Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Математика [ Добавить материал ]


Рационал сандарға амалдар қолдану
26.02.2016, 08:15

І. Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарға амалдар қолдану
Өткізілген күні: 10.12.2015ж
Сынып: 6 «Б»
ІІ. Сабақтың мақсаты:
Рационал сандарға амалдар қолдануға жаттығу, есеп шығару дағдысын қалыптастыру.
-Бөлшектердің алымындағы, бөліміндегі көбейткіштер ондық бөлшекпен берілсе, оны бүтін санға келтіріп қысқарта білу.
-Оқушылардың тыңдау қабілеттерін дамыту, ойлау дағдыларын қалыптастыру, математикалық сауаттылықтарын жетілдіру.
-Оқушыларды өзін- өзі басқаруға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақтың түрі:практикалық сабақ.
ІҮ. Көрнекілік: 1) Ауызша есеп жазылған тірек-карта.
2) Мысалдар жазылған открытка қиындылары.
3) Деңгейлік тапсырмалар жазылған таратпа беттер
4) Деңгейлік тапсырмалардың тест түрінде жауаптары жазылған плакаттар.
5) Өзіндік жұмыстарды бағалау беті.
Ү. Сабақтың жоспары:
1 Ұйымдастыру – 1’
2. Үй тапсырмасын тексеру – 5’
3. Өткенді қайталау – 2’
4. Есеп шығару – 32’
5. Бекіту – 2’
6. Үйге тапсырма беру – 1’
7. Оқушыларды бағалау – 2’
ҮІ. Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру:
№319 (5;6) Есепте:
-4,8:(-2)-3= 2,4-3= -0,6
6,4:(-0,1)+99=-64+99=35
№321 (5;6) Өрнекті ықшамда:
8ху+9х-9ху-7х=2х-ху
17,8х+9у-5,5х-10у=12,3х-у
№322
Жандостың ойлаған саны – х
х(-6)+ 44/5 = -67,4 х-?
-6х=-67,4-8,8
-6х=-76,2
х=-76,2:(-6)
х=12,7
Өткенді қайталау:

1. Екі оң санның қосындысы қандай сан? (оң сан)
2. Екі теріс санның қосындысы қандай сан? (теріс сан)
3. Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең? (нөлге)
4. Таңбалары әр түрлі сандар қалай қосылады? (Таңбалары әр түрлі екі санды қосу үшін модулі үлкен санның таңбасын қоямыз, модулі үлкен саннан модулі кіші санды азайтамыз)
5. Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі? (теріс сан)
6. Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі? (оң сан)
7. Таңбалары әр түрлі екі санның бөліндісі? (теріс сан)
8. Таңбалары бірдей екі санның бөліндісі? (оң сан)

Есеп шығару:

1. Амалдар тізбегін орындаңдар (ауызша):

2. Сурет құрастыруға есеп:
Әр оқушыға сурет қиындылары салынған конверт беріледі. Конверт сыртында орындау керек тапсырмалар кестесі бар. Оқушы әр кестедегі есептерді шығарып, оған тиісті жауапты тауып, сол кестедегі ретпен жауаптарды тізіп қойып шығады. Осылай барлық тапсырманы орындайды. Егер жауаптардың екінші жағына қарағанда сурет дұрыс құрастырылған болса, «тапсырма дұрыс орындалды» деген сөз.

Тапсырма Жауаптары

-3,2+(-5,7)
12+(-3,7)
-3,7·2
-8,9
8,3
-7,4

8 :(-1) - +(- )
· (- ) -8 -1
-
-7,8+3,2
- ·(- ) -45:(-5) -4,6
9
- :
-16+24 -7+2,4 -1
8 -4,6
-5 +6 2,8-(-3,2) 26·(-3) 6 -78

3. Математикалық диктант алу:
1) 3,2 және -1,7 (2,4 және -5,3) сандарының көбейтіндісін өрнек түрінде жазыңдар.
2) х пен -15 санының (19 бен у санының) айырмасының мәнін табыңдар, мұндағы х=-20 (у= -11)
3) -1,9 және -2,3 сандарының қосындысының 3,5-ке көбейткендегі көбейтіндінің (-2,8 санын 2,7 мен -1,3 сандарының қосындысына бөлгендегі бөліндінің) өрнегін жазыңдар.
4) - (- ) санына кері санды жаз.

5) Бөлінгіш 9 (-6 ), бөлгіш 1 (-1 ). Бөліндіні табыңдар.

4. Деңгейлік тапсырманы орындау:

І деңгей

Амалдарды орында
1. 24 (5-7) =
2. -19 (8-9) =
3. -64 (24-15-9) =
4. (-7,2+5,2) (-7+9) =

Сұрақтарға жауап бер:

5. Сандық түзудегі a, b, d сандарының қайсысы үлкен?

6. -х=0,25 теңдеуінің түбірі қандай сан?
7. а мен в қандай сандар болғанда а+в = 0 теңдігі орындалады?
8. -7 + к = - 8 теңдігіндегі к неге тең?

ІІ деңгей
Өрнекті ықшамда:

9. 4х (2-а)+4ах =
10. (3х+11) 2-5 (4-3х) =

Өрнектің мәнін тап:

11. -2,2 (8,36+а-7), мұндағы а= -6
12. (х+26-у) (-0,96), мұндағы х=-19, у=5

ІІІ деңгей

Теңдеуді шешіңдер:
13. 12х-5,9-7,5х+3,2= -4,05
14. 11х+36,5-4х=40

Әр деңгейдің барлық тапсырмаларын дұрыс орындағаны үшін оқушылар сол деңгейді игергеніне сәйкес ұпай алады: І деңгей – 5 ұпай, ІІ деңгей – 10 ұпай, ІІІ деңгей – 15 ұпай. Әр деңгейдегі тапсырмалардың дұрыс жауаптарын оқушылар өзіндік жұмыстарды бағалау бетінде (+) –пен белгілеп отырады. Тақтада деңгейлік тапсырмалардың тест түрінде (А,В,С) жауаптары ілулі тұрады. Әр деңгейдің құны бойынша оқушы өзінің жинаған ұпайларын санап, өзіндік жұмысын бағалайды.

Деңгейлік тапсырманың жауаптары:

І деңгей

Қателесу ұят емес, ойланбау ұят
А В С
1 -48 120 48
2 19 -19 162
3 0 -64 64
4 4 12,4 -4
5 а B d

6 0,25 -0,25
7 a=b a= -b немесе b= -a a>0, b<0

8 -1 1 -16
О Й Ш Ы Л

ІІ деңгей

Талап бар жерде жол табылады
А В С
9 8 8х 8ах
10 21х+1 -21х+2 21х+2
11 -10,2 -11 10,208
12 -2,1 -1,92 2,1
Т А П Қ Ы Р

ІІІ деңгей

Ой түбі алтын, ойлай берсең аларсың
А В С
13 -1,3 0,35 -0,3
14 0,5 1,5 0,05
А Л Ғ Ы Р

Өздік жұмыс аяқталғаннан кейін оқушыларды бағалап, үйге тапсырма беремін.

Үйге тапсырма:

№327, №328 (5, 6), №330

Категория: Математика | Добавил: shakenova84 Абдыкаримова Алия Кажикеновна |
Просмотров: 593 | Загрузок: 381
Всего комментариев: 0
avatar