Учитель 21 Века

Главная » Файлы » рефлексия » учителей [ Добавить материал ]


Топтық таныстырылымға қатысу туралы рефлексивті есеп
27.02.2015, 00:23

Топтық таныстырылымға қатысу туралы рефлексивті есеп

Ақтөбе қаласы №19 орта
мектебінің математика пәні мұғалімі
Елюбаева Жанаргуль Актлеуовна

Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс- мқимылға қарағанда мейілінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс-қимылға тартылады, осылайша, негізделген дәлелдерді әзірлеу және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады» («Мұғалімге арналған нұсқаулық» 29 бет) деген пікірге сүйене отырып тәжірибемде оқушылармен топтық жұмыстар жүргіздім.
Әрбір мұғалім бұл курсты көріп, оқып-танымайынша, әркім әр түрлі пайымдап, біз үшін алынбас қамалдай боп тұрған еді. Алайда, аз уақыт ішінде біз үшін тиянақты дайындалған оқу процесіне қызу кірісіп кеттік. Соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған аудиторияларды, нақтыланған көрнекілік құралдарды және күлімдеп қарсы алған жылы жүзді тренерлерді көрген кезде біздер, мұғалімдер қауымы, бұл жаңа оқу процесіне белсене араласуға бел будық. Баршамызға аян, білімге қол жеткізудің күн сайын артуының нәтижесінде мұғалімнің рөлі өзгереді. Әр күн әр түрлі етіп топтарға бөліну тапсырмаларын орындадық. Топтасып жұмыс жасау ынтымақтастыққа, бірлесіп жұмыс жасауға тиімді әдіс екенін сезіндім. Берілген тапсырмаларда түсінікті етіп парақтарға түсіріп,топтық таныстырылымдар жасадық. Бұл тәсілдерді оқушылармен орындау тиімді екенін түсіндім. Топ болып жұмыс жасау жаңа ұғымды меңгеруге, мағынасын ашуға, ол ұғымның есте жақсы сақталуы үшін тиімді әдіс екеніне көзім жетті. Нұсқаулықта жаңа, таныс емес ұғымдар өте көп. Маған кітапты оқып шығып, оны түсініп алу қиынға соқты. Тілі ауыр болды. Тренер әр топқа тапсырмалар беріп тұрды, сол кезде топпен талқылау арқылы түсіне бастадым. Себебі талдау арқылы 50% сақталады дегендей, мағынаны толық түсінуге топтық жұмыс ықпал етті.
Айтып кеткенімдей, алғашқы күннен бастап, бір-бірімізбен танысып, сынып ахуалына қызу кірісіп, топ-топтарға бөлініп алдық. Кей уақыттарда өзімізді оқушы да санап қалған жағдайлар да болды. Жалпы өзіміздің тобымызда 30 мұғалім жиналғанбыз. Қысқа мерзім ішінде бір-бірімізбен жақсы танысып алдық, қоян-қолтық жұмыс істеуге сақадай сай тұрдық. Бұл да бір жағынан курстың талаптарын қажет ететін бір модуль еді.
Мұғалімдермен бірлесе отырып көптеген тақырыптарда жұмыстар жасадық, берілген тақырыптар бойынша жоба қорғадық, әңгіме-дүкен құрдық, диалогтар жасадық, ой-толғаныстар болды, сергіту сәттері де есімізде. Кейбір тақырыптар бойынша әр түрлі көзқарастар мен келіспеушіліктер де орнын тауып жатты. Әрине, жүз адамның жүз түрлі пікірі болатыны даусыз, аудитория ішінде өзінше пікір айту- әр адамның демократиялық құқығы. Мысал үшін, әлі есімде топ ішінде «Мінсіз оқушы», «Өзін-өзі реттеу», «Инклюзитивті мектеп», тағы басқа тақырыптарда қызу пікірталас болған еді, топ ішінде ортақ бір шешімге келгеннен кейін, сол идеямызды қорғап шығуда ауызбіршілік таныта отырып, ортақ бір шешімге тоқталып отырдық. Тренерлер жүргізген тренингтердің «Мектептегі тәжірибе» кезінде көп көмегі тиді. Әсіресе, cергіту сәттерінде оқушылар үлкен қызығушылықпен қабылдады.
Бұған дейін көптеген білім жетілдіру курстарына қатысқан едім. Алайда ұзақ мерзімге жоспарланған бұл курсты қай жағынан алып қарасаңыз, болашаққа үлкен үмітпен артылып, ұзақ мерзімге бағытталған өте кең ауқымды бағдарланған жоба екендігін түсіндім.Топта жұмыс істеудің тұжырымдамасын төмендегідей негізге жоспарладым.
Топтарда жұмыс істеу не үшін қажет?
Ынтымақтастық оқу
Топтардағы бірлескен жұмыс
Ынтымақтастық оқу-өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жету үшін ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады.Топтық жұмыстың тиімді болуы үшін топ мүшелері арасында билік пен жауапкершілікті бөлу орын алады. Ынтымақтастық оқудың алғышарты топ мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы ымыраға, пәтуаға жетуге негізделген.
