Учитель 21 Века

Главная » Файлы » рефлексия » учителей [ Добавить материал ]


Технологическая карта урока по аппликаций
21.11.2016, 18:24
Білім беру саласы: «Шығармашылық».
Білім беру бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Жүк автомовилі».
Мақсаты: Көлік түрлері білімдерін нақтылау; жүк автомовилінің қызметімен және бөлшектерімен таныстыру; жапсыру реттілігін түсіндіру және жапсыру дағдыларын қалыптастыру.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: көлік түрлері туралы,оның бөліктері туралы әңгімелесу,сурет бойынша көрсету,әңгіме құрастыру.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар,дайын аппликация үлгілері,сүрткіш, Айдар,Айсұлу есімді қуыршақтар.
Сөздік жұмыс: жүк автомовилі.
Іс-әрекет
Кезеңдері Тәрбиешінің басқару іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-
қозғаушылық Шаттық шеңбері.
Жұмбақ
Көше бойлап аяңдап,
жүк тасып аялдайды.
(жүк автомовилі.) Балалар тәрбиешінің жасырған жұмбағын шешеді:жүк автомовилі
Ұйымдастыру-
іздестіру -Балалар,біреу есік қағып тұрған сияқты,
тыңдаңдаршы.Бұл-Айсұлу мен Айдар атты қуыршақтарымыз екен ғой.
Олардың көңіл-күйлері жоқ сияқты, сұрап көрейік.
Қуыршақтар:
-Біз күнде әдемі машинамызбен серуенге шығатын едік,енді ол бұзылып қалды,бізге жаңасы керек болып тұр,-дейді.
-Балалар,Айдар мен Айсұлуға біз көмектессек қалай болады жүк,машинасын жасап берейік.
-Айдар,Айсұлу сендер де бізге қосыласыңдар ма?
-Бүгін біз жүк автомовилін жапсыруды үйренеміз.
-Балалар,машинаның пішіні қандай?
-Ал оның қандай көлік түріне жататынын білесіңдер ме? Машина ауыр көлік түріне жатады.Оның көлемі үлкен болады және пішіні тіктөртбұрыш тәріздес,сонымен қатар терезелері,дөңгелегі және негізгі бөлігі (корпусы) бар.Қазір біз машина бөліктерін геометриялық фигуралардан жапсырамыз.
Сөздік жұмыс: жүк автомовилі.
Ең алдымен корпусын доғал бұрыштан ал терезелерін,дөңгелектерін дөңгелектен жапсырамыз.
Тәрбиеші жапсыру үлгісін көрсетеді.
Сергіту сәті.
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз.
Көкке қарап,талпынып,
Күнге қолды созамыз.
Қанат қағып ұшамыз,
Қарлығаштай қалықтап.
-Балалар,Айдар мен Айсұлудың көңіл күйлерін тезірек көтеру үшін жұмысты бастайық.Тәрбиеші жапсыру жұмысы кезінде қиналған балалармен жеке жұмыс жүргізеді. Балалар тыныштала қалады.
Келген қуыршақтармен амандасады,қуанады.

Балалар Айдар мен Айсұлудың айтқандарын мұқият тыңдайды.

-Көмектесуге дайынбыз.

-Төртбұрышты.

Балалар тәрбиешінің айтқандарын мұқият тыңдайды.

Қайталайды:автокөлік.
Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап айтады,қимыл-қозғалыстар жасайды.

Балалар тапсырманы орындайды.
Рефлексивті-
түзетушілік Рефлексия:
-Балалар,біз бүгінгі іс-әрекетімізде не істедік? Енді жүк автомовилін Айдар мен Айсұлуға сыйлайық.Қуыршақтар балалармен қоштасады. - Балалар жауап беріп, Айдармен,Айсұлумен қоштасады.
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: геометриялық фигуралардан машина көлігін жапсыруды;
Игереді: көлік қызметін,оның ерекшеліктерін;
Меңгереді: жүк автомовилі көлігі туралы мағлұматты.
Категория: учителей Карпеева Гульзакен Оралбековна |
Просмотров: 326 | Загрузок: 165
Всего комментариев: 0
avatar