Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Математика [ Добавить материал ]


Урок по математике для 1 класса "2+2. Есеп"
04.05.2016, 19:52

Мұғалімнің аты-жөні және жұмыс орны:
Сейтжанова Куляш Нуркешевна
«Шахтинск қаласы әкімдігінің № 5 гимназиясы» КММ Пән: математика Сынып: 1А
Сабақтың тақырыбы: 2+2. Есеп
Сабақтың мақсаты:

1.Есеп туралы түсінік қалыптастыру; қосу кестесінің 2+2 жағдайын есептеу жүргізгенде қолдану білігін тиянақтау.
2. Ұқыптылыққа баулу.
3. Есепті рәсімдеу дағдысын арттыру.

Күтілетін нәтиже:
Есептің қысқаша шартын жазуға, шешуін орындап, жауабын табуға үйренеді.
Сабақта атқарған жұмысын бағалайды
Жаңа идеялар/тәсілдер Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
Оқулық:
(ҚР БҒМ ұсынған ) Ә.С. Акрамова, Ж.Қ.Астамбаева
Математика 1-сынып Алматы «Атамұра» 2012
Көрнекті құралдар PowerPoint презентациясы «Есеп». Постерлер, маркерлер, стикерлер.
Үлестірмелі материал: есептер мәтіні, бағалау фишкалары

Сабақтың мазмұны

Сабақ
кезеңдері Мұғалімнің
іс-әрекеті Оқушының
іс-әрекеті Уақыт
Ұйымдастыру
кезеңі Оқушылардың дайындықтарын тексереді. Балаларға сәттілік тілейді.
Оқушыларға өрнек жазылған бес түсті дөңгелектерден біреуін таңдап алуды ұсынады
1-топ қызыл, 2-топ сары, 3-топ – қоңыр, 4-топ – жасыл, 5-топ – көк Жұмысқа ынталанады

Топқа бөлінеді
3 мин
Өткенді
қайталау
Білу 1. Ойын «Қай топ жылдам?» Өрнекті оқы, мәнін тап: мысалы 5 пен 4-тің айырмасы 1
2. Жұп сандарды ата. Тақ сандарды ата. Өрнекті оқып, мәнін табады 3 мин
Мақсат қою
Түсіну
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлайды
Тұсаукесер:
1) Есеп туралы түсінік беру.
Есеп: Асанның 2 көк, 2 қызыл асығы бар. Асанның барлығы неше асығы бар?
Шарты: Асанның 2 көк, 2 қызыл асығы бар.
Сұрағы: Асанның барлығы неше асығы бар?
Шешуі: 2+2=4
Жауабы: Барлығы 4 асық. Тұсаукесер көреді, түсінеді

4 мин
Білімді бекіту.
Қолдану
Топтық жұмыс: Есеп дегеніміз не? Есептің несі болады? Шарты, сұрағы. Есептің несін табу керек? Шешуін табу, жауабын жазу керек
Есепке постер құр Сұрақтарға жауап береді.
Постер құрады, тақтада қорғайды 6 мин
Талдау

№1. 122-бет.
Топтық жұмыс: есептің шарты мен сұрағын жаз, шешуі мен жауабын тап

Кестелік жағдай. Есіңе сақта 2+2=4 4-2=2

№2. Шығармашылық тапсырма: екі өрнектің арасындағы байланыс қандай?

Сергіту сәті

№3 Кесте бойынша өрнек құрастыр. Қосуға кері амал есебін жаз (азайту) Есепті оқиды, талдайды, шығарады

Өрнектердің мәндерін табады, өзара байланысын анықтайды

Музыка әуеніне қимыл-қозғалыстар жасайды

Ізденеді,тапсырма
ларды орындайды, бір-біріне түсіндіреді. 3 мин

1 мин

2 мин

3мин

3 мин
Жинақтау
№4 Өлше. Осыдан 2 см қысқа кесіндінің ұзындығы неше сантиметр?

№6 . 1-қатарда нелерді салыстыру керек? 2-ші-де? 3-ші-де ше?
Сан мен санды, өрнек пен санды, өрнек пен өрнекті салыстыр. Кесіндіні өлшейді,
одан 2 см қысқа кесіндіні табады, сызады

Білімін тиянақтайды 5 мин
Қорытындылау
Рефлексия

Бағалау
Сабақ қызықты болды ма?
Бүгінгі сабақтан не үйрендің?

Сен сабақта қалай жауап бердің? Өзіңді бағала
Сабақ бойынша пікірлерін айтады.
«Бағдаршам» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды, 2 мин

Категория: Математика | Добавил: Kuljash2016 | Теги: математика, 1 сынып, ашық сабақ, 2+2 Сейтжанова Куляш Нуркешевна |
Просмотров: 550 | Загрузок: 372 | Комментарии: 3
Всего комментариев: 3
avatar
3
рахмет
avatar
2
smile surprised
avatar
1
Сабағыңыз керемет екен. Өзіме үлгі ретінде алдым. Көп рахмет!
avatar