Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Математика [ Добавить материал ]


Математикадан факультатив жоспары "Математика және логика"
30.10.2016, 00:16

Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Абай атындағы жалпы орта мектебі


Математика және логика
Жалпы білім беретін мектептің 6 сыныбына арналған факультатив курсының
о қ у б а ғ д а р л а м а с ы

Бағдарлама авторы: жоғары санатты математика,информатика пәні мұғалімі
Қайсағалиева Бақытгүл Теміртасқызы



Ганюшкин – 2016

ТҮСІНІК ХАТ

Дамудың инновациялық жолы жаңаша ойлауды, алдағыны жоспарлауды, жаңа идеялар мен технологияны болашақта қажет етеді. Осының бәрін елімізде өсіп келе жатқан жеткіншектерден күтіледі. Мектеп мұғалімдерінің басты мақсаттарының бірі – оқушылардың өзі дамуы үшін пәнге қызығушылығын туғызу. Осы мақсатқа жетудің бір жолы-математикалық үйірмеге оқушылардың қатысуы. Оқушының бейімдік дайындалу кезеңінде маңызды роль интеграцияланған элективті деп аталатын курстар атқарады, олардың негізінде пәнаралық және оқуға деген дара үйлестірімділік жатады. Тап осы мәселелерді шешу оқушының тағдырындағы ғылыми, техникалық, кәсіпшілік қызығушылығын іске асыруды орындауға жағдай жасайды.
Математикалық пәндер бағытының арасында кең интегративті мүмкіншіліктерге математикалық логика ие болады, өйткені жүйелі түрде ойлау, дәлелді ойлау, болжамдар жасау, жоққа шығарулар өздігінен келмейді – бұл іскерлікті логика ғылымы дамытады. Сондықтан әмбебап қолдануына, қызықтылығына байланысты, сонымен қатар математикалық логика негізінде жоғары абстрактілігіне байланысты элективті курс барлық оқушыларға сөзсіз қызықты және пайдалы .
Бір жағынан бұл курс оқушыларға бағдарлама бойынша математикадан алған білімдерін жалпылауға, тереңдетуге, математикалық объектілердің бірегейлігін, жоғары абстрактілігін көруге мүмкіндік береді (математикалық профильге дайындау), екінші жағынан математиканы техникада, өнерде, практикалық қызметте, тұрмыста қолданудың зор мүмкіндіктерін көрсетеді, дұрыс шешімді табуда, әртүрлі есептерді соның ішінде тұрмыстағы есептерді шешудегі логиканы қолдануға үйретеді (профильдердің техникалық, гуманитарлық және басқа түрлерінің таңдауына дайындау).
Элективті курстың мазмұнының тап осы бағытты ұстануы сансыз көп логикалық есептердің шешілуін болжайды, өйткені есептер шығару – бұл тұрақты үйреніп және жақсы үлгілерге еліктеу арқылы келетін практикалық өнер. Психологияның оқытуы бойынша есептерді шығару қажеттілігі туындаған кезде ойлау пайда болады. Әрбір есеп міндетті түрде жауапты талап ететін сұрақпен аяқталады. Қойылған сұрақ ойды оятады, оқушының ойлау қабілетін дамытады. Элективті курсқа кіретін барлық есептер, олардың дәлелдеулері оқушыларға қиындықтар тудырмайды, өйткені құрамында қиын есептеулері жоқ, ал әрбір алдынғы есеп келесіге дайындық және әрбір есеп қайталанбайтындай етіп, қарапайымнан күрделіге қарай, әуестілігі мен қызықтылығын сақтай отырып таңдалып алынған. Оқушылардың жас ерекшелігі ескеріліп, бағдарламаны оқушылардың, соның ішінде, жақсы математикалық дайындығы жоқ әртүрлі топтар үшін қолдануға болады.
Математика курсының мазмұны мынандай тарауларға қарасты. Олар: математика тарихы, есептеулер, математикалық жұмбақтар, логикалық есептер. Бағдарлама аптасына 1 сағат, 34 сағатқа арналған.
Мақсаты: Математиканың тарихы мен логикалық есептерді шешуді үйрете отырып, бағыт таңдауға саналы түрде дайындау, оқушының логикалық мәдениетін қалыптастыру.
Оқушылардың негізгі қызмет түрлері
Курсқа қатысатын оқушылардың жұмыс түрі күнделікті сабақтағы жұмысты ұйымдастырудан өзгеше болуы керек: оқушыға ойлануға қажетті уақыт бере отырып, болжамдар жасауға үйрету.
Курсты оқу барысында оқушыларды әртүрлі қызмет түрлеріне белсенді қатыстыру арқылы жүзеге асыру керек. Ол үшін:
 Тақырыпты пікірсайыс түрінде, эвристикалық әдіс негізінде жоспарлау;
 Жеке және топталған жұмыс түрін қолдана отырып, өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмаларды талқылаумен шығарту;
 Бөлек тапсырмалардың өзіндік орындалу, оқушыларды іздемпаздық және шығармашылық қызметке қосу, қасиеттер мен олардың дәлелдерін ұғындыру, интуицияны дамытуға мүмкіндік беру.
Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер қойылады :
 оқушының ойын дамыту;
 кеңес бере отырып, бағыттап оқыту;
ізденушілік, зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру;
 оқушылардың ғылыми, техникалық, кәсіпшілік қызығушылықтырын қалыптастыруға жағдай жасау, бейім таңдауда өз тағдырын өзі шешуге мүмкіндік беру;
 оқушылардың стандартты логикалық операцияларды жылдам және дұрыс орындау іскерлігін дамыту.
 салмақты ойластырылған шешім қабылдауға, өзінің және өзгенің ойлау әрекеттері туралы дұрыс пікір білдіре білу, қарсы оппоненттердің ой жүгіртулеріндегі қателерді таба білу.
Оқушылардың білім дағдысын бағалаудың түрлері мен әдістері
Оқушылардың білім дағдысын бағалаудың оқыту үшін бағалау түрін қолданамын. Бұл өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Оқыту үшін бағалауда оқушылар өздерін-өздері, сыныптастар бір-бірін бағалау арқылы жүргізеді. Мұғалімнің бағалауы мадақтау, ынталандыру оқушылардың көңіл күйін көтеріп, өздерінде сенімділікті тудырады.
Сабақта эвристикалық, өзіндік жұмыс істеу, көрнекілік,тежірибелік,есептеу әдісін қолдану.
Курсты оқу барысында күтілетін нәтижелер
Курсты оқу нәтижесінде оқушылар білуі тиісті:
 Логика, математикалық терминдер ұғымын,тарихын;
 Өлшеуге, қозғалысқа,құюға берілген, әзіл есептерді шығара білуі керек.
 Сөзтізбе, ребустар, әзіл есеп, математикалық ертегілер құрастыра білуі керек;
Істей алуы тиіс:
 мүмкін варианттарды графтар, схемалар және кестелер арқылы таңдау;
 логикалық есептерді шешуде тәсілдерді: берілгендерді салыстыру, схемалар және кестелер арқылы, яғни мүмкін варианттарды таңдау;
 алған білімдерін практикалық есептерді шығаруда пайдалана білу.
Әр сабақ келесідей бөлімдерден тұрады:
• Бағдарлама мазмұны (теориялық мазмұндама);
• Математикалық өлеңдер;
• Практикалық есептер;
• Дидактикалық есептер.
Оқу жылының соңында «Математика әлемінде» пысықтау сабағы өткізіледі.

