Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Внеклассное [ Добавить материал ]


«XX1 ғасыр көшбасшысы»
15.10.2016, 20:28

«XX1 ғасыр көшбасшысы»

Мақсаты: өз бетімен іздене білуге , қосымша материалды іріктей алуына, ой қорытуға ,қызыға оқуға жетелеу.
Дамытушылық мақсаты: өтілген материалды тиянақты меңгеруге, жүйелі ойлау, ойын әсерлі жеткізуге, туған тіл байлығын қадірлеуге баулу,еркін, шешен, көркем сөйлей білуге үйрету.
Тәрбиелік мәні: қазақ тілінің ұлт тілі екендігін, мемлекетті мемлекет етіп танытатын тілі мен өнері, салт- дәстүрі , білімі екенін ұғындыру, оқушыны болашаққа деген сенімге баулу.
Көрнекілігі: білім туралы қанатты сөздер, мақал- мәтелдер жазылған плакаттар, ойынға қажетті қағаздар, суреттер.
Сайыстың айдары:
Кім көбірек біледі дегенді емес, кім жақсырақ біледі дегенді анықтауға тырысу керек . М. Монтень

Сайысқа 8,9- сыныптар арасынан суырылып шыққан дарабоз оқушылар қатыстырылады.
Ортаға қатысушы оқушылар шақырылып таныстырылады.
Сайыстың төрелігіне қазылар алқасы тағайындалады.
Сайыс 5 бөлім бойынша жүргізіледі.
1 бөлім – « Бәйге »
11бөлім – « Тіл өнері »
111 бөлім – « Жеті жұмбақ »
1V бөлім- « Тапқырлық »
V бөлім - « Жорға »
Жүргізуші: Бірінші « Бәйге » бөлімінде қатысушылар қойылған сұрақтарға тез , толық жауап беру керек. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.
1.Наурыз күні айтылатын әңгімелерді ата. ( жақсы тілек, ақ бата, ұлыс күнімен құттықтау, еңбекті сүю, төрт түлікке мейірім)
2.Ер Төстіктің достарын ата.( баукеспе ұры, Желаяқ,
Саққұлақ,Таусоғар,Көлтауысар,қырағы)
3.Қазақ балалар әдебиетінің атасы ( Ыбырай)
4. Сәкен Сейфуллин романы( « Тар жол, тайғақ кешу)
5.Махамбет қандай ақын? ( жалынды, жауынгер ақын)
6.Әбунасыр Әл- Фарабидің оқу іздеп барған қаласы ( Бағдат)
7. Ахмет Йасауи кім? ( ақын, ойшыл, ұстаз, түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни ағартушы, сопылардың пірі )
8. Алып Ер –Тұңға кім? (өте көне заманда өмір сүрген түркілердің көсемі)
9. Орхон ескерткіштеріндегі жазулардың негізгі ойы мен мұраты ( ел тәуелсіздігін аңсау, елге қорған болған батырлар мен көсемдерді дәріптеу)
10. Қорқыт бабаның күйлерін ата ( « Ұшардың ұлуы», « Аққу», «Кілем жайған», « Башпай»)
11. Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшысы болмаса ел жетім,
Ұқпасқа айтқан сөз жетім... кімнің толғауынан үзінді? ( Төле би)
12. Аягөз, қайда барасың кімнің өлеңі? (Дулат Бабатайұлы)
13. Махамбеттің «Тарланым «өлеңі кімге арналған? ( Исатайға)
14. Абай қандай ақын? ( халықшыл, сыншыл, шыншыл)
15. Абайдың 1890-1898 жылдар арасында жазылған шығармалары қалай аталады? ( қара сөз)
16. « Алпамыс батыр » жырындағы Байбөрі мен Құлтайдың туыстығы ( немере мен шөбере)
17. « Әсемпаз болма әрнеге » өлеңі неше буынды? (8)
18. Екі рет қажыға барған ақын ( Шәкәрім)
19. « Қазақ тілі , « Мен кім? », « Мен жастарға сенемін» өлеңдерінің авторы ( Мағжан Жұмабаев)
20. « Өз халқын құрметтеп сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам » сөзін кім айтқан? ( Бауыржан)
Жүргізуші : Екінші бөлім « Тіл өнері » - берілген мақалдардағы жасырын сөздерді тауып, мақалды жалғастыру. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.
1.Қотыр қолдан жұғады,... ( пәле тілден жұғады)
2. Сойылдың жарасы бітер...( тіл жарасы бітпес)
3.Тіл буынсыз...( ой түпсіз)
