Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]


қысқа мерзімді жоспар 3 сынып
15.03.2015, 12:20

Сабақтың тақырыбы: Ыстық күндер
Жалпы мақсаты: Ыстық күндер туралы айта білу
Міндеті: • Әртүрлі тапсырмалар арқылы бағыт-бағдар беру.
• Жыл мезгілдерін сипаттауды үйрету.
• Топта өз ойларын ортаға салып,пікір таластыру
Күтілетін нәтиже: 1.Ыстық күндер туралы айт
2.Жыл мезгілдер сипаттауды біледі.
3.Топта жағымды қабілеттер анықтайды
4.Қызығушылығына қарай топтасу
Керекті жабдықтар: Интерактивті тақта, плакат, қима қағаздар
Сабақ барысы:
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Психологиялық дайындық (3 мин) Тренинг:Дене мүшесімен амандасу.Ең алдымен оқушылар қолмен,маңдаймен, иықпен, тіземен,табанның ұшымен, арқаларымен амандасады. Көңіл-күйінің көтерілуі,
қызығушылықтарының пайда болуы
Топқа бөлу(5 мин) Туған «ай» бойынша жинақтау Оқушылар біраз қиналып, рет-ретімен қоя алды
Үй жұмысы (5мин) «Қыс»туралы диалог айтып беру Жұпта жұмыс жасау
Кіріспе (5 мин) 1. Бұл қай кезде болады? Жаз өлеңдерінің үзінділері.
- Балалар, сонымен мынандай өзгерістер жылдың қай мезгілінде болады?
- Жаз.
- Жаз сөзінің аудармасы?
- Жаз – лето.
- Тағы жаз сөзі қалай аударылады?
- Жаз – пиши.
- Жаз – лето, жаз – пиши сөздермен сөйлем құрастырайық.
- Мысалы: Жаз келді. Сен тақтаға жаз.
- Жақсы: Енді жаз сөзіне қарама – қарсы мағыналы сөзді кім айтады?
- Қыс.
- Жаз бен қыстың ұқсастығы неде?
- Жыл мезгілдері.
- Бүгін сабақ не жайында болады?
Оқушылар назар аударады.

Тұсау кесер
( 5мин) Жаз туралы слаид көрсетіледі
Негізгі бөлім
(10 мин) Жаңа сөздер:
Жыл мезгілі
Демалады
Шомылады
Күнге күйеді
Маусым
Шілде
Тамыз

Тыңдалым.
Берілген тақырыптағы мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіну.
Жаз – өте ыстық жыл мезгілі. Жаз айлары – маусым, шілде, тамыз. Жазда балалар демелады. Олар ауылға, үлкен қалаларға, лагерьге барады. Жазда балалар суға шомылады, күнге күйеді. Балалар жазды өте жақсы көреді.

ҮІ.Оқылым.
1-тапсырма бойынша оқылым әрекетін іске асыру.Сауатты оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын тексеру.

ҮІІІ.Айтылым
Айтылым әрекетін іске асыру үшін сұрақтарға жауап беру.
Жаздың бірінші айы?
Жаздың бірінші айы маусым.
Маусым туралы өлеңді оқу.
Маусым.
Құс көбейді көлдегі,
Маусым келді – жаз мейрам.
Асыр салып төлдері,
Жан – жануар мәз – мейрам.

Жазда не жауады? білу үшін жұмбақты шешіңдер.
Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Биіктен қайта түскенде,
Өңі кірер даланың. .........

Жазда балалар демалады. Диалог құрастырыңдар.
- Жазда балалар қайда шығады?
- Жазда балалар каникулға шығады.
- Олар қайда шомылады?
- Олар өзенде, көлде шомылады.
- Балалар ата – аналарымен қайда барады?
- Балалар ата – аналарымен саяхатқа барады.

Дұрыс, бұрыс ойынын ұйымдастыру.
Жаз айлары – маусым, шілде, тамыз. ( дұрыс)
Жазда қар жауады. ( бұрыс)
Адамдар жылы киімдерін киеді. ( бұрыс)
Жазда балалар коньки, шаңғы теппейді. ( бұрыс)
Жаз жылдың ең ыстық мезгілі. ( дұрыс)

Сергіту сәті
Біздер тату тұрамыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз

Мәтін бойынша «Шеңбер бойымен әңгімелеу» ойын ұйымдастыру.
Ойын шарты: Оқушылар мәтінді тағы бір рет мұқият оқып шығады. Шеңбер бойымен отырады. Кез келген оқушы бастайды. Бұдан әрі сағат тілінің бағытымен әрқайсысы мәтіннің бір сөйлемін айта береді.Соңына дейін солай жүреді.
Жазылым.
Сөйлемдерді толықтырып жаз.
Жылдың төрт мезгілі бар: ------------------------------
Бір жылда он екі ай бар: --------------------------------
----------------------------------------- жаз айлары.
Ең ыстық жыл мезгілі - ------------------------------
---------------------------- жемістер, көкөністер піседі.
Оқушылар жаңа сөздермен танысып
а) дұрыс айтуға дағдыландыру:
-мәнерлеп оқу;
-оқушылар мұғалімнен кейін барлығы дауыстап қайталайды:
- оқушылар тізбекпен оқиды;
б) сөз тіркестерін құрастыру;
в) сөйлемдер құрастыру.

Жеке жұмыс
Мәтінді оқу

Жеке жұмыс

Сұраққа жауап береді

.

Оқушылар жұмбақты шешеді

Жұппен жұмыс

Жеке жұмыс

Топпен жұмыс
Үй тапсырмасы
(5мин) сөздерді жаттап келу, диалог құрастырып келу.

Қорытынды Сұрақтарға жауап бер.
Жаз айлары қандай?
Жазда не жауады?
Адамдар қалай киінеді?
Қыста балалар қайда барады?
Жаз қандай мезгіл?
Оқушылардың жауаптары

Бағалау (3мин) Критериялар бойынша бағалау Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша өз бағаларын қойып, бір-біріне дәлелдеді. Әрине келіспеушілік болды.
Кері байланыс(2мин) Не білдім? Не білемін? Не білгім келеді? Оқушылар берілген стикерлерге кері байланыстарын жазып, тақтаға жапсырды билеп тұрған қыздың суретіне жабыстырады

Категория: Казахский язык Жусуппекова Дина Ескеновна |
Просмотров: 1495 | Загрузок: 886
Всего комментариев: 0
avatar