Тақырыптық жоспар

№ Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі
1 Математика және логика 1
2 Сандардың шығу тарихы 1
3 Алып сандар тарихы 1
4 Арифметиканың төрт амалы 1
5 Нөлдің ашылуы 1
6 Сызғыштың тарихы 1
7 Ұзындықты өлшеу қалай пайда болды? 1
8 Адамар уақытты қалай өлшеген? 1
9 Күнтізбек тарихы 1
10 Салмақты өлшеу тарихы 1
11 Өлшем бірліктер жүйесі 1
12 Ұлы математиктер 1
13 Бөлшектер қалай пайда болды? 1
14 Әзіл есептер, жұмбақ есептер 1
15 Шырпымен есеп 1
16 Жылдам есептеу сырлары 1
17 Көбейту және бөлінгіштік белгілері 1
18 Қатынастарға байланысты есептер 1
19 Схемалардың көмегімен шешілетін есептер 1
20 Кестелердің көмегімен шешілетін есептер 1
21-22 Арифметикалық ребустар мен логикалық ойын есептері 2
23-24 Олимпиадалық есептерді шешу 2
25 Құюға есептер шығару 1
26-27 Қозғалысқа есептер шығару 2
28 Таразылауға есептер шығару 1
29-30 Математикалық байқаулар есептері 2
31 Математикалық фокустар 1
32 Математикалық ойындар 1
33 Математикалық ертегілер 1
34 Жыл бойы өткенді қайталау «Математика әлемінде» 1

Оқушыларға арналған әдебиеттер:

1. Қызықты математика

2. Свечников А.А. Путешествие в историю математики.- М.: Просвещение. 1995

3. М.К.Потапов Ю.В.Нестеренко «В царстве смекалки» 1977 г

4.Логикалық тапсырмалар Katev -2009,2010,2011,2012 жж

5. Ол кім, бұл не? энциклопедия

Мұғалімге арналған еңбектер тізімі

1.Л.М.Лихтарников. «Занимательные задачи по математике», М.,1996г.

2. Е.В.Галкин. «Нестандартные задачи по математике», М., 1996 г

3. Қызықты математика

4. М.К.Потапов Ю.В.Нестеренко «В царстве смекалки» 1977 г

5.Логикалық тапсырмалар Katev -2009,2010,2011,2012 жж

6. Свечников А.А. Путешествие в историю математики.- М.: Просвещение. 1995 .

7.Тонких А.П. Логические игры и задачи на уроках математики.- Академия развития. Ярославль. 1997.

Бағдарламаны дайындаған
математика және информатика
пәнінің мұғалімі: Қайсағалиева Б


Бағдарлама физика - информатика пән бірлестігінде талқыланды.
Хаттама № 1 26.08. 2016 жыл

Бағдарлама мектептің №1 педкеңесінде талқыланып бекітілді.
Хаттама №1 27.08. 2016 жыл

Мектеп директоры: Н.Хасанова

Категория: Математика | Добавил: Bahit31101976 Кайсагалиева Бахытгул Темиртасовна |
Просмотров: 111 | Загрузок: 32
Всего комментариев: 0
avatar