Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Химия [ Добавить материал ]


Қазақстандағы қара және түсті металлургияның дамуы. Металдар және олардың құймаларын алу әдістері.
03.03.2016, 13:08

Қысқа мерзімді жоспарлау
Сабақ: №1 Мектеп: Семей қаласы №23 ЖББОМ КММ
Күні:19.02.2016ж. Мұғалімнің есімі: Темергалиева Кумысжан Кыдыргалиевна
Сынып: 9А Қатысқандар саны: 18 Қатыспапағандар саны:
Сабақ тақырыбы Қазақстандағы қара және түсті металлургияның дамуы. Металдар және олардың құймаларын алу әдістері.
Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары) Химия, георгафия, физхика пәндерін кіріктіру негізінде еліміздегі кен орындарын анықтай, қара және түсті металлургияның дамуы, оның қоршаған ортаға тигізетін әсерін анықтау, металлургиялық процесстер мен негізгі реакция теңдеулерін жаза білу, Қазақстанның металлургия өнеркәсібі металдарды қайда және қандай әдістемен өндіретіні туралы білім қалыптастыру.
Табыс критерийлері Барлық оқушылар: С деңгейлі
Еліміздегі кен орындары, қара және түсті металлургияның дамуы, оның қоршаған ортаға тигізетін әсерін біледі. Қазақстанның металлургия өнеркәсібі металдарды қайда және қандай әдістермен өндіретініне сипаттама бере алады.
Оқушылардың басым бөлігі: В деңгейлі
Металлургиялық процесстерді біледі және негізгі реакция теңдеулерін жазады алады.
Кейбір оқушылар: А деңгейлі
Шығармашылық пен елестету қабілеттері арқылы күрделі тапсырмаларды орындай алады. (Мысалы: Металлургиялық процесстерді біледі және негізгі реакция теңдеулерінің жүру механизмі мен себебін түсіндіруге тырысады ) постер қорғайды.
Тілдік мақсат Оқушылар: Анықтамаларды айтуда, ойын жеткізуде химиялық тілде сойлей алады, терминтерді тиімді қолдана біледі. Сұрақтарға нақты жауап бере алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Қара және түсті металлургия, пирометаллургия, гидрометаллургия, электрометаллургия, агломерация, флотация, кенді байыту, механикалық өңдеу.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік біліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
Табиғаттағы металдар, металлургия әдістері, Қазақстандағы кендерден металлдар және олардың құймаларын алу, еліміздегі кен орындары, металлургияның экологиялық аспектілері.
Сіз неліктен ...екенін айта аласыз ба?
Агломерация мен флотация әдістеріне сипаттама бере аласыңдар ма?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Металлургиялық процесстер мен реакция теңдеулерін жазғанда валенттілік пен зат массасының сақталу заңын ескеру, коэффициенттер мен индекстерді дқрыс қоя білу, жылу мен жарық шығара жүретін реакциялардың өзіне тән белгілерін жазу.
Алдыңғы оқу Шойын мен болаттың басты айырмашылығын білу, реакция теңдеулерін жаза білу,