4. Тауып сөйлесең – күміссің...( таппай сөйлесең – мыссың)
5.Тіл ...( тиексіз)
6.Тіл - ...( көңілдің кілті)
7. Ауыз көркі –тіл,... (тілдің көркі –сөз)
8. Тіс ... (тілдің қамалы)
9.Жыланның уы – тісінде...( адамның уы – тілінде)
10. Тіземнен сүріндірсең сүріндір,... ( тілімнен сүріндірме)
11. Шешілмеген шиені...( тырнақ шешпес , тіл шешер)
12. Сөз сөзден туады ...( сөйлемесе қайдан туады)
13.Жыланның тілі айыр, ...( жылан мінезді адамның сөзі айыр)
14.Оттың шаласы жаман,...( сөздің аласы жаман)
15.Тәуекел тас жарады,...( жаман сөз бас жарады)
Екінші бөлімнен кейін ұпай саны аз оқушы ойыннан шығарылады.
Жүргізуші: Үшінші бөлім « Жеті жұмбақ»- тақтада ілінген
30 20 40
40 30 20
20 40 30
сандарын оқушылар таңдап сұрақтарға жауап берулері керек. Сұрақты ұпай саны аз оқушы таңдайды.
1.Өлең – белгілі бір өлшеммен , қиыннан қиыстырылып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.
2.Типтік образ – көркем шығармадағы жинақталған адам образы.
3.Баллада –орта ғасырда роман елдерінің ( француз, испан, итальян) поэзиясында туып, қалыптасқан лириканың ерекше бір түрі.
4.Лирика – ақынның сезімін, көңіл – күйін, қуанышы мен сүйінішін, арман- аңсарын, өмірге деген көзқарасын, ішкі торлғанысын, дүниетанымын сыр қып шертетін өлең.
5.Повесть – баяндау түрінде қара сөзбен жазылған оқиғалы көркем шығарманың бір түрі.
6.Шумақ – аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді.
7.Терме – өмірдің жеке құбылыстарын нақылды түрде термелеп айтып, белгілі бір қорытынды жасайды.
8.Антитеза- салыстыра суреттеу, бейнелеу тәсілдері.
9.Литота – затты, құбылысты неғұрлым кішірейте суреттеу.
Ұпай саны аз оқушы ойыннан шығарылады.
Жүргізуші: Төртінші бөлім « Тапқырлық » - суреттері көрсетілген ақын – жазушылар қай ғасырдың ақыны, қай жылдары өмір сүрген, қандай шығармаларын білетіндіктерін айту керек.
Жүргізуші : Соңғы бесінші бөлім « Жорға » - 1 минут аралығында берілген сұрақтарға шапшаң жауап беру керек.
1. Абайдың поэзияға деген қызығушылығын оятқан кім? ( әжесі Зере)
2. Сәкен Сейфуллиннің шын есімі ( Сәдуақас)
3. Мүшел есебінде 6 адал, 6 арам бар дейді , соларды ата. (6 адал – үй жануары сиыр, жылқы, қой, тауық, ит, доңыз), (6 арам –түз жануарлары – тышқан, барыс, қоян, ұлу, жылан, мешін)
4. Үш қадірсіз ( жігіттік, денсаулық, жақсы жар)
5. Балдан тәтті не? Қылыштан өткір не? ( балдан тәтті бала, қылыштан өткір тіл)
6. Ауыз әдебиетінің түрлерін ата ( тұрмыс –салт жырлары, мақал- мәтелдер,жұмбақтар, ертегілер, эпостық жырлар, лиро- эпостық жырлар, айтыс өлеңдері, тарихи жырлар, шешендік сөздер)
7. Қазақ тіл білімінің негізін салған кім? ( А.Байтұрсынов)
8. Алпамыс батырдың адал жары ( Гүлбаршын)
Бастауыш сұрақтары( кім? не?кімі? несі? кімім? нем? кімдер? нелер? кімің? нең?)
9. Қазақ тіліне ғана тән дыбыстар ( ә,ө,ұ,қ,ғ,і,ң,ү,һ)
10. Сарамен айтысқан ақын ( Біржан сал)
11. « Айман – Шолпан » жанр жағынан қандай поэма? ( эпикалық поэма)
12. Сиыр атасы ( Зеңгі баба)
13. Ертегінің түрлері ( қиял –ғажайып ертегілер, хайуанаттар жайлы ертегілер, шыншыл ертегілер)
14. Махамбеттің мінген тұлпары ( Тарлан ат)

Қорытынды сөз қазылар алқасына беріледі.
Жеңімпаз оқушы анықталған соң марапатталады.

Категория: Внеклассное | Добавил: BAA1978 | Теги: Асан, Арман, Аслан, Алтай Баймуканова Жазира Абилхановна |
Просмотров: 291 | Загрузок: 153
Всего комментариев: 0
avatar