Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Математика [ Добавить материал ]


4 санын көбейту және бөлу кестесін пысықтау
19.01.2016, 20:35

Математика
Сабақ тақырыбы: 4 санын көбейту мен бөлу кестесін пысықтау.
Сабақтың мақсаты: 1) практикалық амалдар негізінде 4 санын көбейту мен бөлу кестесін пысықтау, есептер шығару барысында көбейту мен бөлу кестесі туралы ьілімдерін бекіту;
2) Шапшаң есептеу, есте сақтау қасиеттерін дамыту;
3) Топпен және өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақ типі: пысықтау сабақ
Сабақ түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, талдау, түсіндіру, өздік және топпен жұмыс.
Сабақ көрнекілігі: көбейту кестесі
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық.
Терең ғылым сананың,
Тегі деп ой саламын
Маңыз беріп оқимын,
Математика сабағын.
II. Тірек білімдерін жетілдіру.
Математикалық диктант.
4-ті 2-ге көбейт. Нәтижесін жаз,
2. бірінші көбейткіш 6, екінші көбейткіш 2.Көбейтіндінің мәнін тап.
3. Бөлгіш 16, бөлінгіш 2. Бөліндінің мәнін тап.
4. Бірінші көбейткіш 8, екінші көбейткіш 1 Көбейтіндінің мәнін тап.
III. Оқулықпен жұмыс.
№1 тапсырмада 4-ке бөлінетін 40- қа дейінгі сандарды жазады. Олардың арасынын жұп сандарды табады.
№ 2 тапсырмада берілген көбейтінді мен бөліндіні салыстырады. < , >, =
Сергіту сәті.
№3 тапсырмада берілген есептер оқылады, талдау жұмысы жүргізіледі. Есеп тақтада және дәптерге орындалады.
Болғаны - 32 шам Сатып алды- 3 қызғалдақтан 4гүлшоғы
Орнатты - әр шамдалға 4 шамнан Барлығы -? гүл
Шамдал -? Ш: 3 х 4= 12
Ш: 32 : 4 = 8 (ш) Ж: барлығы 12 гүл сатып алды.
Ж: 8 шамдал бар.
№5тапсырмада қабырғалары 7 см, 4 см,6см, 9см шаршылардың периметрін табады.
Шаршының периметрін табу формуласы Р = а х 4
Мысалы:
а = 7 см
Р = ? см
Р= 7см х 4 =28 см
IV. Сабақты қорытындылау.
№ 6 шығармашылық тапсырма беріледі.
Егер оқушы өрнектің мәнін амалдар тәртібі бойынша жеке есептеген болса, онда ол қандай өрнек болғаны? Сол өрнекті жаз.
А) ? ә) ?
1) 18:2=9 1) 5+7= ....
2) 14+9= 23 2) 12: 4= ....
Жауабы: 18:2 +14 =23 Жауабы: (5+7) : 4= 3
V. Үйге тапсырма: № 4 тапсырма, 207-бет.
VI. Бағалау.

Категория: Математика | Добавил: nazok | Теги: Математика 2 класс Батырова нАЗГУЛЬ Шахматовна |
Просмотров: 666 | Загрузок: 406
Всего комментариев: 0
avatar