Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Внеклассное [ Добавить материал ]


"Берекелі алтын күз!"
30.10.2016, 15:49

Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы
№3 «Айгөлек» мектепке дейінгі ұйымы» МКҚК

«Берекелі алтын күз!» мерекелік ертеңгілік.
Тәрбиеші: Нугманова Зинегуль Бекказиевна

Мақсаты: Балаларды «жомарт» күзбен таныстыру, оның ерекшеліктерімен таныстыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамыту. Қойылымды сахналауды дамыту. Ата – аналарды балабақша өміріне тарту, қызығушылықтарын тудыру.

Барысы: Музыка залы мерекеге сай жапырақтармен, шарлармен безендірілген.

Тәрбиеші:
Қуандырып біздерді, кел жемісті алтын күз.
Өлкемізге күз келді, кемелденсін халқымыз.
Жеміс мол теретін, күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін, жомарт екен күз деген.
Қыстың жақын қалғанын, жапырақтар білгендей,
Желмен ұшып барады, жерге қонып үлгермей
Жапырақтар жамырап, сайға барып бекінді,
Анасынан ажырап, қалған бала секілді.
Ақтарады мырза күз, уылжыған жемісті,
Күзге бізде ризамыз, аянбаған ел үшін.
Көбейді құт береке, астық толы қамбамыз,
Құтты болсын мереке, алтын күзді тойлаймыз.
Ортаға 3 бала шығады:
1 – бала- Жақсылық: Самал қозғап қалғанда,
Үзіледі сары алма.
Шолып едім бақшаны,
Қауын біткен сап –сары.

2 – бала - Дания: Сары жапырақ төгілген
Тоғайды да көрдім мен.
Енді сары бояумен
Күз суретін салам мен.

3 – бала- Мансұр: Жиып – теріп болатын,
Қамбаға астық толатын
Қызыл қырман ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
(Тақпағы аяқтала бергенде бала әлсірей құлайды)

Мансұр: Тоқтаңдар, тоқтаңдар!
Бойымнан әл құрып
Көздерім бұлдырап
Басым айналып барады!
(Басқа балалар көмектесіп, демейді)

Жақсылық: Енді, енді не етеміз?!
(Құлаған баланың атын атайды) қалай көмектесеміз?

Дания: Сабыр сақта, саспайық
Дәрігер шақырайық!

Мансұр: Жо - жоқ! Дәрігер керек емес!
Қазір өзім тұрамын тез!

Жақсылық: Онда дәрі ішіп ал,
Менде міне, көп дәрі бар!

Мансұр: Ах!
Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер! ("Жедел жәрдем" машинасының дыбысы естіледі. Дәрігер киімін киген бала келеді)

Дәрігер: Мені неге шақырдыңдар,
Қандай шағым, арыздар бар?

Бәрі бірге: (Әлсіреп құлаған баланы атайды) дәрігерлік көмек керек!
Дәрігер: Қазір қарап шығайын,
Неден ауырғанын ұғайын... (Фонендоскоппен кеудесін тыңдайды)
Дәрігер: - А - а - а - деп қане, аузыңды ашшы...... (Тексереді)
Тістерің орнында, тамағың іспеген
Қол - аяғың әлсізденген
Қызуың ыссы екен
Білдім, неден ауырғаныңды...!
Жеткілікті мөлшерде ағзаңа
Дәрумендер жетіспеген!

Мансұр: Енді не істеймін?

Дәрігер: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,
Көп - көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!..

Тәрбиеші: Қазір күз мезгілі түсті ғой,
Жемістер де, көкөністер де пісті ғой!
Қоймаға қоңырау шалайық
Күз өнімдерін осында алдырайық!

(Қалта телефонымен қоңырау шалады)
- Алло, алло! Қойма ма?
Бізге жемістер мен көкөністер керек
Машинаға тиеп жіберіңіз
Мүмкін болса тезірек!

(Машинаның дыбысы естіліп, руль ұстаған Күз ханшайымы жемістер мен көкөністерді «тиеп» алып келеді)
Сәлеметсіңдер ме , балалар! Мен сендерге көмекке келдім. Көңіл күйлеріңді көтеруге келдім.

Тәрбиеші: Ендеше балалар!
Алтын күз, жаңбырлы күз, жомарт күз,
суығы шыңдайтын, сұлулығы арбайтын
мәрт күздің тойында
- шаршауды білмеуге!........ (Балалар қайталайды)
- көңілді би билеуге!....... (Балалар қайталайды)
- әсем ән айтуға, (Балалар қайталайды) ант етейік!
Балалар: Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз!

Тәрбиеші: Қане онда.....
Қызықтайық бірге, сүйінелік,
Қолшатырлы қыздар биіне еріп!
Би «Қолшатырлы қыздар биі»

Күз ханшайымы: Балалар, мен сендерге көкөністерімді, жемістерімді ала келдім. Көкөніс пен жемісті қалай жақсы көретіндеріңді тексереміз. Бізге екі бала қажет, олардың көздерін орамалмен байлап, мына тұрған ыдыстағы жеміс пен көкөністі қолдарымен ұстап, дәмін татып анықтаулары қажет.

Күз: Жарайсыңдар балалар, өте дәм сезгіш екенсіңдер.

Тәрбиеші: Балалар, күздің алып келген көкөніс, жемісі дәмді ме екен?
Балалар: Иә, өте дәмді.
Жүргізуші: Сол көкөніс пен жемістерді ортаға шақырайық.
(Осы кезде көкөніс пен жемістер ортаны бір айналып, қатарласып шығады)

«Көкөністер дауын» сахналаймыз.
Тәрбиеші:
Өнім биыл тамаша!
Көз тоймайды қараса:
Сәбіз, картоп, кәдіш пен қып –қызыл піскен қызанақ,
Қырыққабатқа қарашы!
Көкөністер бір кезде жиыла қалып дауласты:
Адамға кім пайдалы,
Кім ащы да, кім тәтті?

