Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Математика [ Добавить материал ]


Геометриялық фигуралар. Периметр. Аудан.
24.02.2016, 20:35

Математика пәні 4-сынып
Сабақтың тақырыбы: Геометриялық фигуралар. Периметр. Аудан.
Сабақ жоспары мұғалімнің және оқушының әрекеті деп екіге бөлінген. Бағалау парақшалары крийтерия бойынша жасалған.Оқушылар геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлінеді.Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру үшін оқушылар бір біріне сәттілік тілейді. Үй тапсырмаларын дұрыс жауаптарын көрсету арқылы тексеріледі. Жаңа сабақ "Блум таксономися" бойынша Білу деген кезеңінен басталады.Геометриялық фигураларға қарап оқушылар аттарын атайды. «Миға шабуыл» әдісі арқылы ауызша Сөйлемнің қайсысы дұрыс? деген сұрақ қойылады. Түсіну кезеңінде мұғалім Геометрияның даму тарихынан үзіндіні айтып қосымша мәлімет береді. Қолдану кезеңінде оқушылар кітаппен жұмыс жасайды. Ауданы белгілі тіктөртбұрыштың ұзындығы мен енінің мүмкін нұсқаларын табады. Сөз есептер шығарады, оған кері есептер құрастырады.Сергіту сәті өткізіледі. Талдау кезеңінде тақтаға шығып теңдеуді ауызша айтып шығарады.Жинақтау кезеңінде жұптық жұмыс жасайды. Бағалау кезеңінде оқушылар кесте толтырады. Үй тапсырмасын күнделікке жазады. Кері байланыс арқылы өз көңіл-күйлерін стикерге жазады.

Категория: Математика | Добавил: asiko Досанова Асель Темиргалиевна |
Просмотров: 696 | Загрузок: 394
Всего комментариев: 0
avatar