Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]


Қысқы киімдер.5 сынып
21.01.2015, 13:30

Ахметжанова Айсұлу Мақсұтқызы
Павлодар облысы, Павлодар қаласы М.Әуезов атындағы №42 жалпы білім беретін орта мектеп
Еңбек өтілі – 20 жыл
Сабақтың тақырыбы: Қысқы киімдер.
Сабақтың мақсаты: Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету.
Ойын ойнау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын молайту.
Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Дүкеннің макеті, түрлі киімдердің суреттері, қуыршақ, сандық.

Оқу - іс әрекетінің барысы:
І. Кіріспе бөлім.
Ұйымдастыру:
1.Амандасу
2. Сынып назарын сабаққа аудару
Балалар жылулық шеңберіне тұрып, бір - біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де
Қуанайық достарым
Ағарып атқан күнге!

ІІ. Үй жұмысын тексеру
Сөйлесім. Сұрақ-жауап әдісі арқылы үй жұмысын тексеру:
- Сын есім дегеніміз не?
- Сын есімнің сұрақтары?
- Сын есім жасайтын жұрнақтар?
Сұрақтарға жауап алу:
- Қазір жылдың қай мезгілі? Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады? Қыс мезгілінде қалай киінеміз? (Балалар толық жауап береді).
- Бұл қыс мезгілі. Қыста ауа райы суық болады. Боран соғады. Біз қыста жылы киім киеміз.

- Біздің сабаққа қонаққа қуыршақ Настя келіп отыр. Ол жай келген жоқ. Сандығы толы киімдермен келіпті.

Сендер мұқият қараңдаршы, Настя үстіне қандай киімдер киіпті?
- Қалың киім киген.
- Киімді қай мезгілге сай киген?
- Қыс мезгіліне сай киіпті.
- Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – қысқы киімдер.

ІІ. Негізгі бөлім.
а) - Балалар, Айнұр сендерге бірнеше киімдер ала келіпті. Соны таратып беремін. Ал сендер киімдерге сипаттама бересіңдер. Мысалы, малақай - құлағы бар жылы баскиім, құлақшын. (Сурет алған балалар осылайша сөйлем құрап айтады).
(Слайд)
ә) Сөздік жұмысын жүргізу.
Пима –
Тон –
Құлақшын–
Қолғап –

б) Сергіту сәті: Тоңса біздің қолымыз,
Қолғапты киіп аламыз.
Сарт - сарт – сарт,
Шапалақты соғамыз.
Тоңса біздің аяғымыз,
Етікті киіп аламыз.
Топ – топ – топ,
Топылдатып билейміз.
2. Мәтінмен жұмыс
Тыңдалым ( мәтін тыңдау)
Оқылым
Қыс желтоқсан айынан басталады. Жылдың ең қысқа күні мен ең ұзақ түні осы айда болады. Адамдар қыстыгүні жылы киімдер киеді. Бастарына тымақ, қолдарына қолғап, аяқтарына пима киеді. Ауа райы қыста суық болады. Сондықтан жылы киім киген дұрыс. Мұз айдынында балалар коньки теуіп, шаңғымен сырғанайды. Қысқы киімдерге польто, пима, құлақшын, қолғап, етік жатады.
Жазылым:
1- Фонетикалық талдау жасау
Тымақ Бөрік
2- Тәуелдеу
Етік Қолғап
(слайд)
- Бұл қай жыл мезгілі?
- Бұл қыс.
- Қыста сендер не киесіңдер?
- Қыста мен құлақшын, тон, етік, шалбар күрте киемін.
- Сеңдер қандай қысқы киім білесіңдер?
- Құлақшын, етік, тон, шалбар.
(на слайде зимняя одежда вылетает поочередно)

