Учитель 21 Века

Главная » Файлы » сообщество учителей » коучинги [ Добавить материал ]


"Кері байланыс қаншалықты маңызды?" коучинг-сессия
03.05.2016, 22:53

Ақмола облысы, Степногорск қаласы
«Степногор ауылының орта мектебі» ММ-нің мұғалімі
Мергенбаева Панвали Сералиевнаның
«Кері байланыс қаншалықты маңызды?»
тақырыбы бойынша коучинг- сессия жоспары

Уақыты: Күні 25.02.2016ж
Коучинг тақырыбы: Кері байланыс қаншалықты маңызды?
Сілтеме: Нұсқаулық, суреттер, ғаламтор материалдары.
SMART мақсаттары: 1)сабақтың сәтті шыққанын кепілі- кері байланыстың маңызды рөлін атқаратынын түсінеді;
2)кері байланыстың түрлерін біледі және қолданады;
3)кері байланыстың сабақтың қай кезеңдерде қолдануды біледі.
Оқыту нәтижесі: Топтаса жұмыс атқара отырып бірлескен жұмыс жасауға үйренеді, кері байланыс туралы түсінік қалыптасады, кері байланыстың түрлерін, ерекшеліктерін айқындай отырып, қажетті жағдайда тиімді пайдалануға үйренеді.
Мұғалімдер үшін табыс критерийлері:
1. Әріптестердің танымдық қабілеттері кеңейеді.

2. Ұжымдағы сыйластық пен ауызбіршілік артады.

3. Сын тұрғысынан ойлай отырып, кері байланыс жасауды үйренеді.

Психологиялық тренинг «Танысу» тренингі арқылы ұстаздардың жұмыс орнында, туыс-туғандар мен достары қалай атайды екен тыңдаймыз. 5 минут
Топқа бөлу Суреті бар (жүрек, қонып жатқан көгершін, ағып жатқан бұлақ көзі) қағаздар арқылы топқа бөлінеді.Әр топ суретке байланысты (адамға қарым-қатынас жасауға қандай қасиеттер қажет) өз тобының атауын келтіреді, топ басшысын сайлайды. 2 минут
Тапсырмалардың түрлері: Тапсырманы орындау барысында қолданылатын тәсілдер: постер жасау, пікірлесу, SWOT талдау арқылы пікір алмасу, ой бөлісу, Уақыт
Кіріспе тапсырма Суретпен жұмыс (ой түрткі сұрақтар арқылы коучингтің тақырыбын айқындалады) 5 минут
№ 1тапсырма
(топтық жұмыс) «Кілт сөздер» әдісі арқылы
кесте толтырылады 7 минут
Бағалау Топтар бір-бірін қол шапалақ арқылы бағалайды
№ 2тапсырма (топтық жұмыс) Кері байланыстың қандай маңызы бар? деген ұғымға SWOT талдау жасау. Қосымша әлсіз жақтарымен қауіп-қатерлермен қандай шешу жолдары бар екенін пікір алмасу. 5 минут
№ 3 тапсырма (топтық жұмыс) Әр топ бүгінгі семинардан қандай әсер алды, кері байланыс орнату. Тақтаға сэндвичтің шығарылған суретіне қарап, постер жасау. 7 мин. дайындау
5 мин. қорғау
Қорытынды Кері байланыс мұғалім, оқушы және ата-ана үшін өте маңызды екенін түсінгенін айтып қорытындылаймыз. Қатысушыларға алғыс білдіреміз. 2 минут

Категория: коучинги | Добавил: SSSStepnogorskoe | Теги: couching, Plan Мергенбаева Панвали Сералиевна |
Просмотров: 815 | Загрузок: 438
Всего комментариев: 0
avatar