Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Математика [ Добавить материал ]


Тақырыбы: Сандардың нумерациясы.
20.01.2015, 09:51

Тақырыбы: Сандардың нумерациясы.

Мақсаты: үш таңбалы сандардың құрылу тәсілдерін қорытындылау; оларды салыстыру; алдыңғы, келесі түсініктерін пайдалана отырып, натурал сандар қатарындағы сандарды табу дағдыларын жетілдіру .
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау,есептеу, салыстыру.
Көрнекілігі: суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын,
Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда.
Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!
ІІ. Мақсат қою кезеңі: Оқулықпен танысу: 4 класс «Математика» оқулығын Ә.Б. Ақпаева, Л.А.Лебедева, В.В.Бурова – деген авторлар құрастырып жазған. ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған. Алматы қаласынан «Алматыкітап» баспасынан 2011 жылы шыққан. 3. Кітапта шартты белгілер бар, сендердің кітаппен тез тіл табысып, әрі дұрыс пайдалануларыңа қолайлы болсын деп жасалған. 4.Осы жаңа кітап сендердің адал достарың, көмекшілерің. Сендерден кейін басқада жас өспірімдер бұл кітапты пайдаланады. «Білім еш уақытта ескірмейді» Сондықтан кітапты күтіп ұстау керектігін есіңнен шығарма.
ІІІ. Жаңа сабақ: кіріспе. Көркем жазу сәтіне 1, 2, 3 цифрларының көмегімен үш таңбалы сандар жазу ұсынылады. (123, 132, 213, 231, 312, 321)
- Неше сан жаздыңдар? Ең кіші санды; ең үлкен санды; 1 ондығы бар санды; 1 бірлігі бар санды; 3 ондығы бар санды ата. 312 мен 321 сандарының арасындағы сандарды жаз.
1. Оқулықпен жұмыс. № 1 ауызша есептеу. Жасырын сандарды ата.
Алдыңғы сан 689 99 998 408 666
Сан 690 100 999 409 667
Кейінгі сан 691 101 1000 410 668

2.
Сандар туралы білімдерін қайталауға арналған жұмыс.

№ 2. Өздік жұмыс. Сандарды ата. Оларды кему ретімен жаз.
Разрядтар
жүздіктер ондықтар бірліктер
9 7 0
5 9 6
5 0 0
4 8 9
2 0 9
4 3
№ 3. Салыстыр. Жұптық жұмыс. Есептемей – ақ салыстыру.
699 – 90 < 699 – 9 808 – 8 > 808 – 80
400 + 80 > 400 + 8 550 + 50 > 550 + 5
998 – 900 < 998 – 90 665 – 60 – 5 = 665 – 5
№ 4. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте. (Үш қатардан 3 оқушы, жарысу).

900 см = 9 м 895 см = 8м 9дм 5см 10м = 100дм
400см = 4 м 502 см = 5м 0дм 2см 10м = 1000 см
300см = 3 м 660см = 6м 6дм 0см 2м 5дм 7см =257см

ІҮ.Жаңа сабақты пысықтау: 1. түсіндіріп шығару.
№ 5 (1). Есептерді шығар. (қысқаша шарты)
І емхана – 3 дәрігер – 14 баладан ? шешуі: 3 ∙ 14 + 2 ∙ 17 = 42 + 34 = 76
ІІ емхана – 2 дәрігер – 17 баладан жауабы: барлығы 76 бала қабылданды.
№ 5 (2).
Мараттың салмағы – 45кг, ? кг ауыр шешуі: 45 – 45 : 3 = 45 – 15 = 30
Інісі Қайраттың салмағы - ? , 3 есе жеңіл жауабы: Қайратқа қарағанда Марат 30кг ауыр
№ 6. (4 оқушы тақтада).
1) Ш: 24 ∙ 6 = 144 Ж: 144 парақ қатырмақағаз бар.
2) Ш: 124 + 124 ∙ 2 = 124 + 248 = 372 Ж: барлығы 372 парақ қағаз бар.
Ш: 124 + 124 : 2 = 124 + 62 = 186 Ж: барлығы 186 парақ қағаз бар.
3) Ақ қағаз – 124 Ш: 500 – (124 + 106) = 500 – 230 = 270
Көк қағаз – 106 500п.қ. Ж: 270 сары қағаз
Сары - ?
№ 7. Топтық жұмыс. Кесте бойынша өрнектер құрастыр және жаз. Олардың мәнін тап.
150 ∙ 3 + 250 = 700 880 : 4 + 11 ∙ 2 = 242 320 + 300: 20 = 470
4 ∙ 12 + 210 = 258 299 + 900 – 680 = 519
А).
Қосылғыш 150 ∙ 3 4 ∙12 880 : 4 299 320
Қосылғыш 250 210 11 ∙ 2 900 – 680 300 : 20
Қосынды 700 258 242 519 470
Б). 800 – 600 : 5 = 680
Азайғыш 800 45 ∙ 4 445 + 355 1000 560
Азайтқыш 600 : 5 44 : 4 55 ∙ 3 230 ∙ 3 405 : 5
Айырма 680 169 635 310 479

Шығармашылық тапсырма. № 9.
Ү.Қорыту. Бүгінгі сабақтан не білдік?
Үйге тапсырма: № 8. 5 бет. Бағалау.

Категория: Математика Мугарав Бахытжан |
Просмотров: 793 | Загрузок: 477
Всего комментариев: 0
avatar