в) «Дүкенде» сюжетті - рөлді ойыны. Ойынның шарты: дүкен сөрелерінде қысқы киімдер: тон, пима, қолғап, күрте, тұр. Қысқы киім іздеген бала дүкенге келіп, сатушымен әдепті түрде амандасып, сөрелерден өзіне қажетті киімді таңдайды. Ол таңдаған киімін алып, сол киімге байланысты сөйлем құрау керек. Дүкеншінің осы тапсырмасын орындаған кезде ғана киімді ала алады.
- Сәлем Полина!
- Сәлем Настя!
- Сен қайдан келе жатырсың?
- Мен дүкеннен келе жатырмын.
- Сен не сатып алдың?
- Мен қолғап сатып алдым.
- Қандай қолғап көрсет.
- Жылы әдемі қолғап
- Иә, әдемі қолғап

- Сен не сатып алдың?
- Мен етік сатып алдым.
- көрсетші қандай?
- Ұзын, жылы
- қандай әдемі
- Рахмет.
- Сау бол, Полина
- Сау бол, Нстя
Ойын атауы «Қуыршақты киіндіру»
( балалар екі топқа бөленеді, оларға қуыршақ, жазғы, қысқы киімдер беріледі)
- Мен сендерге қуыршақ және киімдер беремін. Кім тез, дұрыс киіндіреді?

12. Қазір Ойын « Қарлы кесек»
Сен бір сөйлем айтшы. Сен бұл сөйлемде бір сөз қосып көрші.
Бұл тон.
Бұл қара тон.
Бұл әдемі қара тон. Бұл ұзын әдемі қара тон.
13. Балалар, мен сендерге карточкалар беремін, мұнда берілген сөздерден сөйлем құраңдар.
Киім, бұл, дүкені.
Тон, құлақшын, бар, дүкенінде, киім.
Дүкенде, киім, әдемі, көп.
Қолғап, мен, аламын, сатып.
Сен, аласың, сатып, шарф, қызыл.

– Балалар, киім түрлерін қайталайық!
- Мынау не?
- Бұл құлақшын. Қайталаңдар.
- Сендерде карточкалар бар. Сөздің басы мен соңын табыңдар. Бір түспен бояймыз.
көй құлақ шал күр
шын бар лек ғап
жей те қол де

14. - Балалар, енді сабағымызды қорытындылаймыз.
Бүгінгі сабақта біз не қайталадық?
Рефлекция:
«Сиқырлы сандық»
1.Жыл мезгілдерін ата? ( Жыл мезгілдері Қыс, жаз, күз, көктем)
2. Қыс айларын ата (Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан)
3. Қыста ауа райы қандай болады? (Қыста ауа райы суық болады)
4. Қысқы киімдерге не жатады? ( Пима, қолғап, құлақшын, тон, етік, шарф)
5. Қыста қандай мерекелер бар? (Қыста Жаңа жыл, Тәуелсіздік күні мерекесі болады)
6. Қыста қандай ойындар ойнайды? ( Қыста аққала соғамыз, шаңғы, коньки тебеміз, шанамен сырғанаймыз)
7. Қазір қандай жыл мезгілі ( Қазір қыс мезгілі)
8. Қыста қолға не киеді? (Қыста қолға қолғап киеді)
9. Мен дүкеннен тон сатып алдым.
10. Қыста қалай киінген дұрыс? (Қыста жылы киінген дұрыс)

- Сендерге сабақ ұнады ма?
- Иә, ұнады.
Үй жұмысы:
«Қыс мезгілі» тақырыбына шығарма жазу
ІІІ. Оқу іс - әрекетін қорытындылау.
А) Бағалау
-Сөз кезегін топ басшыларына береміз. Бағалау парағы бойынша сөйлеу.
Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні
Үй жұмысы Сұраққа жауап Мәтінмен Диалог қорытынды
1
2
3
4
5

б) – Бүгінгі сабақта қысқы киімдер туралы әңгімеледік. Оларды басқа киімдерден ажырата білетін болдық. Киімді әр жерге лақтырмай, кір қылмай таза ұстау өздеріңе байланысты. Киімді күтіп таза ұстап жүрейік!

Категория: Казахский язык Ахметжанова Айсулу Максутовна |
Просмотров: 1638 | Загрузок: 694
Всего комментариев: 0
avatar