Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Математика [ Добавить материал ]


Квадрат
16.01.2016, 13:13

Сабақ: №3 Мектеп: Семей қаласы, №23 ЖББОМ КММ
Күні: 2.10.2015 ж Мұғалімнің есімі: Шакенова Г. О.
Сынып: 8 Қатысқандар саны: 24 Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Квадрат
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Квадраттың анықтамасын білу, тіктөртбұрыш пен ромбының дербес түрі ретінде түсіне білу, ортақ қасиеттерін, айырмашылық пен ұқсастықты ажырату. Есептер шығару барысында тиімді әдістерді табу.
Табыс критерийлері Барлық оқушылар:
Квадраттың анықтамасын, қасиеттерін біледі, оларды қолданып есептер шығарады

Оқушылардың басым бөлігі:
Қасиеттеріне қарай басқа төртбұрыштадан айырмашылығын және ұқсастықтарын ажырата алады.

Кейбір оқушылар:
Есептер шығару барысында нәтижеге қолжеткізу үшін тиімді әдістерді табады, қолдана алады
Тілдік мақсат Оқушылар: Квараттың қасиеттерін анықтауда математикалық тілде сойлей алады.
Сұрақтарға нақты дәлелдемелер арқылы, толық жауап бере алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Параллелограмм, ромб, квадрат, тікбұрыш, диагональ, биссектриса, периметр, перпендикуляр.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік біліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
Квадраттың барлық бұрыштары тік. Квадраттың барлық қабыргалары тең. Квадраттың диагональдары тең, өзара перпендикуляр, қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді және квадраттың бұрыштарын да қақ бөледі.
Сіз неліктен ...екенін айта аласыз ба?
Квадрат тіктөртбұрыш пен параллелограммның, ромбының дербес түрі, сондықтан квадрат үшін осы фигуралардың барлық қасиеттері орындалады.
Жазылым бойынша ұсыныстар:
АВСD квадрат, ▲АВС
Алдыңғы оқу Параллелограмм , тіктөртбұрыш, ромб.
Жоспар
Сабақ кезеңдері
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Мұғалімнің әрекеті Оқушылардың әрекеті
1-кезең: Қызығушылықты ояту(15 минут):
- ұйымдастыру
- үй тапсырмасын тексеру;
-қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі;
- белсенді әрекетке жұмылдырылады;
- ойлау жұмысына ынталандырылады
«Жақсы тілек-жан жылуы» сенімділікті арттыру,ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру. «Серпілген сауал» әдісі бойынша үй тапсырмасын тексереді.
Терминдерді топтастыру арқылы топқа бөлу. Сабақтың тақырыбын дәптерге жазғызып, мақсатын оқушылармен бірлесе отырып шығару, табыс критерийлерін жасайды. Әр кезең бойынша бағалау критерийлерімен таныстырады.

Ұжымдық, ытымақтастық ахуал орнатады.
«Серпілген сауал» арқылы оқушылар сұрақтарға жауап береді, үй тапсырмасы тексеріледі. Терминдерді топтастыру
арқылы топтарға бөлінеді.
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлеріне диалогтық талдау жасап, сұрақтарға жауап береді.
Топ басшысын сайлайды, бағалау парақтарын таратады.

Фигуралар, бағалау парағы
Оқулық, дәптер
2-кезең: Мағынаны ажырату(15 мин):
- оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады;
- жаңа білім жайлы өзіндік түсінік қалыптастырады

«Бес минуттық әңгіме» арқылы ой қозғайды, мағынаны ашады.

«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісін қолданады.
-тіктөртбұрыштың анықтамасын «ромб» ұғымы арқылы,
-ромбыны «квадрат» ұғымы арқылы,
-тіктөртбұрышты «квадрат» ұғымы арқылы айтып көріңдер.

Сергіту сәті

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы тірек сөздерді қолданып, әңгімелесу барысында квадратқа анықтама береді, элементтерін анықтайды.

Өз беттерімен ойланады, жұптарымен өз тұжырымдамаларын жасайды, яғни қасиетін анықтайды.
«Сұхбаттасатын жұп» арқылы жұбымен үйренген үш нәрсе туралы айтады.