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Мұғалімнің әрекеті Оқушылардың әрекеті
Басталуы
(10 минут)
Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. «Менің досым қандай» әдісімен сәлемдесу, бір-біріне комплимент айту арқылы оқушылардың көңіл-күйін көтеру, ашық, еркін, шығармашылық қарым-қатынас орнатады. Сыныпты 3 топқа «Атомдар мен молекулалар» әдісі арқылы бөледі. «Ителлектуалды тир» стратегиясы бойынша үй тапсырмасын тексереді. Сабақтың тақырыбын интербелсенді тақтадан «Кроссенс» әдісімен, түрткі сұрақтарын қою арқылы ашып, дәптерге жазғызып, мақсатын оқушылармен бірлесе отырып анықтайды. Бағалау парағына әр оқушының жинаған балдарын қойып отырады. Әр кезеңнің табыс критериімен таныстырады. Амандасады, бір-біріне сипаттама беріп, комплимент айтады, көңіл-күйлері көтеріледі. «Атомдар мен молекулалар» әдісі арқылы 3- топқа бөлінеді. «Интеллектуалды тир» ойыны арқылы сұрақтарға жауап береді, жауап бере алмаса, «Маңдайдағы жазу» арқылы жасырылған металды топтың сипаттауы арқылы табады. «Кроссенс» әдісімен берілген фотосуреттерді мұқият қарайды, түрткі сұрақтаға дұрыс жауап беру арқылы сабақ тақырыбын, дәптерге жазады. Сабақ мақсатын құрған соң, табыс критерийлеріне, бағалау парағы немесе кестесіне диалогтық талдау жасайды. Топ ережесін құрады. Топ басшысын сайлайды. Әр кезеңнің табыс критерийлерімен танысады. «Атомдар мен молекулалар» арқылы топқа бөлуге арналған формулалар жазылған парақтар , бағалау парағы,
оқулық, дәптер.
Ортасы
(25 мин)
«Қызыл өрік» өлеңіне билеу арқылы сергіту сәтін өткізеді. «ДЖИГСО» әдісімен талқылауға топтарға тақырыпты бөліп береді, Еліміздегі кен орындары, қара және түсті металлургияның дамуы, оның қоршаған ортаға тигізетін әсері. Металлургиялық процесстер мен негізгі реакция теңдеулері. Қазақстанның металлургия өнеркәсібі металдарды қайда және қандай әдістемен өндіретіні туралы білім қалыптастыру үшін топтарға тапсырма бөліп береді, тақырыпты бекіту үшін «Жүзім шоғыры» кластерін жасауды ұсынады. «Бас бармақпен» бағалауды ұсынады. Сергіту сәтін жасайды.
«ДЖИГСО» әдісімен әр топ өзіне тиесілі тармақты талқылайды, оқушы жеке ойланады, жұбымен талқылайды, топта тұжырым жасайды. Өз болжамдарын, пайымдауларын айтады. Фактілер мен белгілері арқылы металлургиялық процесстер мен реакция теңдеулерін жазады, постер құрастырады, топта талқылайды, әр топтан «Аквариумдегі балықтар» стратегиясы бойынша бір оқушы шығып түсіндіреді, постерді немесе кластерді қоғайды.
Топтар бір-бірінің жұмысына «Бас бармақ» бойынша баға береді.
Интербелсенді тақта, маркерлер, стикерлер, түрлі-түсті қағаздар, тапсырма бар карточ.



