Учитель 21 Века

Главная » Файлы » Предметы » Казахский язык [ Добавить материал ]


қысқа мерзімді жоспар. Айша бибі мазарының тарихы.
06.03.2015, 09:36

Сынып: 10
Сабақтың тақырыбы: Айша бибі мазарының тарихы.
Сабақтың мақсаты: Қазақ жеріндегі айша бибі мазары туралы айту, күрделі сөздердің жасалуын қайталау, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
Сабақтың міндеттері:
1. Тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын дамыту. Грамматикалық құрылымдарды дұрыс қолдана отырып, әңгімелей білуге үйрету.
2. Мәтін арқылы өз ойын жеткізе білуге үйрету. Оқушылардың сауаттылығын арттыру
3. Топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Тарихты құрметтеуге баулу.
Күтілетін нәтиже: А- сөздерді аудара алады;
В- Оқушы сөйлемдерді толықтай алады, талдау жасай алады, күрделі сөздердің жазылуын біледі;
С- тақырыпты қорытындылай алып, мазмұндай алады.

Кезең уақыт Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Ресурстар
Ұйымдастырушылық кезең 3 минут Амандасу.
Оқушыларды түгендеу.
Үй тапсырмасын тексеру: Қос сөздермен жасалған сөйлемдерін тыңдау. Балалар мұғаліммен амандасады.
Үй тапсырмасын айтады.

1 минут Оқушыларға кесінділер (қиықтар) таратылады.
Мазар
Тараз қаласы Оқушылар суреттерді алып, екі топ болып отырады. Қиықтарға салынған суреттер
Қызығушылықты ояту. 1 минут Бүгінгі сабақ не туралы болмақ?
Тараз қаласында орналасқан айша бибі мазары туралы айтамыз. Ол туралы не білгілерің келеді? Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын айтады. Тақырып бойынша не білгілері келетіндерін топпен бірлесіп жазады да, тақтаға іліп қояды.


Жаңа материалды түсіндіру. Мәтінмен жұмыс 8 минут Балалар, сіздерге екі мәтін ұсынылып отыр, аудармасын тауып, топ арасында алмасу керек.
Оқушылар мәтінді аударуға кіріседі. Одан соң ЖИГСО әдісі арқылы топтарға барып, түсіндіреді. сөздік
Талдау. 6 минут 89-бет 1- тапсырманы, екі сөйлемнен алып, морфологиялық талдау жасау. Оның жасалу жолдарын, сөз таптарын анықтау керек.
ІІІ деңгейдегі 2 тапсырма морфологиялық талдау. Тақтада орындау.
91-бет 4- тапсырма орындау, әр топ төрт кісі аттарының мағынасын түсіндіреді. Морфологиялық талдау жасайды. Сөздік, мәтін.
Жинақтау. 10 минут Әрбір топ семантикалық карта толтырады. Көлденең тұрған сөздерге мағынасына қарай келетін сөзді «+» белгі арқылы көрсетіңдер.
Күрделі сөздерді толықтырып жазыңыз осы сөзден қос, біріккен, тіркесті сөздер құрап көріңіз:
Бірінші топ – бет (беташар, бет-аузы, бет жыртысты)
Бірінші топ – аяқ (ыдыс-аяқ, итаяқ, аяқкиім, аяғы ауыр)
Алты қалпақ әдісі. Сабақтың тақырыбы бойынша. Әр топ өзіне семантикалық картаны толытырып, күрделі сөздерге айналдырып жазуға кіріседі. Ол үшін сөздікті қолданады орфографиялық, аударма) Семантикалық карта, сөздік

Алты қалпақ

Қорытындылау кезеңі. 7 минут Сауаттылықты тексеру: Сөздердің дұрыс жазылуын тексеру, қате жазылған сөздің астын сызу:
Мазарі, сыртқы, ұзақ, жақың, Әулие ата қаласы, есінан, ертеде, жендетт, неке, қазыргі, ғашық, шапады, тұрғызұ, есімі, батыр. Оқушылар топ арасында тексереді. Өздері бағалайды.
Үй тапсырмасын беру кезеңі 1 минут ІІ деңгей, 91- бет, 3-тапсырма. Оқушылар үй тапсырмасын күнделікке жазады.

Бағалау 2 минут Сабаққа қатысты ұсыныстарын мен пікірлерінді жазыңыздар.

Бағалауға кірісейік. Оқушылар стикерлерге жазады да, сәттілік ағашына іледі.

Топтар бағаларын айтып, қорытындылайды.
2-топтың мәтіні.
Айша бибі мазары Тараз қаласынан он сегіз шақырым жерде. Аумағының ені мен көлденеңі жеті метрден сәл астам. Сыртқы беті тұтас оюланған.
Қабырғаларының қалыңдығы – 80 см. Бқл ескерткіште қазақ халқының атадан балаға мұра болып келе жатқан ою-өрнектерінің бәрі ұшырасады. Осы мазардың бір ерекшелігі – қабырғасының кішкі беті кірпішпен, сыртқы беті күйдірілген құйма тастармен өрілген. Мазар сырты ерекше қапталған, оны тек Бұхарадағы Исмаил Самани мазарымен ғана салыстыруға болады. Айша бибі кесенесі Орталық Азиядағы плита түрінде қапталған оюға толы толығымен кесілген терракотамен безендірілген. Кесене безендіруінде бай және әр түрлі геометриялық фигураларымен қапталған.
Семантикалық карта
сөздер Әулиеата тұрғызу қыз батыр салады қашады
Қос ғашық
Айша бибі
Қарахан
Улы жылан
Мазар
Тараз
Жауабы: қос ғашық қашады, Айша бибі қыз, Қарахан батыр, улы жылан салады, мазар тұрғызу, Тараз Әулиеата.

Категория: Казахский язык Искакова Роза Рахметоллиевна |
Просмотров: 911 | Загрузок: 478
Всего комментариев: 0
avatar