Жұптасып сыныбындағы «қиын» оқушылармен жұмыс жасау тәжірибелерімен бөлісу;
б) Бейнекөрініс (мектеп, сынып шеңберіндегі оқушылардың түрлі іс-әрекеттері)
• осы бейнекөріністегі «қиын» немесе тәртіпсіз оқушыларды анықтау;
• әрбір топ осы оқушылармен қандай жұмыстар жүргізуге болатынын, оларға қандай қолдау көрсету керектігін ұсыну;ұсыныстарды талқылау.
4.Мәтінмен жұмыс.(25 мин)
Оқушылардың жеке істерімен байланысты жаттығу. 6 адамнан тұратын үлкен 5 топтарда «Қорғанушы Дейв», «Қауқарсыз Ханна», «Ұқыпты Салли», «Көңілді Сэм», «Мазасыз Альма» тақырыптарында пікір бөліседі және топ алдына шығып, өзінің мәтіні бойынша ой бөліседі.
Сұрақтар:
Неліктен бұл оқушылар өздерін осылай ұстайды?
Мұғалім не істей алады?
5.Сергіту сәті(5мин) «Конверт-сұрақ» әдісі.
Әр топ басқа топтың мүшелеріне өздеріне қажет сұрауларын қояды.Олар бұл топқа өз сұрауларын қояды.Сұрақтарды кез-келген тақырыпқа байланысты қоюға болады және тілек жазуға болады.Бірақ адам атын жазбаса да болады.
1. «Лездеме» әдісі бойынша мұғалімдер аталған сөздерді табады. Сіздің топтың екі қатысушысы бүгінгі сабақтың негізгі сөздерін түсіндіру үшін сізде бір минут бар.Сөздің өзін атамай түсіндіру. (15мин)
Жазылған сөздер:қиын оқушы,күйгелек бала,психолог,сыныптағы ахуал,өте ақылды,үлгермеуші оқушы,үздік оқушы,жасөспірім кезеңі,ізденімпаз мұғалім.
7.Коучингті қорытындылап,белсенді мұғалімдерді марапаттау.
8.Кері байланыс

Жауапты: І-деңгей мұғалімі Оңғарбай Салтанат.

Категория: коучинги Оңғарбай Салтанат Қалимолдақызы |
Просмотров: 983 | Загрузок: 496
Всего комментариев: 0
avatar