Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Внеклассное [ Добавить материал ]


"Әдертілік әлемі" тәрбие сағаты
19.10.2016, 09:36

Тақырыбы: Әдептілік әлемі
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, сыпайылыққа, әдептелікке тәрбиелеу. Жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра білуге жетелей отырып, әдептілікті бойына дарыту. Сөздік қорын молайту.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, бейне көрініс.
І. Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу
2. Алақан жылуы арқылы жылы лебіздер айту:
- Шаттық, қуаныш болсын.
- Деніміз сау болсын.
- Аспанымыз ашық болсын.
- Туыстарым, достарым, апайларым, келген қонақтарымыз бақытты болсын.
- Елімізде бейбітшілік болсын.
І тәрбиеші: Бүгінгі сыныптан тыс шарамыз сайыс түрінде өтеді.
- Балалар, біз қандай топпыз?
Балалар: Бірлігіміз жарасқан, ұйымшыл топпыз.
- Дұрыс, біз үнемі бір-бірімізге көмектесіп, бір жүретін ұйымшыл топпыз. Ал, бүгінгі сайыста әркім өз алдына дара түседі. (Балалар орындарына отырады.)
ІІ тәрбиеші: Бүгінгі сайыстың тақырыбы: «Әдептілік әлемі», яғни саысымыз әдептілік тақырыбында өтеді.
Әдептілік-адамдардың өзара қарым қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі.
І-тәрбишеі: Сайыс бағдарламасымен таныс болыңдар:
І-бөлім: Таныстыру.
ІІ-бөлім Сиқырлы сөздер.
ІІІ-бөлім: Жағдаяттық сауалдар (бейне көрініс)
ІV-бөлім: Жалғасын тап sad мақал-мәтелдерді жалғастыру)
V-бөлім: Кім көп біледі? (сұрақ-жауап)
VI-бөлім Кім тапқыр? (бейне көрініс)
ІІ-тәрбиеші: Сайыстың шарты:
- Жауапқа дайын болған жағдайда алдарыңыздағы қаламды көтересіздер. Әр дұрыс жауап берген балаға ұпай ретінде гүл беріледі. 6 санынан артық гүл алған бала соңғы бөлім бойынша алған атаққа ие болады. Сайысты бастаймыз.
І-тәрбиеші: Ата-ананың тілегі-адам болып өскенің.
Адамдықтың тірегі-адал болып өскенің.
Таныстыру бөлімі (балалар өлең жолымен өздерін таныстырады)
ІІ-тәрбиеші: Келесі кезекті «Сиқырлы сөздер» бөліміне береміз.
- Сиқырлы сөздер бұл – мәдениетті сөздер. Біздер мәдениетті бола аламыз ба? Соны анықтаймыз, яғни қазіргі бөлімде сиқырлы сөздерді тиісті орнына қойып, сөйлемді оқисыңдар.
Есіңе сақта! Орнымен рахмет айтып, кешіріп, рұхсат сұрап, сәлемдесіп, саулық тілеп жүрсең, мәдениетті сыпайы бала боласың.
І-тәрбиеші: Келесі бөлім «Жағдаяттық сауалдар».
- Яғни, алдын-ала дайындалған бейне көрініс бойынша өз ойларыңды ортаға саласыңдар.
Есіңе сақта! Жақсы, әдепті адам болу үшін жаман мінез, әдеттен, ұнамсыз қылықтардан аулақ болыңдар.
ІІ-тәрбиеші: Әдепті адамға керекті қарапайымдылық, табиғилық, әдемілік, жақсылықтың барлығы қазақ халқының мақал-мәтелдерінде кезігеді.
- Олай болса, келесі кезекті «Жалғасын тап» бөліміне береміз. Тақтада берілген мақал-мәтелдерді жалғастыру.
Есіңе сақта! Жақсыға жақын болыңдар, жамандықтан қашық болыңдар.
І-тәрбиеші: Сергіту сәті: «Пантомимо»
- Үстелден тапсырма жасырылған карточканы алып, 2 бала болып бірігіп, оны мимикамен түсіндіру керек.
ІІ-тәрбиеші: Келесі кезекті «Кім көп біледі?» бөлімі.
-Бағандағы сандардың артында жасырылған сұрақтарға жауап бересіңдер.
1-ші бағандағы 10 санының сұрағы.
Есіңе сақта! Әдептілік-жақсы өмір сүруге қажетті қасиет.
І-тәрбиеші: Келесі кезекті «Кім тапқыр?» бөліміне береміз.
- Бұл бөлімде экрандағы көріністі мұқият қарау арқылы, «Қандай бала, қандай қыз?» сұрағына жауап бересіңдер.
ІІ-тәрбиеші: Егер сендер өздерің қойған сұрақтың жауабына лайық болсаңдар, жинаған ұпайларың алты гүлден артық болса, «Қандай бала, қандай қыз?» сұрақтарының жауабындағы атаққа ие боласыңдар. Ұпай сандарын (гүлдерін) санау.
І-тәрбиеші: Номинация бойынша мадақтау қағазын тапсыруды қонақтардан сұраймыз.
Ән «Болайықшы осындай»
ІІ-тәрбиеші: Балалар, сайыстың соңында жылулық шеңберіне тұрып, қолдарыңдағы қаламды бір-біріңе беріп, бір-біріңе жағымды сөздер айтыңдар.
- Сен сондай ақылдысың.
- Сен өте адал жансың.
- Сен сондай салмақтысың.
- Сен сондай мейрімдісің.
- Сен кішіпейіл жансың.
І-тәрбиеші: Балалар, бір-біріңе деген ықылас сезімдерің еш уақытта жойылмасын, үнемі қайырымды, мейрімді, ақ-көңіл, еңбекқор, ақылды, парасатты болыңдар. Бүгінгі «Әдептілік әлемі» атты іс-шарамызды аяқтаймыз.

Категория: Внеклассное | Добавил: alkon_06 Карибаева Гульнар Тлеулесовна |
Просмотров: 116 | Загрузок: 65
Всего комментариев: 0
avatar