Аяқталуы
(10 минут)
«Ақылдың алты қалпағы» стратегиясы бойынша металлургия тақырыбына 6 түрлі пікірлерін айту арқылы тақырыпты қорытындылайды. «Айсберг» білім игеру моделі бойынша кері байланыс орнатады. Табыс критерилеріне сүйене отырып бағалау кестесіндегі балдары бойынша әр оқушының жұмысын бағалауды жүзеге асырады. А,В,С дегейлі оқушыларды бақылау «Ақылдың алты қалпағы» стратегиясы бойынша металлургия тақырыбына 6 түрлі пікірлерін айту арқылы тақырыпты қорытындылайды. «Айсберг» білім игеру моделі бойынша кері байланыс жасайды. Табыс критерилеріне сүйене отырып бағалау кестесіндегі балдары бойынша әр оқушы өз жұмысын бағалп, бағаларын күнделіктеріне қойғызады.
Түрлі-түсті қағаздар,
Маркерлер, бағалау парағы.

Қосымша ақпарат
Саралау:
ЖАДА –на сәйкес тапсырма орындауда А деңгейлі оқушы көмегі мен мұғалім пікірі арқылы Бағалау: табыс критерилерін құрып, бағалау парағы арқылы
«Бас бармақ»
Әдісі арқылы Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін орындау. АКТ құзыреттілік. Құндылықтармен байланыс. Физика, география, информатика. Химия кабинетінде ТҚ ережелерінің нұсқаулығын қайталау. Қауіпсіздік нормалары, сынып тазалығы сақталған. Химиялық ыдыстарды, реактивтерді, құралдарды пайдалана алады.
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Оқу неге бағытталған болды?
Жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер еңгіздім және неліктен? Шынайы құрылған мақсат
Металлургиялық процесстер мен кен орындарын біледі. Белсенді әрекетке бағытталған
Жоспарланған барлық шаралар жүзеге асты
Уақыт ұтымды пайдаланылды
Үй тапсырмасын сұрауға басқа стратегия қолдануға да болады.
Оқушыларды көбірек сөйлету керек екен, себебі өзін-өзі бақылау немесе өзіндік «мен»-іне қолдау көрсетіп, нығайту үшін кері байланыс орнату қажет
Қорытынды бағамдау: Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. «Ақылдың алды қалпағы» стратегиясын қолдану табысты болды
2. «ЖДИГСО» әдісін қолдану уақыт үнемдеуге септігін тигізеді.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1. Фотосуреттер көрсету арқылы түрткі сұрақ қою арқылы тақырыпты ашу сабақты жақсартты
2. «Менің досым қандай?» әдісі сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнатты.

Әртүрлі деңгейдегі «_9А__» сынып оқушыларын зерттеу парағы
Оқушының аты-жөні, деңгейі Оқушы зейіні (тапсырма орындаудағы ынтасы, қызығушылығы, шоғырлануы) Ойлау жылдамдығы (мәселені шешуі, өзін-өзі реттеуі, есте сақтауы ) Сөйлдеу қабілеті (спикер болу, қолдау көрсету) Шығармашылығы (икемділігі, сурет салу, постер құрастыру, тапқырлығы, ұтымды идеялары)

Нұрзат
А-деңгейлі
Зерттейтін мұғалім
Нургилиева А.Ж.




Айдана
В-деңгейлі
Зерттейтін мұғалім
Малгеждарова Ж.С




Камилла
С-деңгейлі
Зерттейтін мұғалім
Абдыкаримова А.К.




«Интеллектуалды тир» сұрақтары:
География
1. Толық циклді қара металлургия өнеркәсібі орналасқан қаланы картадан көрсет
2. Ең ірі ферроқорытпа зауыттары орналасқан қалаларды ата
3. Мыс алудың барлық сатылары бар кен металлургиялық комбинаттар қай жерде орналасқан?
4. Павлодардағы алюминий зауытының орналасу факторын ата
5. Қазақстанда шығарылатын қорғасын өнімінің 80-90% Испания мен Ресейге экспортталынады. Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстанның қай қалаларында қорғасын-мырыш комбинаттары орналасқан?
6. Қара металдың қоры жөнінен Қазақстан дүниежүзі бойынша 8-орын, ал ТМД бойынша 3-орын алады. Оның 73,3% ашық әдіспен өндіріледі және 70% экспортқа шығарылады. Қара металлургияның кен орындарын ата.
Физика
1. Темірдің физикалық қасиеттерін айтып бер және оны ертеде неге «Жұлдызды тас» деп атаған? Тығыздығы 7,87 г/см3, балқуы +1539 С0
2. Алюминидің физикалық қасиеттерін ата және оны басқаша «Қанатты металл» деп аталу себебін түсіндір. Тығыздығы 2,7 г/см3, +660 С0
3. Ең қиын балқитын металл, ең оңай балқитын металды ата
4. Ең жеңіл және ең ауыр металды ата
5. Ең қатты және ең жұмсақ металды ата
6. Агрегаттық күйі сұйық металды ата және оның балқу температурасы қанша?

Химия

1. Адам ағзасында 4-5 г болатын, оның 65% қанның құрамында және тынысалуға қатысатын металды ата
2. Дюралимин құрамына алюминиден басқа қандай металдар кіреді? ( магний, темір, мыс, марганец)
3. Шойын мен болаттың құрамындағы көміртектің массалық үлестері қанша?
4. Бегзат металдарды ата және неге бұлай аталуының себебін түсіндір
5. Коррозияға ұшырамайтын металдар ата және мұның себебін түсіндір
6. Белсенді металдарды ата және олар басқаша қалай аталады, себебін түсіндір.