Ынтымақтастық оқу-оқыту мен оқуға білім беру тәсілі, бұл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін бірлесіп жұмыс істейтін топ. Ынтымақтастық оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген,оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі және осы әңгімелесу арқылы оқуды жүзеге асырады.
Топты қалай ұйымдастыруға болады?
• Топты ұйымдастыру ережесі
• Топтарда жұмыс істеу ережесі
• Топтың саны
• Топтағы жұмыс нәтижесі
• Топтағы бірлескен жұмыс
Топтық жұмыстың артықшылығын барынша күшейту үшін, оқушыларыммен
қарым қатынас жасаудың жеке тұлғалық ерекшеліктерін, өзімнің пікірімді білдіру және басқаларға қолдау көрсету дағдыларын біліп, оларды дамытып отырдым.
Дәстүрлі оқытуда ешқашан топпен жұмыс істеп көрген жоқпын. Топпен жұмыс жасау өте тиімсіз деп ойлағанмын. Тәжірибе кезінде топтық жұмыстың тиімді екенін көрдім. Сабақта ынтымақтастық орнады, оқушылар бірін бірі сыйлайды, жақсы қарым қатынаста жұмыс жасады. Оқушылар бірін бірі оқытты, білімдерін алмастырды. Топ мүшелерінің бірін бірі жақын танысып, араласып отыру үшін топтарды біртіндеп өзгеріп отырды.
Алғашқы сабақта оқушылар «ол маған ұнамайды», «мен ол оқушының қасына отырмаймын», «басқа оқушының қасына отырайыншы» деген әңгімелер көп болды. Сабақ орталарында ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін сергіту сәтін ұйымдастырып тұрдым. Бұл кезде оқушылар бірін бірі таңдамай қол ұстасып белсене араласа бастады. Оқушылар отырмаймын, ұнамайды деген оқушылармен араласып, тапсырмаларды талқылап жатты. Тәжірибе соңында оқушылар топтық жұмысқа үйренді. Кабинетке келген кезде топтасып отыра қалатын болды. Әр күні оқушылар әр топқа отырып жүрді. Практика кезінде оқушылар бір бірімен топтарда араласып отырды. Осы топтық жұмыс арқылы бір бірін жақын таныды, жек көретін сыныптастарының қамқорлығын сезіне отырып, бір бірін жақтырмайтын көз қарастары өзгерді. Себебі олар білмей жатқан жерлерін топтасынан сүрайды, өзара бір біріне түсіндіре отырып араларында топтық әңгіме жүреді.
Жалпы тәжірибемде топтық жұмысты ұйымдастырудың тиімді және тиімсіз жақтарын байқадым. Алғашында топпен бірлесе жұмыс жасау, уақытты тиімді пайдалану қиындық келтірсе, ал тиімді жағы оқушылар бірлесе жұмыс жасайды, ойлаумен бірге тілдері де дамиды, зерттеушілікпен айналысады, ортақ бір тұжырым жасайды, таным белсенділіктері артады, шығармашылық қабілеттері қалыпатасады.
Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағүрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді. Мен өткізген сабақтарымда топтарға күрделі тапсырмаларды ұсына отырып, сол тапсырмалардың орындалуына бағыт бағдар беріп отырдым. Топтық жұмысты мұғалімдер ұйымдастырады және қолдау көрсетіп отыру керек. Содан кейін тапсырманы орындағаннан кейін оны талқылауға уақыт берілуі қажет. Бұндай қағиданы сабақ басында ұстандым. Мен топтың тиімді жұмысына қолдау көрсете отырып, оң нәтижелерге қол жеткізуге ықпал еттім.
Мен тәжірибеде барлық сабақтарымда топтарға жаңа сабақтарды өз беттерімен түсіну үшін топтық таныстырылымдар жасаттым. Оқушыларының ойларының тереңділігін байқадым. Таныстырылым жасаған кезде оқушылардың жақсы идеяларын ұсынғандарын байқадым. Сыныппен жүргізілетін жұмыс неге қол жеткізілетіндігін, нені білу жоспарланғандығын және топтық жұмысқа арналған тапсырмалар барлық сыныпты оқытумен қалай байланысты екендігін талқылауды қамтуы тиіс.
Топтық жұмыс ұтымды, тиімді болу үшін белгіленгентапсырмалар мен топтың қызметі стратегиялық тұрғыдан дұрыс құрылуы тиіс, олар топта тиімді жұмыс істеуге ынталандырып, қамтамасыз етіп, жоғары деңгейдегі оқытуды, ойлауды және түсінуді дамыту үшін қолданылады.
Қорыта келгенде, «Білімді ұрпақ-ел қазынасы» деген Елбасының сөзін негізге ала отырып, Қазақстанның білімі мен ғылымының дамуына өз үлесімізді қоса отырып, ұстаздарға қойылар талаптың ауыр екенін сезінеміз. Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақ болса, олардың тағдыры ұстаздардың қолында екенін сезіне отырып ой қорытамын.

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2012ж.
2. Сабақ жоспарлары
3. Мұғалімге арналған үлестірме материалдар(3_L3W1D1_)
.

Категория: учителей Елюбаева Жанаргуль Актлеуовна |
Просмотров: 2031 | Загрузок: 718
Всего комментариев: 0
avatar