Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Внеклассное [ Добавить материал ]


Әскери-спорттық ойын
06.03.2016, 21:20

әскери-спорттық ойын

Жүргізуші: Республика Тәуелсіздігі күні мен Желтоқсан көтерілісінің 29 жылдығына арналған «Саптағы ән» әскери-спорттық кешін ашық деп жариялаймыз!
Елбасымыз қамқор болып Отанына, еліне,
Ана тілім қайта оралды менің туған жеріме.
Салт-дәстүр де сараланып,
Гимні жаңғырып,
Қазағымның жүрегінде жасай берер мәнгілік.
Қазақстан Республикасының гиміні шырқалады.
Тарих беті – шындық, ол ащы болса да,
Іздері жатыр ерліктің өшпес қаншама.
Жолында тұрған әділетсіздік қамалын,
Бұз да білді-ау арыстай қанша аға.
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіндегі орталықтың отралықтың әміршілдік солақай саясатына қарсы алғаш бас көтерген ұлтымыздың ұл-қыздарының істері ерлікпен тең еді. Шынында, Кеңестер Одағының ұлттар лабораториясына айналған біздің республика мұндай оқиғаның орнын алу социалистік қоғамның төбесіне жай түскендей әсер етті. Орталықтың әміршілдік жүйесі «Маскүнемдік пен нашақорлыққа салынған, қоғамның саяси өміріне тыс қалған бұзақылар мен арнаулы оқу орындарының ұлтшыл жастарының іс-әрекеттері» деген айыппен мұздай қаруланған жазалаушы әскерлердің күшімен қорғансыз қазақ жастарын соққыға жықты.
Алаңға шыққан 60 мың адамның 8 мыңы қамауға алынып, 200 адам түрлі әкімшілік жазаға тартылды. Мыңдаған студенттер оқудан шығарылып, жұмыстан қуылды.
1987жылы 16 маусымдағы жазалау соты Қ.Рысқұлбековті өлім жазасына, Ж.Тайжұманов, Қ.Күзембаев, Т.Тәшеновті ұзақ мерзімге соттады.
Жүргізуші: Ақын Мұхтар Шахановтың мына бір өлең жолдарына көңіл аударсақ.
«Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер.
Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел,
Бұл жер, қалқам, сақақ рух жарылысы өткен жер.
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйретіп, тепкен жер,
Жытты мұнда естен танып, күзге айналған көктемдер!»
Желтоқсан құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алу.
Жүргізуші:
«Сонау ерте замандарда болған қазылар,
Айтқан екен рас сөзді Төле, Қазыбек аталар.
Арғымақтай жеңімпаздар көзге түссе, абайлар,
Әділдігін айтады біздің ағайлар.»
Кеш сайысының әділ қазылар алқасын таныстырылады.
Жүргізуші: Кеш сайысының шарттары:
1. Әрбір топ бастығы мәлімет береді;
2. Сырт формасы, төс белгі;
3. Сапта патриоттық ән айту 5 ұпайлық жүйемен қойылады.
9-сыныптың «Қыран» тобын;
8-сыныптың «Барыс» тобын;
7-сыныптың «Сарбаздар» тобын шақырамыз.

Жүргізуші:
1. Әрбір топтан АКС-74 оқулық автоматын жартылай бұзып жинауға бір оқушы шығады.
2. Доп жарысының шартымен дене тәрбиесі мұғалімі таныстырады.
3. Мәнерлеп оқу.
4. Оқжатарды жарақтау.
5. Содан кейін гантел көтеру (10 кг).
6. Әрбір топ өз өнерлерін көрсетеді (би, ән).
Жеңімпаздарды марапаттау.

Қорытынды сөз мектеп директорына беріледі.
«Армандарды ақындарым жырыңменен ақтардың,
Желтоқсанда жан беріскен қайсар еді жастарым.
Тәуелсіздік жеңісіне жеткеніңе қуанам,
Самға, жастар, биіктей түс, құп алам.
Тәуелсіздік жеңісіне жетті міне қазағым.
Оған дейін көрген тағдыр азабын,
тәуелсіздік жеңісі үшін күресті ғой жастарым,
сол арқылы бірікті енді барлығының бастарың»,
әскери-спорттық ойынды аяқтаймыз.

Категория: Внеклассное | Добавил: Ilias_89 Наханов Ильяс Асильбекоич |
Просмотров: 545 | Загрузок: 201
Всего комментариев: 0
avatar