Қосымша тапсырмалар:

1. Мына айналымды жүзеге асыр:
Fe →Fe2O3 →Fe→FeCI3→Fe(OH)3→ Fe2O3→Fe

2. Мына айналымды жүзеге асыр:
АІ→АІ2O3 →АІ→АІCI3→АІ(OH)3→ АІ2(SO4)3

3. Мына айналымды жүзеге асыр:
Ca →CaO →Ca(ОН)2→СаCО3→ СаО

Массасы 240 г магний оксидін тотықсыздандыру үшін 80 г көмір жұмсалды, осы көмірдегі таза көміртектің массалық үлесі қандай?

Берілгені: Шешуі:
m(МgO)=240г
m(С)=80г
т/к: W©-?

Массасы 1 т Fe2O3 –тен темірді тотысыздандырып алу үшін қажетті көміртек (ІІ) оксидінің қ.ж. көлемі мен оны жағуға жұмсалатын көмірдің массасын есептеіңдер.

Берілгені: Шешуі:
m(Fe2O3)=1т
т/к: V(СО) қ.ж.-?
m(С)-?

Массасы 6 г алюминии мен мыс құймасы тұз қышқылымен әрекеттескенде көлемі 2,7 л сутек бөлінген. Осы құймадаға алюминии мен мыстың массалық үлестерін есептеңдер.

Берәлгені: Шешуі:
m(құйма АІ+Сu)=6г
V(H2)=3,7 л
т/к: W(АІ)-? W(Сu)-?

Оқушының аты Білу Түсіну Қолдану Талдау Бағалау
Нақты тақырып бойынша 5 –қадам Металдар, металлургия (түсті және қара) туралы жалпы білімі бар Металдарды бейметалдан айыра алады, металлургия этаптарын біледі Әрбір металдың физикалық, химиялық қасиеттеріне қарай қай салада қолданылатынын біледі Метал құймаларының құрамына кіретін мет-ң массалық үлестерін біледі, есеп шығарады Өз жұмысына, сыныптасына баға беру, қорытындылау, тақырыпты бағалай білуі
Роза
Аяған
Айым
Расул
Камилла
Шаяхмет
Ерсултан
Астан
Айжан
Жалғас
Айдана
Адиль
Акмади
Ернат
Ілияс
Нұрзат
Альбина
Кенжебай
Блум таксономисы (білім игеруге бағытталған 6 қадам) бойынша бағалау параға

Эдвард де Боно британдық психолог әртүрлі ойлауды қажет ететін сұрақтар, проблемалар, ситуациялар төңірегінде ой қозғау үшін 6 ойлау қалпағын немесе «Ақылдың 6 қалпағы» атты стратегияны ұсынды.
Тақырып: «Қазақстандағы қара және түсті металлургияның дамуы. Металдар және олардың құймаларын алу әдістері».
Ақ қалпақ (ақ бұлт) – негізгі ақпарат, фактілер, мәліметтер (Қазақстанда қара және түсті металлургия қайда және қалай дамыған?)
Қызыл қалпақ (от) – ішкі сезім, интуиция, эмоция. Осы тақырып бойынша өз эмоциясын жеткізу (Қазақстан металлургиясын, металлургтерін мақтан ету, ән арнау, тақпақ оқу, эссе жазу)
Қара қалпақ (қара дауыл)- сын айту, негативті ойлау, тек жаман жағын айту. (Металлургия саласының табиғат пен қоршаған ортаға тигізетін зияны, экологиялық проблемалар туралы айту)
Сары қалпақ (күн) – оптитмизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар. (Қазақстандағы қара және түсті металлургияның пайдасын айту)
Жасыл қалпақ (жасыл дала)- жаңа идеялар, шығармашылық (креативті) ойлау. (Металлургия саласын дамытуға байланысты, ұсыныстар, перспективалар)
Көк (аспан) – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды қорытындылау. (Қазақстандағы қара және түсті металлургияның дамуы. Металдар және олардың құймаларын алу әдістері тақырыбын қорытындылау ).

