Учитель 21 Века

Главная » Файлы » сообщество учителей » коучинги [ Добавить материал ]


Коучинг-сессия: «АКТ-ң оқытудағы жаңа әдістерді қолдану»
04.05.2016, 20:16

Коучинг-сессияның жоспары мен тақырыбы:
«АКТ-ң оқытудағы жаңа әдістерді қолдану»
дайындап жүргізген І деңгей (ілгері) К.Н.Сейтжанова
Тақырыбы: «АКТ-ң оқытудағы жаңа әдістерді қолдану»
Мақсаты: Педагогтар ақпараттық-коммуникациялық (АКТ) мен ақпараттық технологияларын (АТ) мазмұндық түсінігін қарайды және тестік бағдарламаны қолдануды үйренеді.
Күтілетін нәтиже: Әріптестер АКТ мен АТ туралы ақпаратты игереді;
Ақпараттық мәдениет, АКТ-құзыреттілік, АКТ-сауаттылық, АКТ-біліктілік ұғымдарды ажырата алады;
Заманауи білім беру үдерісінде оқу мақсатын белгілі бір дәрежесін жүзеге асыру және жоспарланған оқу нәтижесіне қол жеткізуде АКТ орнын анықтайды;
АКТ туралы өзіндік ұғымдарын теңестіру;
Сабақтан тыс және сабақ барысында АКТ қолдану туралы қорытындылар жасау, сонымен қатар өзідік АКТ біліктілігін жоғарлатады;
Негізгі идея Өз пайдаланушыларының қызығушылығы жайлы ақпаратты қолданудағы және жиындарды интегралдау, өңдеу, сақтау, тарату, кескіндеу мақсатындағы өндірістік үдерісінде және ақпараттық-технологиялық әдіс-тәсілдердің құрамы.
Көрнекіліктер мен материалдар Презентация-слайд; тапсырмаларды орындау үшін қағаз, маркерлар.

Сессияның барысы
Кезеңдері
Уақыт Коучтің іс-әрекеті және коучингті ұйымдастыруы
Кіріспе бөлімі
5 мин. «Алақандар» жаттығу. ( Әр адам өз алақаның салады.Содан соң өз аты мен өзіне ғана тән жақсы қасиетін жазады. Сосын «алақан» суретін көршісіне береді, ол сол адамға ғана тән жақсы қасиетін жазып береді, ең соңында сурет иесіне қайтып келеді. )
1.Бір-екеуін оқып беруге болады. Сіздер таң қалған қасиеттер аталды ма? Бұл пікірмен келісесіз бе?
Қорытынды: Біз адамдарды сәйкесінше болжаныммен бағалаймыз, бірақ ол біз ойлағандай бола бермейді.
2.Коучтің кіріспе сөзі, АКТ дегеніміз не және оның қолданудың өзектілігі.
Топқа білу 2 мин. Түрлі – түсті қағазбен бөлу
Сергіту сәті 3 мин. «Қарлығаш»
1 тапсырма

2 тапсырма

3 тапсырма

4 тапсырма
5-7 мин.

10 мин.

20 мин.

10 мин
Мұғалімдерге ақпараттық-коммуникациялық (АКТ) мен ақпараттық технология (АТ) арасындағы айырмашылықтарын топтарда талқылау ұсынылады;
Топта жұмыс істеу барысында, мұғалімдерге «АКТ артықшылықтары мен кемшіліктерін қолдану» талқылау және кестені толтыру.
Презентация-слайдтың көрсетілім барысында «АКТ оқытудағы жаңа әдістерді қолдану» топтарда ақпараттық мәдениет, АКТ-құзыреттілік, АКТ-сауаттылық, АКТ-біліктілік ұғымдарды талқылау және слайд бойынша сүрақтарға жауап беру;
Мұғалімдерге сasy Quizzy бағдарлама арқылы тестік тапсырма құрастыру және онлайн сауалнама ұсынылады.
Бірлескен жұмыс негізіндегі тәсіл Коллаборативтік оқыту; критериалды бағалау; конфенденциальность; креативті; белсенділік; жасампаздық.
Рефлексия Әр мұғалім өзіндік тәжірибесін жүзеге асыруда, даму жолдарының әдістері мен өзгерістерін тыңғылықты және үнемі ойластырады.
Бастаулар АКТ-ң оқытудағы жаңа әдістерді қолдану (Power Point).
Ұсынылған әдебиеттер: 1. І бірінші (ілгері) деңгей мұғалімдеріне арналған нұсқаулық

Категория: коучинги | Добавил: Kuljash2016 | Теги: «АКТ-ң оқытудағы жаңа әдістерді қол, Коучинг-сессия Сейтжанова Куляш Нуркешевна |
Просмотров: 804 | Загрузок: 431 | Комментарии: 2
Всего комментариев: 2
avatar
2
surprised
avatar
1
wink Рахмет!)))
avatar