Бұршақ – Алмат:

Кішкене түймедеймін мен,
Ұнаймын мен бәріне!
Дәмді тағамдарыммен
Сый жасаймын бәріңе!

Тәрбиеші: Ызаланған қызылша қып – қызыл болып кетті.

Қызылша - Аякөз:
Мен де бір айтайын,
Мақтанайын сіздерге.
Менсіз борщ болмайды
Винегретте үстелде.

Қырыққабат – Жан:
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана!

Қияр – Сартай:
Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!

Шалқан – Амина:
Кім білмейді шалқанды?
Талайлар маған таң қалды.
Бәріне сый боламын
Тауып көр менен дарханды!

Сәбіз – Ернар:
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!

Қызанақ – Бекзат:
Піскен кезде қызанақ,
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей
Томат шырынын ішпеген?

Пияз – Саяна:
Боламын мен дәмдеуіш,
Барлық – барлық тағамға.
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға.

Картоп – Жанерке:
Мен ұялшақ картоппын
Мен емеспін мақтанар.
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар!
Бос айтысты қояйық,
Дауласуды тоқтатайық.



Көкөністер /барлығы/:
Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?

Тәрбиеші: Көкөністер бәрі де,
Денсаулыққа ер.далы
Мұны жатқа біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер!


Тәрбиеші: - Балалар, құстар күзде қайда кетеді?
- Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
- Ең сүйікті құсымыз қайсысы?
-Қарлығаш.
Ендеше қарлығашқа арнап ән айтайық.

«Қарлығаш» әнін айтады хормен.

Қарлығаш, Қарлығаш
Құйрығың сенің айыр,
Тілейсің адамға
Жақсылық пен қайыр.

Қ-сы: Меірімді құсым –ай
Қанат қағып ұшсын ай.

Қарлығаш, қарлығаш.
Талмасыншы қанатың
Нұрлы күн сәуле шаш
Барлық бала қуансын.

Қ-сы: Меірімді құсым –ай
Қанат қағып ұшсын ай.

Қарлығаш, қарлығаш
Далам қандай тамаша!
Көркіне сен тағы
Қуанасың балаша.

Қ-сы: Меірімді құсым –ай
Қанат қағып ұшсын ай.


Өз тақпақтарымен ортаға Максим мен Ярослав шығады.

Ярик: Миновало лето
Осень наступила.
На полях и рощах
Пусто и уныло.

Максим: Птички улетели
Стали дни короче.
Солнышка не видно
Темны, темны ночи
.
Күз ханшайымы: Балалар мен сендердің білімдеріңді тексергім келіп тұр. Жұмбақ жасырайын, таба аласыңдар ма?


Әр бұтақтан он шақты
Көрдім қызыл бұршақты. /шие/

Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. / пияз/

Жазда тұрып жоғары,
Күзде жерге қонады. /жапырақ/

Бұл не деген көп киім,
Жетпіс қабат көк киім.
Түймелеуге жетпейді,
Жаңбыр одан өтпейді. /орамжапырақ/

Көкпеңбек еді көктемде,
Қызарды күзге жеткенде. /алма/

Жер бетінде шашы бар,
Жер астында басы бар. /сәбіз/


Күз ханшайымы: Тамаша, балалар! Сендер өте білімді екенсіңдер.
Қане енді күздің сәні сары жапырақ биін билейік.

Күз ханшайымы: Балалар билерің қандай тамаша, ендігі кезекте ата - аналарды сынап көрейік, күзде қалай шапшаң еңбектенеді екен. Екі ата - ана ортаға шығып, мына тұрған 2 картопты жылдамдыққа және қабығын үзбей тазалау қажет.
Тағы екі ата – ана шығып күріштен – қарақұмықты айырады.

Ата – аналарға сыйлықтар беріледі.

Тәрбиеші: Сән әлемінен сырттап, құр қалмаңыздар,
«Күз - 2016» сәнді киімдер шеруін тамашалаңыздар!

«Жаңбыр» әні орындалады.
Жауды жаңбыр көйлекке
Ағаштарға ту тіккен.
Жаңбыр, жаңбыр соқпашы
Ойнайықшы тоқташы.

Жүгіріп келдік біз үйге,
Жаңбыр қандай әй- әй- әй
Жаңбыр, жаңбыр соқпашы
Ойнайықшы тоқташы.

Жаңбыр, жаңбыр соқпашы
Ойнайықшы тоқташы.

Күз: Мен туралы жаттаған әсем тақпақтарыңды, айтқан әндеріңді көріп, билеріңді тамашалап көңілімді көтердім. Рахмет сендерге, келесі кездескенше.

Жүргізуші: Балалар, барлығымыз күздің сыйына алғысымызды білдіріп, шығарып салайық.
Балалар: Рахмет сізге күз, сау болыңыз!
Күз: Сау болыңдар балалар!

Тәрбиеші: Жарнама, тағы жарнама!
Жаңалықтан құр қалма!
Тілек айтқанға сыйлық бар
Күзге арнап ортада!

Осымен «Берекелі алтын күз!» мерекелік ертеңгіліміз аяқталды.

Категория: Внеклассное | Добавил: zinesh82 Нугманова Зинегуль Бекказиевна |
Просмотров: 91 | Загрузок: 26
Всего комментариев: 0
avatar