Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]


« Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте» тақырыбының жоспары
12.11.2015, 18:50
« Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте»

Мақсаты:Туған тілін сүюге,оны қорғап, қамқорлық жасауға тәрбие беру
тіл мәдениетін сақтай білуге,тіл тазалығы үшін күресуге,сөз өнеріне
баулу.
Тілдік талдау жасап,сұрақтарға жауап беру
Ата-баба мұрасын жалғастырушы болуға дәріптеу.
Көрнекіліктер: Тіл туралы жазылған нақыл сөздер,би-шешендердің нақыл сөздері

Сабақтың барысы: Кіріспе сөз
«Өткірдің жүзі ,кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас»-нені айтқан?
Жауабы: Тілімізді айтқан.

Олай болса тіл дегеніміз не ол?Тіл деген ұғымды кім қалай түсінеді?
Ұлттық қазынамыз

Әдебиет Намысымыз

Мәдениет Тіл Байлығымыз

Арымыз Достық көпірі

Халықтың күре тамыры Қарым-қатынас
құралы
Баға жетпес құндылық

Тіл-халықтың жаны,сәні,тұтастай кескін келбеті.Адамды
мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі.Біздің осындай
қасиетті мұрамыз,ана тіліміз-қазақ тілі.Қазақ тілі-Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік тілі.
Тілім менің ғасырлардан аманат,
Аманатқа адам болсын қолғанат.
Ар-намысқа келтірмейік жаман ат.
Қазақ болып туылдың ба,ендеше,
Өз тіліңді өзгелерге бағалат-дегендей,осы мақсатқа біз өз

өңірімізді мекендеген басқа ұлт өкілдерін де қазақ тілін
меңгерулеріне ықпал жасау.
Ал енді сыр сандықты ашайық,ішінен жібек шашайық.
Викториналық сұрақтарға жауап берейік.
1.Қазақ тілі қашан мемлекеттік мәртебеге ие болды?
/22.09.89ж/.
2.Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы қашан қабыл-
данды? /11.07.97ж/.
3.Қазақ әліпбиін құрастырған қазақ зиялысы кім?
/А.Байтұрсынов/.
4.Қазақ халқы алғаш қандай жазуды қолданған?
/Араб жазуын/
5.Нешінші жылы латын алфавитіне көшті? /1929ж/.
6.Кириллица жазуын қай жылы қолдана бастады? /1940ж/.
Мақал-мәтелдер сайысы
Кім тіл туралы көп мақал-мәтелдер айтып береді?

Өнер алды-қызыл тіл. Тіл қаруы- сөз. Басқа пәле -тілден.
Жеті жұрттың тілін біл ,жеті түрлі білім біл.
Тіл-қылыштан да өткір.
Тіл туралы кім қандай өлең біледі?
Баба тілін қадірле,
Болашақтан түңілме!
Айналайын боздақтар,
Аралас тілге үңілме!
Хат жазыссаң өзара,
Жетілдір,қазақ сөзіңді.
Жат алдында ез болмай,
Берік ұста өзіңді!..
/Қожаберген жырау/.

Ү диаграммасы бойынша салыстыру
Қазақ тілі Ұқсастығы Орыс тілі
42 әріп бар
Кім ?деген сұрақ тек адамға ғана қойылады
9 төл дыбыстары бар
7 септік жалғауы бар
Екпін соңғы дыбысқа түседі Көркем,әрі бай тіл
Асыл қазына
Сөйлеу,қарым-қатынас құралы
Ана тілі
Халық тілі 33 әріп бар
Кім? деген сұрақ адамға,жануарларға
қойылады
6 септік бар
Екпін барлық буындарға түсе береді

Қазақ тілін үйренейік
Жуан дауысты дыбыстары бар сөздер Жіңішке дауысты дыбыбыстары
бар сөздер Аралас буынды сөздер
Алма,орман,бұлбұл
Ыдыс,ұшқыш,қалашық Ілгіш,кеме,әңгіме,өркеш
дәптер Кітап,заңгер,
арбакеш,дәмхана,

Қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер жазу.
Үлгі: Гүл,қайық,ңоң,ұшақ,үлгі,ірімшік
ақ
ба
Сөз құрастыру: Қаз ық
ына

ші
Тіл ме
ек
Сөз тіркестерінің сыңарын тауып жазу

1. Жіпсіз .......... . 2.Жұмған аузын ....... . 3.Ала жіпті ...... .
4.Әңгір таяқ ...... . 5.Көпті көрген ....... ..... . 6.Жер-жебіріне ..... .
Қызықты сұрақтар
1.Жерден неше қоян табуға болады?
2.Түймедейді қалай үлкейтеді?
3.Қара қылды қалай жарады?
4.Сөз неден өтеді ?
5.Шебер мен шешеннің несі ортақ?
6.Не жетпеген жерге сөз жетеді?
7.Қызым саған айтам,бұны кім тыңдасын?
8.Қандай сөзден мән шықпайды?
9.Піл көтермегенді не көтереді?
10.Аңдамай сөйлеген қайтеді?
Сөздік жұмысы: Мәртебе-статус. Аманат-завет/завещание/
Жат алдында-при посторонних. Екпін –ударение.Ңөң-айсберг.


Қорытынды. Қазақ тілі-біздің ана сүтімен бойымызға дарыған-
ана тіліміз.Қадыр Мырза Әли ағамыз айтқандай;
Ана тілі-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте-дегендей ,өз тілімізде сауатты жазып,сөйлей
білейік,тіл тазалығын сақтап,қадірлей білейік .
Категория: Казахский язык | Добавил: meslamova Мусекенова Ботагоз Орынбаевна |
Просмотров: 648 | Загрузок: 411
Всего комментариев: 0
avatar