Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Внеклассное [ Добавить материал ]


Тәрбие сағаты тақырыбы: «Біздің әулеттің мамаңдықтары». (6 "а" сынып)
08.10.2016, 16:04

Тәрбие ісінің меңгерушісі: ________________
17.09.2016
Сабақтың тақырыбы: «Біздің әулеттің мамаңдықтары».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
Дамытушылық: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру
Тәрбиелік: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.

Әдіс - тәсілдері: баяндама, сұрақ-жауап,сәйкестендіру тесті, эссе,
Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, плакат, слайд көрсету.
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Сәлемдесу.
2.Оқушыларды түгелдеу
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
Мұғалім сөзі:
Ең қиын мамандық - адам боп қалу
Хосе Хулиан Марти

Мамандық таңдау - өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауМамандық таңдаудың оңай жұмыс еместігін, мамандықты темпераментке сай таңдау керектігін, тіпті, әлемдегіең қауіпті мамандық тізімін де айтып өттік. Қазір мектеп түлектері ҰБТ сынағын бітіріп, оқу орны мен мамандықтарын қызу таңдау үстінде болар. Біздің бүгінгі әңгімеміз мамандық таңдауда ойланып жүрген түлектерге ғана емес, жұмысы бар маман иелеріне де қатысты.
Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек.
"Мамандық" сөзі латын сөзінен шыққан, "жұрт алдында сөйлеу, жариялау" дегенге саяды. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген.
Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді.
Кез келген еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар:
бірі - маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, аттестаты не сертификатын алуыңыз керек болса,
екіншісі - еңбегіңізге ақының төлені қажеттілігі.
Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек. Мамандыққа деген махаббат пен карьерист болу екеуі біздіңше екі бөлек нәрсе. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Екінші сөзбен айтқанда, мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы қажет. Бұл жағдайда адам жұмысқа ерекше құлшыныспен кірісіп, жұмысынан ләззат алады.

Өз жаныңызға жақын мамандықты іздеп табу да барынша күрделі жұмыс. Өз қалауыңызды білесіз, бірақ мамандығыңыздың қалай аталатынын білмейсіз. Бұндай жағдайа психолог-профконсультант (мектеп психологтары), мектеп мұғалімдері, оқу орындарының оқытушылары, ата-анаңыз, туған-туыстарыңыздың көмектеріне жүгінгеніңіз жөн. Дегенмен мен ең алдымен жүрегіңіздің үнін тыңдауыңызға кеңес беремін
Қазір сауда-саттықтың жүріп тұрған заманы болғандықтан, көптеген мамандықтар осының төңірегінде деуге болады. Агенттер мен менеджер мамандықтары сұранысқа ие десек, артық айтпаймыз. Мысалы, коммерциялық агент, жарнамалық агент, туристік агент, финанстық менеджер, сауда-саттық менеджері, жоба менеджері, кеңсе менеджері т.б.
Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспіз.

Оқушыларға сұрақ:
1.Сен болашақ мамандығынды тандадың ба?
2.Қандай мамаңдық таңдайсың?
3.Таңдаған мамандығың жөнінде не білесің?
4.Өз ата-анаңның мамандығы үнай ма? Әлде туысқандарыңның маманы ма?
5.Ата-аналарың өз мамандықтары жөнінде не айтады?
6.Сен ата-аналарыңның жұмыс орнында болдың ба?
7.Саған ұнады ма?
8.Ата-аналарың туралы қызметтестері не айтады?
9.Ата-аналарыңның жұмыс орнына сен өзінді қоя алар ма едің?
10.Ата-анаңның мамандыгының қандай қажеттілігі бар деп ойлайсың?
11.Олардың мамандығы үшін қандай сипаттама қажет?
12.Олардың ісін жалғастыру үшін сенде қандай мінез-құлық қалыптасу керек.
13.Ата-анаң олардың мамандығын жалғастыруынды қалай ма?

«Болашақта мен таңдайтын мамандық» деген тақырыпта шағын эссе жазу, жазып болғансоң өздеріне оқыту.

Жағдаяттық сұрақтар.
1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандығыңа ата-анаң қарсы.Сен ол кезде не істер едің?
2. Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. Сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласың ба?
3. Сен мұғалім болуды армандайсың. Мұғалім мамандығын қатты ұнатасың.
Бірақ өзіңе ұнамаған мамандықтың грант иегері атандың. Ол мамандыққа жаның қас. Не істейсің?

Қиылған суреттерден мамандық атаулары және оған қатысты мамандықтың құралдарын қағаз бетіне сәйкестендіру.
Қорытынды. Әбунасыр әл Фараби «... адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді...Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет , қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады» деген.

Категория: Внеклассное | Добавил: shohan86 | Теги: тәрбие сағаты Ханов Шохан Уалиханович |
Просмотров: 158 | Загрузок: 87
Всего комментариев: 0
avatar