Химия пәні мұғалімі Темергалиева Кумысжан Кыдыргалиевнаның
9 а сыныбы, химия пәні «Қазақстандағы қара және түсті металлургияның дамуы. Металдар және олардың құймаларын алу әдістері» тақырыбы бойынша зерттеу сабағының
рефлексивті есебі

Оқытудың сындарлы теориясы оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді.
Оқыту мен оқуды ұйымдастырудың, зерттеудің жаңа тәсілдердің бірі ретінде «Lesson study», яғни белгілі бір сыныпты, А, В, С деңгейлі оқушыларды зерттеуге алып, химия, физика, география пәндерінен кіріккен сабақ өткізу жоспарланды. География мен физика пәндерінен І-ші, ІІ-ші тоқсанда сабақтар өткізіліп зерттелген. Зерттеу тобындағы мұғалімдердің негізгі мақсаттары сабақ нәтижелерін бақылау, зерттеу парақтарын толтыру, мониторинг жүргізу, оқышылар өзгерісін анықтау, салыстыру болып табылады.
Сабақ барысында оқушылардың іс – әрекеттері, қолданылған әдіс тәсілдердің тиімділігін бақылай отырып, А, В, С деңгейлі оқушыларды дербес дамыту үшін зерттеушілік бағытта әртүрлі тапсырмалар беруді ойластырдым. Сабақтың негізгі мақсаты - химия, георгафия, физхика пәндерін кіріктіру негізінде еліміздегі кен орындарын анықтай, қара және түсті металлургияның дамуы, оның қоршаған ортаға тигізетін әсерін анықтау, металлургиялық процесстер мен негізгі реакция теңдеулерін жаза білу, Қазақстанның металлургия өнеркәсібі металдарды қайда және қандай әдістремен өндіретіні туралы білім қалыптастыру болғандықтан, «Миға шабуыл», «Кроссенс», «Ақылдың алты қалпағы» стратегияларын қолдануды жөн көрдік. Сонымен қатар «Атомдар мен молекулалар», «Менің досым қандай» стратегияларын қолдану арқылы жағымды психологиялық ахуал орнады деп ойлаймын. Үй тапсырмасын сұрауда баса назар аударатын ұғымдар «Металдар», «Құймалар», «Шойын мен болат» болғандықтан «Интеллектуалды тир» стратегиясын қолданған тиімді болып барлық оқушылар үй тапсырмасы бойынша 1 балдан жинауға мүмкіндік алды. Оқу пирамидасынан балалардың қалай білім алатының ескеретін болсақ, білім беру арқылы алған ақпараттың 90% сақталатыны мәлім соған байланысты «Джиксо», «Қосжазба», «Ақылдың алты қалпағы» стратегиясын қолдану тақырыпты жан-жақты ашуға, бір-бірін оқытуға мүмкіндік берді. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдаланып, электронды оқулықтар көмегімен виртуалды лабораторияда тәжірибе жасауға дағдыландырамын. Мұғалім үшін де, оқушы үшін де білім алуда қандай жетістікке қол жеткізгені мен өз білімінің қандай деңгейде тұрғанын білу маңызды болғандықтан тізбектелген сабақтар топтамасына енген сабақтарымның әр кезеңінде табыс критерилері арқылы «Блум таксономиясын» қолдану арқылы суммативті және формативті бағалауды жүзеге асырдым. «Білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз»дегендей «Айсберг» арқылы кері байланыс орнатамын.

Химия пәні мұғалімі: Темергалиева Кумысжан Кыдыргалиевна.

Категория: Химия | Добавил: shakenova84 Темергалиева Кумысжан Кыдыргалиевна |
Просмотров: 882 | Загрузок: 432
Всего комментариев: 0
avatar