Жылдам жұп табу арқылы сергіту сәтін жасайды.
Интербелсенді тақта
Түрлі-түсті қағаздар,
Маркерлер , шырпылар



3-кезең:
Ой-толғаныс(10 минут):
- анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді;

- синтез, бір-бірімен ой бөліседі

- сабақ қорытындысы
Әр топқа есептер жазылған парақтар таратады. «Пазл» құрастыру . Тапсырманы орындау барысын түсіндіреді. Топта оқушылар бірлесе отырып, есептерді шығарады. Топтың әрбір мүшесі ортақ жұмысты орындайды. Топ басшысы топ жұмысына қадағалау жүргізеді. Жауаптарын тауып, сәйкестендіру арқылы әртүрлі фигуралар құастырып шығарады..
Дұрыс құралған фигура арқылы жауаптар тексеріледі.
Түрлі-түсті қағаздар,
Маркерлер, смайликтер

Келесі оқуға арналған тапсырмалар
(үй тапсырмасы) Теорияны оқу, оқулықан есептер беру.
Төртбұрыштар тарауына презентация дайындау.
Қосымша ақпарат
Саралау

Жас ерекшеліктеріне сай тапсырмаларды әртүрлі деңгейде дайындау. Топтағы оқушыларға көмек көрсетуде мұғалімнің топ басшысына немесе қабілетті оқушыға кеңес немесе қосымша құрал,ресурстар беруі
. Бағалау

Қол шапалақ
Бас бармақ
Смайликтер
Жұлдызшалар
Бағалау парағы
Критерийлер бойынша бағалау
Адам бейнесін жасау (кері байланыс) Пәнаралық байланыс.
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін орындау. АКТ құзыреттілік. Құндылықтармен байланыс.
Информатика, тарих
Қауіпсіздік нормалары, сынып тазалығы сақталған. Сынып парталары дұрыс орналастырылған. Техникалық құралдарды пайдалана алады.Интербелсенді тақтамен жұмыс жасай алады. Оқушылар достық қарым-қатынаста болады.

Оқушы оқу мақсатына жетті, себебі
Тақырып бойынша негізгі идеялар мен түсініктер есептер шығару барысында дұрыс, тиімді қолданылды. Кейбір оқушылар күрделендірілген тапсырмаларды орындау барысында арнайы алгоритм құрып, жылдам әрі жеңіл жолдарды қарастыра білді, шешімге жетті. Оқушы оқу мақсатына талпынды, себебі
Есептер шығару кезеңін ойын арқылы ұйымдастыру
барлық оқушылардың әрекетке тартылуын қамтамасыз етті. Ортақ шешім табуға тырысты. Алдыңғы сабақтардағы білімдерін пайдаланып, мақсатқа жетуге талпынды.
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Оқу неге бағытталған болды? Жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер еңгіздім және неліктен? Мақсат барлық оқушылардың өз бетімен білім алуына , белсенді іс-әрекетке бағытталған. Төртбұрыштың барлық түрлерін, қасиеттерін білді, теория мен практиканы ұштастыра білді. Топта жұмыс істеу оқушылардың белсенділігін арттырып, тапсырманың жылдам әрі дұрыс орындалуына оң әсер етті. Әртүрлі фигуралар туралы алған білімдерін пазл құрастыру кезінде тиімді қолдана алды. Тапсырманы орындамай тұрып қима бөліктерді құрастыру оңайға соқпайтын шамалы уақыттан сон түсініп, топ болып жұмыла түскенін байқадым. Уақыт тиімді қолданылды. Өткен сабақтардағы кері байланыстың жазбалары ескеріліп, нәтижесінде оқушылардың табысты білім алуына жағдай жасалды.
Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. «Ойлан, жұптас, талқыла» арқылы жұппен жұмыс істеу тиімді болды. Соңында «Жұбыммен үйренген үш нәрсе» бойынша пікір алмасты.
2.Әртүрлі фигураларды құрастыру арқылы тапсырманы орындау қызықты әрі табысты болды.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. «Мен мықтымын!» арқылы сенімділікті арттыру, жағымды атмосфера орнату оқушыларға дем берді
2. Үй тапсырмасын «Серпілген сауал» арқылы тексеру уақытты тиімді пайдалануға септігін тигізді

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымда жетілдіруге көмектесетің не білдім?

Категория: Математика | Добавил: shakenova84 Шакенова Гульшат Омирбековна |
Просмотров: 609 | Загрузок: 417
Всего комментариев: 0
avatar