Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Внеклассное [ Добавить материал ]


"Білімділер әлемі" викторина
12.06.2016, 23:38

[color=blue]Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылар қазақ тілін жете меңгереді, сөздік қоры, тіл байлығы артады, ізденушілік, шапшаң ойлау қабілеті дамиды, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Көрнекіліктер: слайдтар, ән, электронды қазақ үй.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын тілі.
Сабақтың барысы:
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
2. Таныстыру. Әр топ өзін-өзі таныстырады.
3. Сен білесің бе? (Сұрақ-жауап)
4. Үштілділік – өмір талабы
5. «Кім тапқыр?»
6. «Мақал - сөздің мәйегі»
7. «Ана тілің арың бұл....»
Сайыс тапсырмалары бес баллдық жүйемен бағаланады. Әр дұрыс берілген жауапқа қызыл асық, толық емес жауапқа көк асық беріледі.
«Құрметті, оқушылар! Бүгінгі сабағымызды Тілдер мерекесіне арнаймыз. «Тіл – ұлттың жаны» демекші тіл тек қарым-қатынас құралы емес, әр ұлттың мақтанышы, сарқылмас қазынасы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында дамыған 50 елдің қатарына кіру үшін Қазақстанның әр жеткіншегі үш тілді жетік меңгеруі тиіс деген. Сондықтан мемлекеттік тілдің туын көтеріп, болашаққа сеніммен қарайтын жастар біз болайық!»
1) Әр топтың («Бүркіт», «Тұлпар», «Лашын») көшбасшысы өз тобының атауымен, ұранымен, төсбелгісімен таныстырады.
2) Блиц-сұрақтар.
1. Қыс айларын ата (желтоқсан, қаңтар, ақпан)
2. Құстың әрі айдың атын ата.(көкек)
3. Аптаның бірінші күнін ата (дүйсенбі)
4.Жеміс атауларын ата (алма, алмұрт, өрік, алхоры, шабдалы)
5. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42 әріп бар)
6.Еліміздің бас қаласын ата (Астана)
7.Сан есім нені білдіреді? (заттың санын білдіреді)
8. Сен қай ауылда тұрасың? (Привольныйда)

1. Күз айларын ата (қыркүйек, қазан, қараша)
2. Ыдыстың әрі айдың аты (қазан)
3. Аптаның сәтті күні (сәрсенбі)
4. Сүт тағамдарын ата (сүт, айран, қаймақ, ірімшік, май)
5. Қазақ тілінде неше септік бар? (7 септік бар)
6. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қашан? (16 желтоқсан)
7. Зат есім нені білдіреді? (Заттың атауын білдіреді)
8. Сен қай облыста тұрасың? (Солтүстік Қазақстан облысында)

1. Көктем айларын ата (наурыз, сәуір, мамыр)
2. Аптаға тең санның аты (жеті)
3. Аптаның қасиетті күні (жұма)
4. Ет тағамдарын ата (бешбармақ, қуырдақ, кауап)
5. Жалқы есімдерге мысал келтір (Астана, Қарағанды, Есіл, Алатау, Шарик,Марта)
6. Мұсылмандар жаңа жылы (Наурыз)
7. Көптік жалғауларын ата (-лар, -лер, -дар,-дер,-тар,-тер)
8. Сен қай ауданда тұрасың (Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда тұрамын)

3) Үштілділік – өмір талабы. Полиглот сайысы. Әр топқа он сөзден беріледі. Топ мүшелері сөдердің қазақша, ағылшынша нұсқаларын айтады.
«Бүркіт» тобына (школа, ручка, голова, лиса, яблоко, сумка, дом, улица, хлеб) сөздері беріледі.
«Тұлпар» тобына (учитель, книга, рука, собака, волк, банан, дерево, город, бабушка, мороженое) сөздері беріледі.
«Лашын» тобына (ученик, тетрадь, глаза, медведь, кошка, груша, машина, страна, сестра, еда) сөздері беріледі.
4) Берілген тірек сөзден бірнеше жаңа сөз құрау («Ана тілім» әні ойнап тұрады).
5) Мақал –мәтел айтудан жарысу.
6) Сөзжұмбақ шешу.
7) Тіл туралы өлең жарысы.
1. Жеміс атауы.
2. Оқушы заты.
3. Аң атауы.
4. Қазақстанның тауы.
5. Тағам түрі.
6. Сан атауы.

1. А
2. С
3. Т
4. А
5. Н
6. А

IV Қорытынды: қатысушы ұстаздардың қорытынды сөзі, марапаттау.


[/color]

Категория: Внеклассное | Добавил: Рузия Жуманова Рузия Касымжановна |
Просмотров: 874 | Загрузок: 530
Всего комментариев: 0
avatar